Жүктелуде...
 

Адам денсаулығына табиғат қалай әсер етеді

Адам денсаулығына табиғат қалай әсер етеді

translator дүйсенбі қаңтар 21, 2019


адам денсаулыгына табигат асери

Көптеген зерттеулер табиғат пен денсаулық арасындағы қарым-қатынасқа негізделген кейбір механизмдерін түсіндіре өте, табиғаттың әсері мен денсаулықтың жақсаруы арасындағы байланысты анықтады.

PLOS One ғылыми журналында жарияланған зерттеуде 609 ересек адам текcерілген. Зерттеушілер импульсті шешім қабылдау арқылы табиғаттың адам денсаулығына әсерінің жанама әсерін де анықтады.

Саябақтарға немесе қорықтарда жиі болатын адамдардың, көгалдандырылған орталарда өмір сүретін не болмаса таза ауада көп уақытын өткізетін жандардың, әдетте, импульсивтілік деңгейі төмен болады, соған орай олардың денсауылығы да тәуір болып келеді.

Кейін аталмыш эксперимент 66 студенттен сауалнама алумен жалғасты. Студенттер көшеден кездейсоқ жерден таңдалды, оларға табиғат немесе ғимараттың, сондай-ақ, қалалар мен жолдардың суреттеріңнің біреуін таңдау ұсынылды, олардың тапсырмаларды орындауда тосылған сайын сыйақылар кейінге қалдырылып отырды.

Кейінге қалдырылған сыйақылар – яғни студент тапсырманы орындауда тосылса өте аз сыйақы алады, ал белгіленген мерзімде орындаса орташасы беріледі, ал өте жылдам орындап жатса қомақты сыйақы табысталатын болған. Бұл жағдайда қатысушылардан қазіргі уақытта күніне жиі таза ауада болған жөн бе, әлде күннің көп бөлігінде таза ауада кейінірек болған дерыс па деп сұралды.

Пост-эксперименталдық зерттеу көрсеткендей, табиғи ландшафтарды қараған қатысушылардың айналасындағы кеңістіктің айтарлықтай кеңейгендей болды. Сонымен қатар, кеңістіктің кеңейтілгенін қабылдауы импульсивтіліктің азайғанымен байланысты болды, яғни олар шешім қабылдауға асықпады - олар саналы түрде және балансты түрде әрекет етті.

«Бұл нәтижелер, табиғаттың адам денсаулығына тигізетін әсерін түсінуімізге ерекше әсер етті. Табиғатта ұзақ уақыт жүру импульстік қабылданған шешімді төмендедетеді, сонымен қатар күйзеліс те азаяды, ес шығу мен көңілсіз жайттар да жойылуы мүмкін..


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.


Тегтер:
Депрессия
Күйзеліс

Тілді таңдау