Мазмұны
Ішек инфекциялары қалай емделеді?
Жағдайды жақсарту үшін не істеуге болады?
Ішек инфекциялары қалай емделеді?
Іштің өтуін туындататын вирустық жұқпалардың көпшілігі әдетте, емдеусіз де жойылады. Үйде болып, сусыздануды болдырмас үшін сұйықтықты көбірек ішу қажет. Балада организмнің сусыздануы дамыса, ауруханаға жатқызып,іш өтуінен, құсу мен қызбада жоғалтқан сұйықтықты толықтыру үшін оны тамыр арқылы енгізу қажет болуы мүмкін.
Дәрігерге көрінгенде, баланың нәжісіне талдау жасау қажет, бұл инфекцияның түрін анықтау үшін қажет. Дәрілік препараттарды қабылдау қажеттілігі аурудың себебіне байланысты. Егер балада паразиттік инфекция болса, дәрігер паразиттерге қарсы препараттарды тағайындайды. Вирустардан және бактериялардың көптеген түрлерінен болған ішек инфекциялары емдеуге мұқтаж емес. Бірақ, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға инфекцияны организмге таратпас үшін антибиотик тағайындалуы мүмкін.
Бала суды мол ішсе, өзін жақсы сезінеді. Диарея кезінде сұйықтықты жоғалтумен қатар электролиттер (натрий және калий) де жоғалтылады. Организм оларсыз қалыпты қызмет ете алмайды, сондықтан, олардың орнын толықтыру қажет. Құрамында натрий бар сорпа немесе көже, калий бар 100% жеміс шырынын (қантсыз) дайындаңыз.
Бала тамақ ішуге дайын болғанда, құрамында калий бар жұмсақ жеміс немесе көкөністі тұтынуына болады. Майлы тағамды, сүт өнімдерін, талшығы мол өнімді немесе тәтті тағамды диарея басылғанға дейін қабылдаудан алшақ болуы қажет. Спорттық немесе алкогольсіз сусындарды ішпегені жөн, оларда электролиттер болғанымен, қанты көп болғандықтан, диареяны ушықтырады.
Диарея, әдетте, тез басылады. Сұйықтықты жеткілікті ішіп, және дәрігердің ұсыныстарын орындағанда, осылайша, қысқа мерзімде бала өзін жақсы сезіне алады.