Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулар

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Биттер - басқа адамдармен тығыз қатынас арқылы жұғатын кішкентай жәндіктер (Pediculushumanuscorporis).

Биттердің екі түрі бар: бастағы және қасағадағы биттер.

19

Бұл дене битінің үлкейтілген бейнесі. Биттер қышуды және тырнақтың ізіне ұқсайтын тері бөріткенін туындатады. Биттер қызбаны, бөртпе сүзегін және траншеялық қызбаны туындататаын микроорганизмдердің тасымалдаушысы болуы мүмкін.


Себептері

Биттер киімнің тігісінде және қатпарында тіршілік етеді. Олар адамның қанымен қоректенеді және жұмыртқаларын, тіршілігінің қалдықтарын теріде және киімде қалдырады.

  • Олар киімде 1 айға дейін тіршілік етеді.
  • Биттер адамнан түскенде бөлме температурасында 5-7 күнде тіршілігін жояды.



Биті бар адаммен тікелей қатынаста биттер жұғады, сондай-ақ, жұқпаланған киімнен, сүлгіден немесе төсек жабдығынан жұғады.

Дене биттері басқаларына қарағанда ірі келеді.

Киімді немесе денені жиі жумағанда, немесе тығыз (адамдар көп орналасқан) жағдайда биттерді жұқтырудың ықтималдығы жоғары.

Биттер пайда болмайды, егер:

  • Ұдайы жуынатын болса
  • Киімді және төсек жабдығын, кемінде, аптасына бір рет жуатын болса.



Киімді ыстық кептіргіш қондырғыда өңдеу киімдегі биттерді жоюға көмектеседі.


Симптомдары

Биттер күшті қышуды туындатады. Қышу әдетте, белдің, қолтық астының аумағында, киімнің денеге жабысқан тұсында (мысалы, іш киімінің бауының астында) көбірек болады.

Теріде қызыл түйіншектер пайда болуы мүмкін. Түйіншектер қабыршақтанып, немесе қасығаннан кейін қатты болуы мүмкін.

Белдің немесе шаптың аумағындағы тері қалыңдап немесе түсі өзгеруі мүмкін, егер ұзақ уақыт бойы осы аумақтар битпен зақымданған болса.


Диагностика

Дәрігер тері мен киімді биттердің болу белгісіне тексереді.

  • Ересек биттер – күнжіт тұқымындай өлшемді, алты аяғы болады және ақшыл-сұр түсті.
  • Сіркелер – биттердің жұмыртқалары. Олар биті бар адамдардың киімінде, әдетте, белінде және қолтығында байқалады.


Денесінде биті бар адамның басын, денесінің ашық тұстарын биттер болуына тексеру қажет.


Емдеу

Биттер, негізінен, киімде тіршілік етеді. Биттерден құтылу үшін жұқпаланған киімді жою немесе ыстық суда (кемінде, 55°С) жуу қажет, одан кейін кір жуатын машинада ыстық айналыммен жуу қажет.

Сондай-ақ, дәрігер құрамында Перметрин, Малатион (Карбофос) немесе Бензил Алкоголь бар кремді теріге жағу үшін немесе жууда қолдану үшін тағайындайды.

Киімді, төсек жабдығын, сүлгілерді жуу – биттерді емдеудегі ең маңызды қадам.

Аталған шараларды орындау мәселені шешеді.


Аурудың болжамы

Тиімді емдеу (өңдеу) арқылы биттер толығымен жойылады.


Мүмкін асқынулары

Терідегі тырнақ іздері жұқпалану қаупін арттырады. Сирек жағдайда биттер траншеялық қызба секілді кейбір сирек аурулардың тасымалдағышы болады. Биттер биті бар адамның қасындағыларға жеңіл берілетін болғандықтан, оларды да биттердің болуына мұқият қарау қажет.


Дәрігерге қашан көріну қажет

Киімде бит табылса немесе ұзақ уақыт бойы қышу өтпесе, медициналық қызметкерді шақыру қажет.


Синонимдары

Дене биттері; Педикулез; кезбелер ауруы.