Жүктелуде...
 

Кальций сүйектер мен тістердің мықтылығы үшін ғана маңызды емес

Кальций сүйектер мен тістердің мықтылығы үшін ғана маңызды емес

translator жексенбі мамыр 10, 2020


05 05 2020

Сүйектер мен тістердің құрылымдық негізі кальций екендігі көпшілігімізге мәлім. Сонымен қатар, кальций қанның ұюына, жүрек жиырылу ырғағын реттеуге және тамыр тонусына қатысады,нерв импульстарын өткізеді, стресске қарсы тұруға көмектеседі, жасуша мембраналарының өткізгіштігін реттеуге және негізгі гормондар мен ферменттердің бөлінуіне қатысады.

Кальцийдің тапшылығы:

• қандағы бар минералды құрамды азайтады және минералдануды кемітеді;
• қаңқа мен тістердің беріктілігі мен қаттылығына кері әсер етеді;
• сүйектердің сыну қаупін арттырады;
• қанқа бұлшықеттерінің жиырылу мен босаңсу процестерінің бұзылуына, қанның ұюына әкеп соғады.

Кальций тапшылығының алдын алу үшін:

• минералдарға бай сүт өнімдерін тұтынуды көбейту керек;
• Д дәрумені мен кальций дәрі-дәрмектері немесе құрамында осы қоректік заттары бар тағамдық қоспаларды пайдалану қажет;
• теріде Д дәрумені синтезін қамтамасыз ету үшін көбінесе денені ашық ұстап, таза ауада жиі серуендеу керек.

Дегенмен кальций көптеген әртүрлі тағамдарда болады (қатты ірімшік, кунжут, майдағы сардиндер, жаңғақтар, сүзбе, айран, қымыз, қаймақ, сұлы жармасы, жұмыртқа, қырыққабаттың барлық түрлері, сәбіз, жаңа ауланған балық, бұршақ тұқымдастар, тұтасдәнді бидай және қарабидай ұнынан жасалған нан) кальцийдің аз сіңу проблемасы бар (30% аспайды). Бұл организмдегі кальций тапшылығының таралуына себеп болып табылады. Организм кальцийді жақсы игеру үшін «қолайлы ортаға» ену қажет – бұл фосфор, магний, Д, А және К дәрумендері. Сонымен қатар, тамақ құрамындағы кальций, фосфор және магнийдің арасалмағы маңызды (1,5:1,0:0,5). Осыған ұқсас арасалмақ сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерге де тән. Кальцийдің сүйектің тініне енуі үшін, басқаша айтқанда сүйектерді сапалы минералдауы үшін Д,А және К дәрумендерін керек етеді. Олар тамақтармен бірге қосылып, кальцийдің сүйектерге даруына және қатаюына көмектеседі. Көптеген өнімдер кальциймен байытылған, алайда оларда сіңірілетін кальцийдің пайызы туралы мәліметтер жоқ.

Қант мөлшері жоғары тағамдар ( газдалған тәтті сусындар, кондитерлік өнімдер және т.б.) қандағы глюкозаның деңгейін едәуір жоғарлататыны белгілі, бұл сүйектегі кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Кейде, қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін оның күрт жоғарылауы кезінде ағза инсулинмен қатар кальций қолданады. Осылайша, егер адам қандағы глюкоза деңгейін күрт жоғарлататын көптеген тәттілерді тұтынса, онда ағзаға мол мөлшерде кальций жұмсауға тура келеді. Ал оның ішкі жасушааралық қоры таусылғанда, ағза сүйектерден кальций алуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, кейбір газдалған сусындарда фосфор қышқылы бар, ол кальцийдің шайылуына әкеп соғады. Сондықтан, тәтті сусындарды пайдаланбаған жөн, тіптен пайдаланбаса одан да жақсы болар еді.

Кесте - Өнімнің стандартты көлеміне мг кальций мөлшерімен, сонымен қатар берілген стандартты көлемдегі калория мөлшерін көрсете отырып, тамақтағы кальцийдің көздерінің көрсеткіштері (Қазақстандық стандартқа сәйкес, барлық өнімдер ересектерге ≥ 20% тәуліктік кальций қабылдау ұсынылады.)

Өнім, Стандартты деңгейіКальций (мг)Калориясы
Кәдімгі йогурт, майсыз (13 г протеин), 230 граммға контейнер452127
Романо ірімшігі, 43 грамм452165
Пастерленген швейцариялық балқытылған ірімшік, 57 грамм438190
Кәдімгі йогурт, май мөлшері аз (12 г протеин), 230 граммға контейнер415143
Жемісті йогурт, май мөлшері аз (10 г протеин), 230 грамм контейнер345232
Швейцарлық ірімшік, 43 грамм336162
Рикотта ірімшігі, жартылай кілегейлі, 115 грамм335170
Пастерленген балқытылған ірімшік, 57 грамм323188
Проволон ірімшігі, 43 грамм321150
Моцарелла ірімшігі, жартылай кілегейлі, 43 грамм311129
Чеддар ірімшігі, 43 грамм307171
Майсыздандырылған сүт, 250 мл30683
Мюнстер ірімшігі, 43 грамм305156
Майлылығы төмен сүт 1%, 250 мл290102
Майлылығы төмен шоколадты сүт (1%), 250 мл288158
Майлылығы төмен сүт 2%, 250 мл285122
Майлылығы төмен шоколадты сүт (2%), 250 мл285180
Майлылығы төмен іркіт, 230 грамм28498
Шоколадты сүт, 250 мл280208
Қаймағы алынбаған сүт, 250 мл276146
Қаймағы алынбаған сүттен кәдімгі йогурт (8 г протеин), контейнері 230 грамм275138
Рикотта ірімшігі, қаймағы алынбаған сүттен, 115 грамм255214
Көгілдір ірімшік, 43 грамм225150
Моцарелла ірімшігі, қаймағы алынбаған сүттен, 43 грамм215128
Фета ірімшігі, 43 грамм210113


Кесте – Өнімнің стандартты көлемін мг кальций мөлшерімен, сонымен қатар берілген стандартты көлемдегі калория мөлшерін көрсете отырып, кальцийдің сүтсіз тағамдық көздерінің көрсеткіштері. Биологиялық қолжетімділігі әртүрі болуы мүмкін.


Өнім, Стандартты деңгейіКальций (мг)Калориясы
Байытылған, жеуге дайын таңғы ас (түрлі), 30 грамм236-104388-106
Кальцийге бай соя сусындары, 250 мл36898
Атлантикалық сардиндер, майдағы, құрғақтау, 90 грамм325177
Тофу (соя сүзбесі), қатты формадағы, 115 грамм25388
Қызғылт арқан балық, консервленген, сүйегімен, 90 грамм181118
Жапырақты қырыққабат, мұздатылғаннан дайындалған,115 грамм17831
Қара патока, роммен, 1 қасық17247
Шпинат, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм14630
Соя бұршағы, жасыл, дайындалған, 115 грамм130127
Жасыл турнепс, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм12424
Атлантикалық мұхит алабұғасы,дайындалған, 90 грамм116103
Сұлы жармасы, қарапайым және басқа да дәмді, тез дайындалатын, байытылған, 1 пакет99-11097-157
Қытайдың вигнасы, дайындалған, 115 грамм10680
Ақ үрмебұршақ (фосоль), консервленген, 115 грамм96153
Бақша қырыққабаты, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм9020
Бамия, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм8826
Соя бұршағы, жетілген, дайындалған, 115 грамм88149
Көк теңіз шаян, консервленген, 90 грамм8684
Піспеген қызылша, жұлған бойда дайындалған, 115 грамм8219
Пак-Чои, Қытай қырыққабаты, жаңадан дайындалған, 115 грамм7910
Консервленген ұлулар, 90 грамм78126
Жасыл бақ-бақ, жұлынған бойы дайындалған, 115 грамм7417
Құбылмалы бақтақ (форель), дайындалған, 90 грамм73144



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау