Жүктелуде...
 

Бүгінде ғалымдар 37 градусқа дейінгі дене температурасын қалыпты деп есептемейді

Сіз білесіз бе, біз есептеп жүрген 37 градусқа дейінгі «қалыпты» дене температурасы – бұл өзі ескі көрсеткіш, ол 1868 жылы жүргізілген кемшілігі жоқ емес зерттеулерден кейінгі нәтижелерге негізделген (150 жыл бұрын жасалған екен).

Бүгінде ғалымдар 37 градусқа дейінгі дене температурасын қалыпты деп есептемейді

translator жексенбі тамыз 9, 2020


Temperatura 37 0

Сіз білесіз бе, біз есептеп жүрген 37 градусқа дейінгі «қалыпты» дене температурасы – бұл өзі ескі көрсеткіш, ол 1868 жылы жүргізілген кемшілігі жоқ емес зерттеулерден кейінгі нәтижелерге негізделген (150 жыл бұрын жасалған екен). Оның авторы ХІХ ғасырдағы неміс дәрігері Карл Рейнхольд Август Вундерлих, ол зерттеулерден өткен 25 мың пациенттің нәтижелерін сараптай келе дене температурасының қалыпты физиологиялық нүктесі 37 градусқа дейін деген қорытынды жасаған.

Біздің уақытта зерттеушілеріміз АҚШ-тың Филодельфия қаласындағы Мюттер медицина тарих мұражайында сақтаулы тұрған Вундермахтың термометрлеріне қол жеткізе бастаған соң көп нәрсеге көз жете бастады. Вундерлих термометрі ұзындығы шамамен 22 сантиметр сынаппен толтырылған шыны түтік. Белгілі болғандай, бұл термометр заманауи сандық термометрмен салыстырғанда температураны 2-3 бірлікке жоғары көрсетеді екен. Ол тіпті мұражай қорындағы бар сол кезеңдегі басқа термометрлерге қарағанда жоғары калибрленген көрінеді.

Анығында қажетті дене қызуы туралы фактілер жағдайдың әлдеқайда күрделі екенін көрсетеді. Біріншіден, барлық адамдарға қалыпты деп есептелетін ортақ көрсеткіш жоқ. Әйелдердің дене темпратурасы еркектерге қарағанда әлденеше жоғары. Сондай-ақ, ересектерге қарағанда балаларда дене температурасы жоғары келеді.

Дене температурасының ең төменгі көрсеткіші таңертеңгілік уақытта болады. Ыстық ауа-райында физикалық жаттығулар жасаған кезде, сондай-ақ дәрі-дәрмектің кейбір түрлерін қабылдағаннан кейін де дене қызуы көтеріледі. Әйелдерде овуляция және жүктілік кезінде дене қызуы жоғары болады.

Таңертеңгі сағат алтыдағы 37,2 градус дене қызуы қалыпты болып есептелмейді. Оның үстіне осы дене қызуы сағат күндізгі төртте қалыпты болып есептелуі мүмкін. Ғалымдар дене қызуын жасқа, жынысқа, тәулік уақыты мен басқа да факторларды есепке ала, икемді болатынтай тұжырымдама жасау жолында еңбектенуде.

Коронавирустық инфекция жағдайында 38 градус көрсеткішті ұстаған дұрыс. Егер дене қызуы 38 градустан төмен болса, онда оны түсіруге тырыспаған жөн. Өйткені, ағза иммундық жүйеге өзіндік ескерту сигналдарын жіберіп, инфекциямен күреседі.

Біздің ішкі термостатымыз гипоталамуста, ми аймағында орналасқан, мөлшері бадам жаңғағындай. Ол бізді тітіркенгенде, жылыну қажеттілігі туындағанда терлетеді. Бактериялар немесе вирустар жұқтырған кезде бізде пирогендер деп аталатын молекулалар бөлініп шығады. Олар қан ағымы арқылы гипоталамусқа өтеді, соның әсерінен дене қызуы көтеріледі. Бұл бактериялар мен вирустарға әдеқайда дұшпандық орта қалыптастырып, олардың көбеюін қиындатады.

Алайда, дене қызуы 38 градустан жоғары болса – бұл қауіпті жағдай, медициналық араласуды қажет етуі мүмкін. Мұндайда қызуды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдаған дұрыс. Дене қызуы 40-қа дейін және одан да жоғары көтерілуіне жол бермеу керек, әйтпесе ағзада айтарлықтай бұзылыстар орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы кезінде жүректің жиырылуы мен тыныс алу жиілігін бақылау аса маңызды. Мұны ыңғайлы жерде, орындықта отырып немесе төсекке жайғасып орындаған абзал.

Тамыр соғысы білектің ішкі жағынан сұқ және ортаңғы саусақпен жай ғана басу арқылы өлшенеді. Тамыр соғысын 15 секунд ішінде санап, оны 4 көбейтіңіз, сонда сіз бір минуттағы жүрек соғысының санын шамамен біле аласыз. Денсаулығы қалыпты адамның жүрегі минутына 60-80 рет соғады.

Тыныс алу жиілігін тыныс алу қозғалыстарын есептеу арқылы білуге болады. Бұл дем алғанда кеуде немесе іштің аздап көтерілуі, қалыпты жағдайда минутына 12 ден 20 рет қайталанады.

Вирустық интоксикация кезінде тыныштық жағдайында тамыр соғысы минутына 90-100 дейін жиілеп, ал тыныс алу жиілігі минутына 25-ке дейін болуы мүмкін. Егер бұл жағдайда дене қызуы 38 градустан жоғары асатын болса, онда бұл өкпенің зақымдануына және өзге де бұзылыстар басқа да бұзылулардың болғанын көрсетуі мүмкін. Ондай жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Коронавирусты жұқтырғандардың 80 пайызында инфекция жеңіл формада өткенін естен шығармау керек. Ал науқастардың 18 пайызында ауру орташа ауырлықта өтуде, оларға үйде ем алуға болады. Қалған 2 пайызы ғана пневмонияның ауыр түріне шалдыққандар, бұл науқастар ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Бұл кезде бәріміз сабырлық сақтап, маска тағып, арақашықтықты сақтау арқылы инфекцияның таралуын болдырмауымыз керек. Егер әрқайсымыз бұған үлкен жауапкершілікпен қарайтын болсақ, онда біз бұл індетті тез арада жеңбекпіз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау