Жүктелуде...
 

Тұмаудан қалай қорғануға болады

Тұмаудың қай-қайсымыздың болмасын айналып өтпейтіні рас. Әдетте суық тие қалса, бір аптаның ішінде ешқандай да арнайы ем қолданбаса да өздігінен кетеді. Бірақ, көбіміз оны болдырмағанын қалаймыз.

Тұмаудан қалай қорғануға болады

translator дүйсенбі наурыз 18, 2019



WhatsApp Image 2019 03 18 At 12.16.07

Тұмаудың қай-қайсымыздың болмасын айналып өтпейтіні рас. Әдетте суық тие қалса, бір аптаның ішінде ешқандай да арнайы ем қолданбаса да өздігінен кетеді. Бірақ, көбіміз оны болдырмағанын қалаймыз.

Негізі тұмау – вирустардан пайда болады. Ғылымда 200-ден астам осындай қоздырғыштар белгілі болды. Жазғы және қысқы тұмаудың себептері мүлде бір-біріне ұқсамайтын вирустар болып табылады. Қыркүйектен мамырға дейін жүретін риновирустар, жазда көбінесе энтеровирустар кездеседі, олардан дене қызуы көтеріледі, жайсыздық туындайды, тамақ ауырады, бұлшықеттің талуы сияқты қалыпты суық белгілермен қатар асқазан-ішек аурулары, жүрек айнуы және құсу секілді сипмтомдар көрініс беруі мүмкін. Энтеровирустардың белгілері, әдеттегідей, бірнеше күн ішінде жоғалып кетеді.

Тұмау инфекциясы бактериалды болмағандықтан, антибиотиктер көмектесе бермейді. Дәріханалардан тұмауға қарсы әр түрлі дәрілерді сатып алуға болады, бірақ олар үнемі пайдасын тигізіп жатпайды.

Дәрігерлер суық тиюдің алдын алуға немесе денсаулықты қалпына келтіруге жәрдем береді. Төменде, кейбір жағдайларда сізге көмегін тигізетін дәрілер мен әдістердің тізімін түздік:

Дәрумендер. Нобель сыйлығының лауреаты Лайнус Полинг «С» витаминінің үлкен мөлшерін (1000-2000 мг) суықтың алдын алуға болатынын айтты. Полинг көптеген жаңалықтарды жасаған нағыз ғұлама, ол өз еңбектерінің нәтижесінде Нобель сыйлығымен марапатталды. Бірақ ғұламалар де қателеседі екен – кейінгі зерттеулер оның ұйғарымдарымен сәйкес келмей қалды.

D және E витаминдері респираторлық инфекциялардың алдын алуға көмектесетіні дәлелденді, бірақ бұл витаминдер тұмауға қарсы тиімді құрал ретінде ұсынуға жеткіліксіз.

Эхинацея. Бұл пайдаланып жатқан өсімдіктер зерттеулер де көптеген оптимизмге жол ашпады. Эхинацея ересектерге тиген тұмаудың еміне тиімді әсер етуі мүмкін екенін көрсететін бірнеше ғылыми басылымдар ғана бар.
Фитотерапя, көк балдыркөк, сарымсақ және зәйтүн жапырақтары сияқты өсімдіктерге негізделген шөптік препараттар суықтың алдын алу және емдеуге арналған құрал ретінде жиі ұсынылады. Дегенмен, осы өсімдіктердің кез-келгенінің шынымен де аурумен тиімді күресетіне ешқандай да ғылыми дәлел жоқ.

Мырыш. Бұл әдіс бойынша зерттеудің нәтижесі түрлі болып жатыр. Соңғы ғылыми басылымдардағы талдауларда көрсеткендей, алғашқы симптомдар пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде мырыш қабылдаған адамдар мен плацебо алған адамдар тобын салыстырғанда аурулардың ұзақтығын және симптомдардың ауырлығын қысқартты. Дегенмен, мырыш дозасы дәл сол суық тиюді емдеу үшін неғұрлым оңтайлы екендігі туралы ұйғарым жоқ.

Физикалық белсенділік. Бұл спортпен айналысуды бастауға тағы бір себеп. Тұрақты жаттығу ағзаңыздың тұмаумен күресуіне көмектеседі. Тұрақты физикалық белсенділік адамның иммундық жүйесін нығайтады. Бірақ сіз мына шараларды білуіңіз керек. Ауыр жаттығу немесе тым жеңіл жаттығулар иммунитетті әлсіретуі мүмкін.

Ұйқы. Жақсы түнгі ұйқы иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі және суықтың алдын-алу үшін тамаша құрал болып табылады. Бір зерттеуде жеті сағаттан аз ұйықтайтын адамдарға 8 сағат немесе одан көп ұйықтайтындарға қарағанда үш есе жоғары суық тиу қаупі бар екені анықталған.

Гигиена. Жылдың кез келген уақытында суықтың алдын алудың ең жақсы тәсілі – негізгі гигиеналық ережелерді сақтау, әсіресе, тамақ ішу алдында және дәретхананы қолданғаннан кейін, басқа біреудің ыдыс-аяқтарын және сүлгілерін пайдаланбау және бөлмені үнемі желдетіп, ылғалдандыру.

Медициналық зерттеулер жүргізу кезінде белгілі бір затқа «орташа статистикалық» адам үшін тиімділігі тексеріледі. Алайда, әр адамның денесі бірегей және жеке физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерге ие. «Орташа статистикалық» адам үшін жұмыс жасамайтын емдеу, көптеген адамдар үшін тиімді болуы мүмкін. Әр түрлі адамдарда әртүрлі гендер бар, олар бір немесе бірнеше дәріге немесе табиғи препаратқа сезімталдықтың әртүрлі түрлерімен ерекшеленеді. Егер сіз жоғарыда айтылған тұмауды емдеу және алдын алудың кез келген әдістерінің көмектесетініне сенімді болсаңыз және сонымен бірге өзіңіздің денсаулығыңызға зиян келтірмейтін болсаңыз, онда оны пайдалануға болады. Бұдан басқа, сізге тиген тұмау тым ұзаққа созылса, дәрігерге қаралуға кеңес береміз.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау