Жүктелуде...
 

Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі (колоректальді обыр)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:07 - (1132 Оқылымдар)

Көлденең жиек ішек және тік ішек – ас қорыту жүйесінің бөліктері болып табылады. Олар бұлшық етті ұзын түтікшені құрады, оны – тоқ ішек деп атайды. Көлденең жиек ішек – бұл тоқ ішектің 122-153 см ұзындықтағы бөлігін қамтиды, ал қалған бірнеше бөлігі тік ішектікі.

Аш ішекте жартылай қорытылған тамақ тоқ ішектің жоғарлаған бөлігіне түседі. Тоқ ішекте су мен тамақтық өнімдері сіңіріліп, қалған қалдық нәжіс тұзуге қатысады. Қалдық өнімдер тоқ ішектің қалған бөлігі арқылы тік ішекке барып, артқы анал тесігі арқылы сыртқа шығады.

Жатыр мойнының қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 03:49 - (12367 Оқылымдар)

Жатыр мойны - әйелдің өндірістік орны болып табылады. Ол жатырдың төмен орналасқан тар бөлігі. Жатыр – өзі толық бір мүше болып саналады, оның кейпі алмұрт тәріздес. Орналасқан жері - құрсақ құысының төменгі бөлігінде. Жатыр мойны жатырды қынаппен байланыстырады. Қынап мүшенің сыртқы айналасын толық қамтиы. Мойындық арна байланыстырушы түтік болып табылады. Ол арқылы әйелдің етеккірі кезінде жатырдағы қан қынапқа келеді. Жатыр мойнында да шышыш өндіріледі. Шырыш шәуеттің қынаптан жатырға қарай көтерілуіне жағдай жасайды. Жүктілік кезінде жатыр мойны іштегі ұрықты ұстап тұру үшін мығым жабылып тұрады. Босану кезінде мойындық баланы қынаптан шығару үшін керіледі (ашылады).

Остеомаляция (сүйектің жұмсаруы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:59 - (1982 Оқылымдар)

Остеомаляция – адам cүйектерінің Д витаминінің жеткіліксіздігінен жұмсарып кетуі немесе ағзаның Д витаминін сіңіре алмауы және дұрыс пайдалануға мүмкіндігінің болмауы.

Жүректің тоқтауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:57 - (1996 Оқылымдар)

Жүректе жүрек соғысының ырғағын басқаратын электр жүйесі бар. Жүректе болатын ауытқулардың себебі осы ырғақтың бұзылу салдарынан туындайды. Мұны аритмия деп атайды.
Аритмияның бірнеше түрі бар. Аритмия кезінде жүрек өте жиі немесе өте баяу соғады, немесе жүрек мүлдем соқпай қалады. Кенеттен болатын жүрек тоқтаулары да осы аритмияның салдарынан болады. Жүректің тоқтауы мен жүрек ұстамасы бір-бірінен айырмашылығы бар, ұстама кезінде қан ағымы тежеледі, ал жүрек соғысы тоқтамайды.

Бітелмелі тромбангиит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:44 - (1624 Оқылымдар)

Бітелмелі тромбангиит – сирек кездесетін ауру түрі, аяқ-қолдың қантамырларының бітелуімен сипатталады.

Бітелмелі тромбангиит (Бюргер ауруы) ұсақ қантамырлардың қабынуы мен ісінуінен туындайды. Сондай-ақ қан тамырлары тарылады немесе олар тромбпен (тромбоз) бітеледі. Көптеген жағдайларда аяқ-қолдың қантамырлары бітеледі. Көктамырға қарағанда артериялар жиі зақымдалады. Ауру белгілері шамамен - 35 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен бұл аурудан әйелдер мен қарттардың зардап шегуі сирек кездеседі.

Метаболиялық синдром (Инсулинрезистенттілік)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 08:39 - (183 Оқылымдар)

Метаболиялық синдром - жүpек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және екі типті қант диабетінің пайда болу қаупін арттыратын қауіп-қатер факторларының топтары болып табылады.

Өт қабындағы тастар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:27 - (358 Оқылымдар)

Өт қабы – бұл бауырдың астында орналасқан, алмұрт тәрізді мүше. Оның ішінде майларды қорыту үшін қызмет ететін, бауырда өндірілетін сұйықтық болады. Асқазан мен ішек тамақты айналдырып жатқанда, «жалпы өт түтігі» деп аталатын түтік арқылы өт қабынан сұйықтық жіберіледі. Бұл түтік өт қабы мен бауырды аш ішекпен жалғайды.

Секс және симметрия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:28 - (1052 Оқылымдар)

Адамның денесі симметриядық қасиеттермен қамтамасыз етілген: сол жақ білек, дәл оң жақ білектен аумайды; сол құлақтың көлемі - оң құлақтың көлемімен бірдей. Дегенмен, әр адамның мінсіз симметриядан шағын ауытқулары да кездесіп жатады.

Секс, иіс түйсігі, иммундық гендер және эволюция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:26 - (836 Оқылымдар)

Ер де, әйел де бес негізгі сезіммен жаралған - көру, есту, иіс сезу, түйсік, дәм ажырату және сенсорлы сигналдарды қабылдау қабілетіне ие. Бұл сезімдер физикалық жақындасуда үлкен рөл атқарады. Бұл, әсіресе, ұзақ уақыт бойы ғылыми зерттеу саласынан тыс қалған жыныстық тартымдылықтың ең күшті ингредиенттерінің бірі болып табылатын әйелдік өткір иіс сезу сезіміне қатысты.

Панкреатит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:24 - (166 Оқылымдар)

Панкреатит – бұл асқазанның жоғарғы бөлігінде орналасқан, ас қорфту ферменттері мен инсулин бөліп шығаратын асқазан үсті безі (ұйқы безінің) қабынуы. Панкреатит күтпеген жерден іште ауырсынуды, жүpектің айнуын және құсуды және қалтырауды тудыруы мүмкін.