Жүктелуде...
 

Коронавирустар қалай ауру тудырады және ол қалай білінеді?

Коронавирустар адам ағзасына ауа өтетін жолдар арқылы кіреді де, өкпенің төменгі жақ бөлігіне жайылып, онда орналасқан жасушаларды үлкен мөлшердегі коронавирус өңдейтін «фабрикаға» айналдырады. Мұның барлығы ақыр соңында жасушалардың тез тозуына, тіпті өліміне алып келеді. Осылайша өкпе тіні коронавирустық инфекцияның жайылуына басты себепшісі болып табылады.

Коронавирустар қалай ауру тудырады және ол қалай білінеді?

translator жексенбі сәуір 12, 2020


вирустар

Коронавирустар адам ағзасына ауа өтетін жолдар арқылы кіреді де, өкпенің төменгі жақ бөлігіне жайылып, онда орналасқан жасушаларды үлкен мөлшердегі коронавирус өңдейтін «фабрикаға» айналдырады. Мұның барлығы ақыр соңында жасушалардың тез тозуына, тіпті өліміне алып келеді. Осылайша өкпе тіні коронавирустық инфекцияның жайылуына басты себепшісі болып табылады.

Заражение и болезнь

Өкпенің өлі жасушалары ауа өтетін жолдарға жинала бастайды да, біздің ағзамыз олардан құтылуға талпынады. Бұл жөтелу арқылы шығады.

Ал адам жөтелгенде, ол үлкен мөлшердегі коронавирустарды қамтитын өлі жасушаларды таратады.

Заражение и болезнь2

Бір қызығы, науқас адам өзін жақсы сезіну үшін жөтеледі, бірақ бұл жөтелмен бірге шыққан вирустар әрі қарай өсіп-өніп, басқа адамдарға жұғады. Сонда бұл жерде науқас еріксіз түрде себепші болып отыр.

Коронавируспен күресу үшін біздің иммундық жасушаларымыз көп мөлшерде арнайы молекулалар – антиденелер өндіреді. Бұл процесс дененің қызуының артуы мен ауырсыну сезімдері арқылы жүреді.

Яғни дене қызуы көтеріліп, кеуденің қысылуы сезілсе және денеде ауырсыну байқалса, онда біздің иммундық жүйеміз ауруға қарсы күресу әрекетін жасап жатқандығы.

Заражение и болезнь3

Бірқатар жағдайларда иммундық жүйе коронавирусты жоюға қабілетті келеді. Бұл басқа аурулармен ауырмайтын жастарда жиі кездеседі. Олар тек жөтелмен ептеп ентігіп және аздаған дене қызуының жоғарылауымен-ақ айығады.

Алайда, вирус жұқтырғандардың шамамен 15 пайызында ауа жетіспеушілігі байқалады. Бұл ауруханалық жағдайда оттегімен қамтамасыз ету және басқа да белсенді медициналық араласуды талап етеді.

Заражение и болезнь4ъ

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың шамамен 5 пайызында ауру күрделі түрде өтуде. Олармен интенсивті терапия палаталарында (жансақтау бөлімінде) дәрігерлер күресіп жатыр. Атап айтқанда, бұл жерде кеңірдекке арнайы түтікшелерді салу мен өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратына қосу қажет етіледі. Алайда, қандай да қажетті шаралар қолданылса да, коронавирус инфекциясының ауыр түрлері жиі қайғылы жағдайға әкеп соғады.

Сондықтан да ең абзалы өзіңізді де жақындарыңызды да мұндай жағдайға душар етпеген жөн. Бұл үшін ең алдымен жеке гигиенаны ұстап, сақтық шараларды бұзбай, туыс-туғандарыңызбен жиын-отырыстардан уақытша бас тартып, эпидемия басылғанша күту керек.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау