Жүктелуде...
 

Коронавирустық эпидемия жағдайында қалай оқшаулануымыз керек?

No title specified

translator Сейсенбі шілде 14, 2020


Shutterstock 1679759851

Бүгінде көптеген адамдарда коронавирус анықталуда. Біразында коронавирустық инфекция ешқандай симптомсыз немесе болмашы көріністермен өтуде. Сонымен бірге ауру көбінесе сиптомсыз басталғанмен, бірнеше күннен соң симптомдар байқалып жатады. Мұны инфекцияның беймәлім немесе жасырын кезеңі деп атайды.

Кез-келген жағдайда, симптомдар болсын-болмасын коронавирустар вирус жұқтырғандардың ағзасында болады, олар негізінен мұрын қуысы мен тамақ жұтқыншағында көп шоғырланады. Науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде немесе тыныс алғанда, олар ауа арқылы таралуы мүмкін. Жұқтыру қаупі әсіресе бөлме жеткілікті түрде желдетілмегенде және онда бірнеше адам шоғырланған кезде айтарлықтай зор болады. Сондықтан да коронавирус жұқтырған адамның өзін басқа адамдардан оқшаулануы аса маңызды. Бұл сонымен қатар аурудың симптомдары білінбеген науқастарға да қатысты.

Оқшаулану жағдайында қандай талаптарды сақтау керек?

Ең дұрысы, жақын маңда өзге адамдар жоқ жерге қоныстанып, оқшаулану. Егер бұл мүмкін болмаса, жеке бөлмеде оқшаулануға болады. Сондай-ақ, бұл жерде бөлек дәретханының болғаны абзалырақ. Мұндай оқшауланудың ұзақтығы әдетте 14 күнді құрайды.

Мүмкіндігінше бөлек ыдыстарды, жабдықтарды, ас құралдарын, сонымен қатар жеке сүлгілер мен төсек жабдықтарын қолданған жөн. Қолдарды жиі сабындап жуып, гигиенаның жалпы ережелерін қатаң сақтау керек.

Оқшаулану бөлмесін күнделікті тазалап, мезгіл-мезгіл желдетіп отыру керек. Тұрмыстық құралдардың бетін сүртіп немесе дезинфекциялық сұйықтықтармен тазалаған дұрыс. Телефондарды, теледидар пультін, есік тұтқаларын, дәретхананы, компьютер пернетақтасы мен үстел беттерін тазартып тұруға ерекше мән беру қажет.

Коронавирусты жұқтырған науқас басқа адамдармен, мысалы отбасы мүшелерімен сөйлесу қажеттілігі туындаса, олардың 2 метр қашықтықты сақтаулары өте маңызды. Сонымен қатар, науқастың аузы мен мұрнын маска жауып тұруы керек. Оның үстіне, бұл вирусты жұқтырған адам үшін де, онымен байланысатын адамдар үшін өте маңызды. Әрине, егер науқас бөлмеде жалғыз болса, онда маска тағудың қажеті жоқ.

Науқасқа күтім жасайтын адамдарға мүмкіндігінше насқаупен аз сөйлесуге кеңес беріледі. Науқасқа кірер кезде бір рет қолданылатын қолғап пен масканы тағып, шығарда оны қоқысқа лақтырып тастауы керек, яғни әр келген сайын.

Ауыр симптомдарды өткізіп алмау үшін не істеу керек?

Симптомдардың қалай дамитының қадағалап отыру қажет, атап айтқанда анықталған симптомдардың нашарлауы байқала ма немесе жаңа симптомдары пайда болды ма дегендей. Міндетті түрде дене қызуын мезгіл-мезгіл өлшеп отыру қажет. Ол әдетте 37 градустан аспауы керек. Мен ол үшін кәдімгі сынапты градусникті қолдануды ұсынамын.

Коронавирус инфекциясы көбінесе өкпеге әсер етеді, сондықтан тыныс алуды жиілілігін қадағалау керек. Мұны былай істеуге болады, орындыққа немесе төсекке жайғасып, бойды еркін ұстап, тыныштықта тыныс алу қозғалыстарының санын санау керек – демді ішке алу кезінде кеуде мен іш сәл көтерілгенде. Әдетте тыныс алу жиілігі минутына 12-ден 20-ретке дейін. Егер минутына 25-тен артық болса, онда алаңдауға негіз бар.

Симптомдар күшейген кезде өте абай болу керек. Әсіресе, ентігудің күшеюі, дене қызуының жоғарлауы, өзін тым нашар сезіну және басқа да белгілер байқалатын болса. Мұндай жағдайларда тұрғылықты жері бойынша емханаға медициналық көмекке жүгіну керек немесе call-орталыққа 1406-ға қоңырау шалу қажет.

Абай болыңыз, өзіңізге күтім жасаңыз. Егер сіз өзіңізді ауырдым деп есептесеңіз, онда тез айығып кетуіңізге тілектеспін.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау