Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Сізге жатыр мойнының қатерлі ісігі жайлы не білу керек» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about colorectal cancer).

Жатыр мойны

663

Жатыр мойны - әйелдің өндірістік орны болып табылады. Ол жатырдың төмен орналасқан тар бөлігі. Жатыр – өзі толық бір мүше болып саналады, оның кейпі алмұрт тәріздес. Орналасқан жері - құрсақ құысының төменгі бөлігінде. Жатыр мойны жатырды қынаппен байланыстырады. Қынап мүшенің сыртқы айналасын толық қамтиы. Мойындық арна байланыстырушы түтік болып табылады. Ол арқылы әйелдің етеккірі кезінде жатырдағы қан қынапқа келеді. Жатыр мойнында да шышыш өндіріледі. Шырыш шәуеттің қынаптан жатырға қарай көтерілуіне жағдай жасайды. Жүктілік кезінде жатыр мойны іштегі ұрықты ұстап тұру үшін мығым жабылып тұрады. Босану кезінде мойындық баланы қынаптан шығару үшін керіледі (ашылады).

Қатерлі ісік жайлы түсінік

Қатерлі ісік, құрылым элементтерінен, тіндерден жинақталған жасушалардан бастау алады. Бүкіл ағзадағы тіндерден түзіледі.

Қалыпты жасушалар өседі және бөлшектенеді, ағзаның қажетіне қарай жаңа жасушаларды тудырады. Көнерген жасушалар жойылады, ал олардың орынын жаңа жасушалар басады. Кейде, бұр ретті процесс бұзылады. Ағзаға қажет емес жаңа жасушалар түзіліп, көне жасушалар орын босатпай қояды. Бұл қосалқы жасушалар жаңатүзінді немесе ісік деп аталатын тіндер массасын түзеді.

Ісіктер залалды және залалсыз болып бөлінеді:

Залалсыз ісктерде қатерлі ісіктің категориялары болмайды.
• Залалсыз ісіктер өмірге көп қауіп төндіре бермейді.
• Әдетте залалсыз ісіктер жойылғаннан кейін қайта пайда болмайды.
• Залалсыз ісіктердің жасушалары ми тіндерінің айналасына өсіп шықпайды.
• Залалсыз ісіктің жасушалары басқа мүшелерге және дененің басқа бөліктеріне таралмайды.

Залалды ісіктер қатерлі ісікпен тікелей байланысты болып табылады.
• Залалды ісіктер залалсыздарға қарағанда салмақтырақ симптомдармен көрініс береді. Олар науқастың өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.
• Залалды ісіктер көп жағдайда жойылады, бірақ қайта пайда болуы да мүмкін.
• Залалды ісіктер өзіне тиесілі мүшелер мен тіндерді зақымдауы мүмкін, немесе оларды ісітеді.
• Залалды ісіктердің жасушалары басқа мүшелер мен дене бөліктеріне таралады (метастазданады). Қатерлі ісік жасушалары таралып, өзімен байланысқан, қан ағымын немесе лимфа түйіндерді ісіте бастайды. Ісік жасушалары басқа мүшелерде дамиды, ол жерде мүшені зақымдайтын жаңа ісіктер түзеді. Басқа мүшелерге таралған қатерлі ісік жасушаларын метастаздар деп атайды, ал олардың таралу процессі метастаздану болып табылады.

Ісіктің жайылуы кезінде және басқа мүшелерге немесе дене бөліктерінде жаңа ісіктердің түзілуі кезінде олар аномальді жасушалар құрайды және олардың барлығын алғашқылық деп атайды. Мысалы, қуық асты безінің қауіпті ісігі сүйекке жайылса, ол қуық асты безінің метастаздануы болады, сүйектің қауіпті ісігі болып саналмайды. Егер ол осындай себептерден туындаса, сүйек ісігі емес, қуық асты безінің ісігі бойынша емделеді. Дәрігерлер бұлай туындаған ісіктерді кейде «дистантты» немесе метастатикалық ауру деп атайды.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің қауіп факторлары

Дәрігерлер неге кейбір әйелдерде жатыр мойны обыры дамиды, ал кей біреулерде мүлдем болмайды деген сұрақтың жауабын әлі күнге дейін таба алған жоқ. Бірақ бізге бір белгілісі әйелдерде белгілі бір қауіп факторларының әсерінен цервикальді обыр дамуы мүмкін. Аурудың дамытуы мүмкін қауіпті факторлардың бәрі – қауіп факторы деп аталады. Зерттеулер барысында цервикальді обырды дамытатын факторлар тізімі табылды. Бұл факторлар тіпті де жоғары қауіппен астасып кетуі мүмкін:

• Адам папиллома вирусы (АПВ): АПВ инфекциясы цервикальді обыр үшін ең негізгі фактор болып табылады. АПВ – бұл жатыр мойнын инфекциялайтын вирустар тобы. АПВ инфекцияссы өте кең таралған. Бұл вирустар адамнан адамға жыныстық қатынас арқылы жұғады. Көбінесе ересек адамар өз өмірінің белгілі бір кезеңдерінде АПВ – жұқтырып алып жатады. АПВ-ның кейбір түрлері жатыр жасушаларын өзгертуі мүмкін. Бұл өзгерулер: генитальді сүйел, обыр және т.б. мәселелермен сипатталуы мүмкін. Дәрігерлер АПВ бойынша тексеруге сүйел болмаса, басқада симптомдар болмаса да бағыттауы мүмкін.
• Егер әйелде АПВ анықталса, оны дәрігер басқа адамдарға вирус жұқтырмас үшін түрлі әдістер жайында әңгімелеседі. Папаниколау бойынша жұғынды алу АПВ-дан туындаған жатырдағы жатырдағы жасушалардың өзгеріін анықтауға мүмкіндік береді. Жасушалардағы бұл өзгерісті емдесе, цервикальді обырдың алдын алуға болады. Ол үшін бірнеше емдеу әдісі де бар: инфекцияланған тіндерді қатыру немесе күйдіру. Кейбір жағдайларда дәрілерде өз пайдасын тигізуі мүмкін.
• Папаниколау бойынша жұғындыны тұрақты түрде алмау: Цервикальді обыр Папаниколау бойынша жұғындының көмегімен тұрақты түрде тексеруден өтпейтін әйелдер арасында кеңінен таралған. Бұл тексеру арқылы дәрігерлер обыр алды жаушаларды тауып алады. Өзгерген обыр алды жасушаларды емдесе жатыр мойы обырқа тап болудан аман болады.
• Иммун жүйесінің әлсіреуі (ағзаны қорғап тұратын табиғи жүйе):АИТВ (ЖИТС тудыратын вирус) инфекциясы бар немесе иммун жүйесін демеу үшін дәрі қолданып жүрген әйелдер цервикальді обырдың жоғарғы сатысына тап болу қаупінде болып саналады. Мұндай әйелдерге дәрігерлер цервикальді обырдың белгілеріне қарсы тұрақты түрде скринингтік тексеруден өтіп тұруына кеңес береді.
• Жасы: Жатыр мойны қатерлі ісігі 40 жатан асқан әйелдер арасында кездесіп жатады.
• Жыныстық қатынастың кері сараптасы: Көп адаммен жыныстық қатынасқа түетін әйелдерде цервикальді обырға тап болу қаупі орташадан жоғары болып саналады. Сондай-ақ, көптеген әйелдермен жыныстық қатынас жасайтын еркекпен байланысқан әйел де цервикалді обырдың дамуы ықтимал топтың қатарында болып саналады. Екі жағдайда да цервикальді обырдың даму қаупі жоғары себебі бұл әйелдерде АПВ инфекциясының туындау қаупі орташадан жоғары болып табылады.
• Шылым шегу: АПВ инфекциясы бар, темекі шегетін әйелмердің аталмыш инфекциясы бар, бірақ шылым тартпайтын әйелдерге қарағанда цервикальді обырға тап болуы қаупі басымырақ болып келеді екен.
• Жүктілікке қарсы дәрілері ұзақ уақыт қолдану: Жүктілікке қарсы дәрілерді ұзақ уақыт бойы (5 немесе одан да көп жыл) қолдану, АПВ бар әйелдің цервикальді обырға тап болу қаупін арттырады.
• Көп балалы әйелдер: Зерттеушілердің айтуынша, АПВ бар әйел көп босанса, ол цервикальді обырдың жоғарғы сатысымен ауру қаупінде болып есептеледі екен.

Жатыр мойны обыры бойынша қауіп факторлары болып табылатын қандай да бір себепен алаңдап жүрген әйел, өзінің мәселесі төңірегінде дәрігерге қаралып көргені дұрыс.

Скрининг

Цервикальді өзгерістерден оның симптомдарының пайда болғанына дейін анықтау үшін скрининг өте маңызды болып табылады. Скрининг дәрігерге обыр дамығанға дейін аномальді жаушаларды табу үшін көмек беруі мүмкін. Аномальді жассушаларды табу және оларды емдеу арқылы цервикальді обырды түйықтауға болады. Скрининг бұдан басқа, обыр жасушасын бастапқы сатысында-ақ анықтауы мүмкін. Оның арқасында жақсы әсер беретін ем жүргізуге мүмкіндік туады.

Соңғы бірнеше он жылдықтарда күн сайын «цервикальді обыр» деп диагноз қойылатын әйелдердің саны азаюда. Дәрігерлер бұл әсіресе скринингті сәтті жүргізіп тұрғанның арқасында деп санайды.

Дәрігерге цервикальді обырдың даму қаупін төмендету үшін Папаниколау тестілеуінен тұрақты түрде өтіп тұруына кеңес береді. Папаниколау тесті (кейде Папаниколау бойынша жұғынды аул немесе цервикальді жұғынды деп аталады) жатыр мойны жасушаларын тексеретін қарапайым тест болып табылады. Негізі тест көптеген әйелдерге жүргізгенде ауырта бермейді. Папаниколау тесті дәрігер бөлмесінде немесе жамбасты тексеру кезінде клиникада жүргізіледі. Дәрігер немесе медбике жатыр мойнының жасушасының үлгісін сорып алады, содан соң әйнекті слайдта жасуша жұғындысын жасайды. Папаниколау тестінің жаңа нұсқасы (Папаниколау тесті сұйықтық негізде), ішіне сұйықтық құйылған шағын контейнердің ішінде жасушаның жуылуын қарастырады. Арнайы құрылғы слайдтың үстіндегі жасушаларды араластырады. Тестілеудің екі нұсқасында да зертхана маманы микроскоптың көмегімен слайдтағы жасушалардың қалыптан тыс заттарын тексереді.

Папаниколау тесті цервикльді обырды анықтайды немесе цервикальді обырды дамытатын аномальді жасушаларды табады. Дәрігерлер әдетте, мынадай жолдарды ұсынады:

• Әйелдер кәмелет жасына немесе 21 жасқа жеткеннен кейін әр 3 жыл сайын Папаниколау тестін жүргізіп тұруы керек.
• Әйелдердің көпшілігі Папаниколау тестінен 3 жылдан да жиі аралықта өтіп тұруы керек.
• 65 тер 70 жақа дейінгі жасқағы әйелдер соңғы үш рет өткізілген Папаниколау тесінен қалыпты нәтиже көрсетсе, және бірде-бір тесттен соңғы 10 жылда аномальді жасушалар кездеспесе, дәрігермен кеңесіп алғаннан кейін цервикалді обыр бойынша скрининг өткізуден бас тартса да болады.
• Гистерэктомиядан (хирургиялық операция) өткеннен кейін, жатыры мен жатыр мойнын алып тастаса, оны тотальді гистерэктомия деп атайды, оған да цервикальді обыр бойынша скринг жүргізудің қажеті жоқ. Бірақ хирургиялық операция обыр алды жасушааларға немесе обырға жүргізілсе, әйелдер скрининтік текссеруден өтуін жалғастыра берсе болады.

Әйелдер Папаниколау тестінен өтуді бастамас бұрын, оған қашан және қанша уақыт өтіп тұруы жайында өз дәрігерлерімен кеңесіп алғаны жөн. Бұл әсіресе церкльді обырдың дамуы орташадан жоғары әйелдер үшін маңызды болмақ.

Папаниколау тестінің нәтижесінде кейбір әсерлер аномальді жасушаларды жасырып қалуы мүмкін, және көрсетуі де ықтимал. Дәрігерлер келесідей кеңестерді ұсынады:

• 48 сағат тестке дейін бүркіліп алмауы керек.
• Тестке дейін 48 сағат төсек қатынасына бармау керек.
• Қынаптық дәрілерді (дәрігердің тағайындағандарын қоспағанда) немесе жүктілікке қарсы пенкаларды, кремдерді немесе гельдерді теске дейін 48 саған бойы қолданбау керек

Сондай-ақ дәрігерлер әйелдерге Папаниколау тесіне қатысуды етеккірдің алғашқы күнінен 10 нан 20 күн аралығында жоспарлауы керек.

Аномальді жасушалар көбінесе Папаниколау тесі кезінде анықталады, және ол кезде олар қатерлі ісік болып табылмайды. Бірақ, кейбір аномальді жағдайлар уақыт өте келе обырға жол ашуы мүмкін:

ӘТЭЗ (әлсіз тесіп өткен ішкі эпитеалийлік зақымдану): әлсіз тесіп өткен ішкі эпителийлік зақымдану, бұл жатыр мойнының үстіңгі жағындағы жасушалардың орташа өзгерісі. Мұндай өзгерулер АПВ инфекциясының алдарынан жиі болып тұрады. Аталмыш зақымдану әсіресе жас әйелдер арасында жиі кездеседі. Әлсіз теіп өткен ішкі эпителийлік зақымдану – қатерлі ісік болып саналмайды. Бұл ауруды емдемесе ол өршімейді, және бұл жағдай өздігінен оңалады. Бірақ, бей-жай қарамау керек, мүмкін айқын зақымдалып қалса, қатерлі ісікке ұласым кетпесіне кім кепіл.
АТЭЗ (айқын тесіп өткен ішкі эпителийлік зақымдану): Бұл жағдай – Қатерлі ісік болып саналмайды, бірақ емделмесе қатерлі ісікке ұласып кетуі ықтимал. Обыр алды жасушалар жатыр мойнының үстіңгі жағындда бой көрсетуі мүмкін. Олар түр жағынан қалыпты жасушалардан айшықтаанады.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің симптомдары

Обыр алды өзгерулер және жатыр мойны қатерлі ісігінің батамасында ауру сезімдері мен басқа да симптомдар көрініс бермейді. Дәрігердің қабылдауына дейін ауруды күтудің қажеті жоқ.

Әйелдердің жағдайы нашарлай бастағанда төмендегідей бірнеше симптомдар пайда болуы мүмкін:

 Қынаптан әдеттегіден тыс қан кетеді
o Тұрақты етеккірлер арасында қан кете бастайды;
o Жыныстық қатынастан кейін, жамбасқа тексеру жүргізгенде қан кетеді;
o Етеккір бұрынғысынан қарағанда ауыр болады, және ұзаққа дейін тоқтамайды;
o Менопаузадан кейін қан кетеді:
 Қынаптан бөлінділер көп шыға бастайды;
 Жамбас жақтың ауруы күшейеді;
 Төсек қатынасына түскен кезде ауру сезімі мазалайды.

Бұл симптомдар сондай-ақ, инфекция немесе денсаулыққа байланысты басқа да мәселелер туындағанда туындауы да мүмкін. Нақтысын сізге, тек дәрігеріңіз айтып бере алады. Осындай кез-келген симптомы бар әйелдер дәрігерге қаралуы керек, себебі, диагноз қанша ерте қойылса, емдеу де соншалықты уақытымен жүргізіледі.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасы

Әйелдерде симптомдар пайда бола бастаған кезде немесе Папаниколау тестінің нәтижесінде обыралды жасушалар көрінсе немесе жатыр мойны қатерлі ісігі пайда болса, дәрігер ауруды диагноз қою үшін басқа процедураларға бағыттайды.

Олар:

Кольпоскопия: Дәрігер жарытды қарау үшін кольпоскоп қолданады. Колпоскоп деген өткір жарық және лупаме үлкейтіледі, тінді анық көруге мүмкіндік туғызады. Ол жатырға кіргізілмейді. Кольпоскоп әдетте клиникада дәрігердің кеңсесінде жүргізіледі.
Биопсия: Дәрігер обыралды және обырлы жасушаларды анықтау үшін тіндерді жояды. Көптеген әйелдер биопсияны жерлігікті анестезиямен дәрігердің кеңсесінде жасатады. Потологанотом микроскоппен тінді зерттейді.
o Шертпелі биопсия: дәрігер цервикальді тіннің аздаған үлгісін шерту үшін өткір, іші қуыс құралды пайдаланады.
o Тұзақшалы электрохирургиялық зерттеу (ағылшынша транскрипциясы LEEP): Дәрігер тін аумағынан жіңішке домалақ кесіндіні алу үшін электірлік сымды ілмекті қолданады. Кейбір дәрігерлер қырнауыштың орнына жіңішке, жұмақ щетканы қолдануы мүмкін.
o Орақтәріздес биопсия (конизация): Дәрігер тіннің үлгісін конус формасында жояды. Конизация немесе орақтәріздес биопсия, потологанотомдарға жатырдың жасушаларының жоғарғы қабатында аномальді жасушалардың бар-жоқтығын көруге мүмкіндік береді. Дәрігер бұл тесті емханада жалпы наркозбен өткізуі мүмкін. Конизация обыра лды жақтарды да жою үшін қолданылуы мүмкін.

Жатыр мойның тінін жойғаннан кейін аздаған қансыраулар мен бөлінулер туындауы мүмкін. Сондай-ақ әйелдер етеккірге ұқсайтын кішігірім ауру езімдерін де байқауы мүмкін. Бірақ, бұл жайсыздықты дәрі-дәрмектердің көмегімен де реттеуге болады.

Сатыларын анықтау

Егер биопсиядан сізде қатерлі ісіктің бар екені расталса, дәрігеріңіз жамбас жағыңызға мұқият тексеру жүргізеді және тіннің қосымша аумақтарын жоюы мүмкін. Ол арқылы сіздің ауруыңыздың даму сатысын анықтап алуға болады. Сатылар, ісік өзіне қатысты тіндерде өсті ме, қатерлі ісік таралды ма, егер таралған болса, қандай ағзаға таралыды деген зерттеулер негізінде анықталады.

Цервикальді қатерлі ісіктің атылары:

• 0 сатысы: қатерлі ісік тіннің жоғарғы қабатындағы мойынға төселген жасушаларда ғана көрінеді.
• І сатысы: Қатерлі ісік мойынның үстіңгі қабатындағы жасушалардан көрінісс береді. Ол тек жатыр мойнында ғана бой көрсетеді.
• ІІ сатысы: Қатерлі ісік жатыр мойнының қабырғасын тесіп өтіп іргелес тіндерге таралады. Ол қынаптың жоғарғы бөлігіне орналасады. Қатерлі ісік қынаптың төменгі бөлігінен немесе жамбас қуысының қабырғасында көрінбейді.
• ІІІ сатысы. Қатерлі ісік қынаптың төменгі бөлігіне таралады. Ол сондай-ақ, жамбас қабырғаларына және іргелес лимфотүйіндерге таралады.
• IV сатысы. Қатерлі ісік қуыққа, тік ішекке немесе басқа мүшелерге таралады.
• Қайталанатын обыр: Обыр емделіп, кейін қалып қойған бөлігі бірнеше уақыттан кейін қайта бой көрсетуі мүмкін. Ондай обыр жатыр мойнында немесе басқа мүшеде пайда болуы мүмкін.

Аурудың даму сатысы анықталып, емдеу курстары жалғасып, содан науқас тексерудің келесідей түрлеріне бағытталуы мүмкін.

Кеуде жасушасын рентгеннограйфиядан өткізу: Ренгенография обырдың өкпеге таралған-таралмағандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Компьютерлі томография: Компьютерге жалғанған ренгенологиялық құрылғының көмегімен, мүшелердің анық кескіндеме сериялары жасалынады. Науқастарға контрасты заттар берілуі мүмкін, инекция сіздің иығыңызға немесе білегіңізге, ауыз арқылы не болмаса клизманың көмегімен енгізілуі мүмкін. (кейбір адамдардың контрасты заттарға аллергиясы болады, құрамында йод болса. Егер сізде осындай аллергия болса дәрігерге немесе медбикеге айтып қойыңыз). Контрасты заттар аномальді аумақтарды анық көруге мүмкіндік туғызады. Компьютерлі томографияда бүйрек ісігі, өкпе ісігі немесе қандай да бір жерде ісік болса, сол көрінетін болады.

• ЯМР: компьютерге жалғанған күшті магнит, құрсақ қуысы мен жамбас қуысы мүшелерінің анық кескіндемелерін жасау үшін қолданылады. Дәрігерлер бұл кескіндемелерді монитродан көруі мүмкін немесе таспаға да басып шығарады. ЯМР қатырлі ісіктің жайылғандығын көрсетеді. Кейде контарсты заттар аномальді жасушаларды кескіндемеден жақсы көрінетіндей етеді.
• Ультрадыбыс: Ультрадыбысты құрылғы құрсақ қуысына қарама-қарсы орнатылады немесе қынаптан енгізіледі. Құрылғы адамдар ести бермейтін дыбыс толқынын жібереді. Толқындар жатыр мойны қабырғасынан және іргелес тіннен секіріп өтіп тұрады, ал компьютер осыжаңғырықты пайдалана отырып, кекін құрайды. Ісіктер тіндердің шығаратын дыбысынан өзге жаңғырық шығаруы мүмкін. Бұл кескіннен де ісіктің таралған-таралмағандығы жайында білуге болады.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің емелуі

Цервикалды обырға шалдыққан көптеген әйелдер медицина тұрғысынан өздеріне деген көмектің түрлерінен хабардар болғысы келеді. Науқастардың ауру туралы жан жақты танысып, оның емдеу жолдарын іздестіруі әрине белгілі. Алайда обыр ауруына шалдыққаны туралы хабардан естерін жия алмаған науқастар, дәрігерге нақты және қажет сұрақтардың бәрін қоя алмай қалады. Мұндай мәселе дәрігерге бармастан бұрын, сұрақтарды дайындап, толықтырып жазып алу арқылы шешімін табады.

Дәрігердің айтқандарын есте сақтап қалу үшін, пациенттер жазбалар жасауына болады немесе рұқсат сұрап диктафонның көмегіне жүгінеді. Сондай –ақ кейбір пациенттер дәрігермен сөйлесу барысында туысқандарының немесе досының әңгімелеріне қатысып, жазба жасап немесе жай ғана тыңдап отыруы үшін, бірге болуын қалайды.

Сізге бірден барлық сұрақтарды қою міндет емес. Кейбір түсінксіз жайттарды немесе қосымша ақпарат алу үшін дәрігеріңізден кеңес алу мүмкін болады. дәрігеріңіз арнайы мамандарға жолдайды немесе өзіңіз мұндай жолдаманы сұрап алуыңыз мүмкін. цервикалды обырды емдейтін аранай мамандарға - гинеколог, гинеколог- онкологтар, медициналық онкологтар және онколог – радиологтар болып табылады.

Емделуге дайындалу

Емдеу әдісі негізінен ісіктің мөлшері мен оның таралып таралмайтынына байланысты таңдалады. Бала көтеретін жастағы әйелдер болса,емдеу түрін болашақта ана атанғысы келетінін немесе келмейтініне байланысты сұрастырылып тағайындайды.

Дәрігеріңіз әр түрлі емдеу тәсілдерімен және күтілетін нәтижелердің әр жағдайда әр түрлі болатынын хабарлауы мүмкін. Сіз және дәрігеріңіз медициналық көрсетілімдерге және жеке бастың құндылықтарына байланысты қарастыра отырып, емдеу жоспарын жасап алуларыңызға болады.

Емдеу тәсілдері

Цервикалды обырға шалдыққан әйелдерді хирургиялық операциямен, сәулелі терапия және химиотерапиямен немесе осы үш әдісті бірге қолдану арқылы емдеуге болады.

Цервикальді обыры бар әйел аурудың кез-келген сатысында ауруды және басқа да симптомдарды бақылау, жанама әсерлерді басу үшін, сондай-ақ эмоциялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін ем жүргізуі мүмкін. Мұндай емдер күтімілге қолдау көрсету, симптомикалық емдеу немесе паллиативті күтім деп аталады.

Хирургиялық емдеу

Жатыр мойны обыры, сол аумақ, оған жақын іссіктер хирургиялық жолмен емделеді. Цервикальді обырдың бастапқы формасына тап болған көптеген әйелдер жатыр мойнын және жатырын алдыру үшін (тотальді гистерэктомия жату үшін) хирургиялық емге барады. Кейде тіпті цервикальді обырдың ең бастапқы сатысына (0 сатысы) тап болған жандарға гистерэктомияны да орындау мүмкін болмай жатады. Обыр жасушаларын жоюға бағытталған басқа да әдістерге конизация, кирохирургия, сәулелі хирургия немесе LEEP-терді жатқызуға болады.

Кейбір ауқастарға радикальді гистерэктомия қажет болады. Бұл операция түрі жатырды, жатыр мойнын және қынаптың бөлігін алып тастауға бағытталады.

Тотальді немесе радикальді гистерэктомияны орыдау барысында хирург фаллопиев түтігін және аналық безді алып тастауы мүмкін.(Бұл шара сальпинго-оофректомия деп аталады).

Хирург сондай-ақ обыр жасушасының болуына қарай ісіктің қасында орналасқан лимфатүйінді де алып тастауы мүмкін. Егер обыр жасушасы лимфатүйіндерге жетсе, онда ауру, басқа да мүшелер мен дененің бөліктеріне таралу мүмкіндігі болады деген сөз.

Сәулелі терапия

Сәулелі терапия (радиотерапия деп те аталады) обыр жасушасын жою үшін жоғары-энергиялық сәулені қолданады. Ол өзі түсірілген, яғни әуле шағылысқан жерге ғана әсер етеді.

Радиациялық терапиясының науқастарға ыңғайына қарай, химиотерапия немесе химиотерапия мен хирургияны қатар қолдану тағайындалады. Дәрігер сәулелі терапиямен хирургиялық операцияны, тек медициналық себептерге байланысты хирургиялық ем оңтайсыз болып қалған жағдайда ғана қолданылады. Жатыр мойны маңындағы таралған обыры бар аурулардың көпшілігі сәулелі және химиотерапияның курсына барып тұрады. Белгілі бір мүшелерге обыр іссігі жайылып кетсе, сәулелі терапия тағайындалуы мүмкін.

Дәрігер цервикальді обырды емдеу үшін сәулелі терапияның екі түрін қолдануы мүмкін. Кейбір науқастарға екі түрі де емделуге жарайды.

• Сыртқы сәулелендіру: Сәуленің негізгі көзі үлкен құрылғы, ол денеден тыс жүзегеасады. Әйелдер әдетте, амбулаторялық жағдайдағы емхана немесе клиникаға емделуге барады. Сосын, сыртқы сәулелендіруге аптасына 5 күні, бірнеше апта бойы ем алуы мүмкін.
• Ішкі сәулелендіру (ішкі-қуыстық сәулелендіру): Құрамында радиоактивті зат бар, жүңішке түтікше (имплант деп те аталады) қынап ішінде бірнеше сағаттан 3 күнге дейін қалдырылады. Мұндай кезде әйелдер емханада жатқызылады. Айналасын радиациядан қорғау үшін, түтіктер іште қалады. Әйелге келушілер кіргізілмейді ол кезде, кіргізілсе де өте қысқы уақытқа кіріп шығады. Тек әйелдің ағзасы радиоактивтеніп болғаннан кейін ғана түтіктер алынады. Ішкі сәулелендіру екі рет өткізіледі немесе бірнеше аптадан кейін жүргізледі.

Химиотерапия

Химиотерапия обыр жассушаларын жою үшін обырға қарсы дәрілерді қолдану арқылы жүзеге асады. Ол жүйелі терапия деп аталады, себебі, дәрі барлық ағзаға әсер ету үшін қан ағымына құйылады. Цервикальді обырды емдеу кезінде, химиотерапия сәулелі терапиясымен бірге қолданылады. Егер обыр, белгілі бір мүшелерге жайылып кетсе, тек химиотерапия ғана қолданыладды.

Цервикальді обырға қарсы қоланылатын дәрілер, әдетте, ішкі тамырға енгізіледі. Ем, өз жолы бойынша емхананың бөлмелерінде немесе дәрігердің жеке кеңсесі, не болмаса үйінде жүргізіледі. Кейде, науқасты емдеу уақытында госспитализацияллау қажет болады.

Емнің жанама әсерлері

Обырды емдеу барысында сау тіндер мен жасушалар зақымданады, оның салдарынан жағымсыз жанама әссерлер туындайды. Ол емнің негізі мен қарқындылығына байланысты болады. Жана әсерлер әр науқаста әртүрлі болады, және емдеудің курстарында өзгерістері де бір-біріне ұқсай бермейді. Емдеудің бастапқы кезінде медициналық мамандар, науқасқа жанама әсерлер жайында айтады, және онымен қалай күресуі керектігі жөнінде көмек болтын жолдарды қарастырады.

Хирургиялық ем

Хирургиялық операциядан кейін жазылу үшін бірнеше уақыт керек, және ол уақыт әр науқаста әртүрлі. Сіздің дел-сал күйіңіз бірнеше аптаға дейін жалғасуы мүмкін. Бірақ, ауру жайттары әдетте, дәрігерлердің қадағалауында болады. Операцияға дейін ауруды басатын амалдар жайында дәрігер немессе медбикелер бірлесіп жоспар қарастырып алу керек. Операциядан кейін дәрігеріңіз сіздің қажетіңізге қарай жоспарды саралап түзетуі мүмкін.

Егер сізге жатыр мойнының үстіңгі жағын жоюға бағытталған операция жүргізілген болса, онда сізде құрыспа аурулар бой көрсетуі мүмкін және қан кетулер мен сулы бөлінділер шығады. Егер сізге гистерэктомия жүргізілсе, сізді емханада бірнеше күннен, бірнеше аптаға дейін жатқызып қоюы мүмкін. Бірнеше уақытқа дейін шаршау, әлсіреу деген секілді сезімдер болады. Жүрек айнуы да, құсу да мүмкін, сондай-ақ қуықта, ішекте де мәселелер туындауы ықтимал. Алдымен дәрігеріңіз диетаңызды тек қана сұйық аспен ғана шектейді. Кейіннен аз мөлшерден бастап, ұлғайта отырып қою асқа көшсеңіз болады. көптеген әйелдер операциядан кейін 4-8 апта ішінде өз қалыпты өмір сүру деңгейіне оралады.

Гистерэктомиядан кейін әйелдердің етеккірі келуін тоқтатады. Бала көтеру мүмкін болмайды. Жұмыртқаларын алып тастағаннан кейін бірден менапауза басталып кетеді. Операциядан кейін орнаған менапауза және оның басқа симптомдары табиғи түрде орнаған менапаузаға қарағанда ауыр сипатта білінеді. Қаласаңыз, бұл мәселені дәрігеріңізбен операцияға дейін талықалап алуыңызға болады. Зерттей келе, кейбір препараттарды операцияға дейін қолданса, симптомдардың біліне бастаған кезінде жақсы әсер ететіні байқалған.

Операциядан кейін кейбір әйелдерді сексуалды қарым қатынас жағдайы алаңдатады. Көптеген әйелдерге бұл сұрақты өз серіктерімен талқылау көмектеседі. Мұндай алаңдаушылықты талқылау үшін жұбайлар кеңес алатын жерге барса болады.

Сәулелі терапия

Радиацияның жанама әсері оның қолданылған мөлшерімен емделген дене бөлшегіне байланысты пайда болады. жамбас аумағын және кіші жамбасты сәулелендіру жүрек айнуды, құсуды, диареяны немесе зәр шығару системасының мәселелерін туындатуы мүмкін. гениталия аумағындағы түктер түсіп қалуы мүмкін. сонымен қатар, сәулелендірген аумақ терісі қызарып, құрғап, сезімтал болып кетеді.

Қынап аумағында құрғақтық пайда болып, қышу немесе ашу сезімдері пайда болу мүмкін. сәулелендіру қынаптың тарылуына әсер етеді. дәрігер немесе медбике жағымсыз әсссерлердің азаюына нұсқаулықтар береді. Алдағы уақытта тексерулердің жеңіл өтуі үшін, қынапты кеңітетін арнайы әдістер бар. Дәрігеріңіз, ем қабылдау барысында төсек қатынасын тоқтата тұруыңызға кеңес береді. Бірақ көптеген әйелдер ем аяқталғаннан кейінгі бірнеше аптадан соң жыныстық қатынаста бола алады.

Әсіресе, радиотерапиямен емделу кезеңінің соңғы апталарында, сіз өзіңізді ерекше шаршаңқы сезінуіңіз мүмкін . Тынығу өте маңызды нәрсе, дегенмен дәрігерлер емделушілерге белсенді өмір салтын ұстануды ұсынады.Сәулелендіру терапиясы айтарлықтай жағымсыз болғанымен, дәрігеріңіз жағдайыңыздың жақсаруы үшін түрлі жолдарын қарастыруы мүмкін.

Химиотерапия

Химиотерапияның жағымсыз әселі негізінен дәрі-дәрмектердің ерекшеліктері мен қолдаған мөлшеріне бйланысты болады. Дәрілер обыр жасушаларына әсер етеді де, снымен қатар, жасушаларға жылдам таралып кетеді:

• Қан жасушалары: Бұл жасушалар инфекциямен күреседі, қан айналымына қатысады және бүкіл ағзаға оттек тасымалдауға ықпал етеді. Дәрінің қан жасушаларына әсер етуінен ағзадағы инфекцияның көтерілуі мүмкін, көгерулер лезде түзіледі, адам өзін-өзі әлсіз жене шаршаңқы сезінеді.
• Шаш түбірі жасушалары: Химиотерапияның әсерінен шаша түсуі мүмкін. Алайда, ол қайта өседі, тек түсі мен құрылымы өзгеруі мүмкін.
• Ас қорыту жолдарындағы шырышты жасушалар: Химиотерапиядан тәбет нашарлауы мүмкін, жүрек айну, құсу, іш өту немесе ауыз бен еріннің ойылуы деген секілді ыңғайыздықтар болуы ықтимал.

Цервикальді обырды емдеуге арналған дәрілер теріден бөрпелер шығаруы мүмкін, құрғау секілді, тепе-теңдікті жоғалту сияқты, сонымен қатар бұйындардың ауруы не болмаса балтыр мен табандардың ісінуі дегендей жанама әсерлер туындауы мүмкін. Алайда, дәрігеріңіз сізге мұндай жағымсыз әсерлерді бақылауда ұстаудың түрлі нұсқаарын ұсынуы ғажап емес.

Қосымша және альтернативті медицина

Обырға шалдыққан кейбір адамдар қосымша және альтернативті медицинаны таңдайды:

Қосымша әдіс деп - обырды емдеудің стандартты түрімен қатар жүргізілетін ем шара түрін айтады. Мысалы химиотерапия және радиотерапяны қолдану. Альтернативті әдіс –стандартты емдеу әдісінің орнына қолданатын медицинаның түрі болып табылады.
Акупунктура (ине терапиясы), емдік массаж, өндірілген шөптер,дәрумендер немесе арнайы диета, визуализация, медитация және рухани тұрғыдан емдеу қосымша және альтернативті медицина түрлеріне жатады.

Қосымша және альтернативті әдістерінің терапиясының нәтижесінде, кейбір анкологиялық науқастардың жағдайларының жақсара түскендері байқалады. Алайда қосымша және альтернативті әдістерінің кейбір түрлері химиотерапия және радиотерапияның әсерінің механизмін өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұл өзгерістер науқасқа зиянын тигізіп жіберетінін ескеру керек. Сонымен қатар қосымша және альтернативті медицинаның кейбір түрлерін бөлек қолданған жағдайда да зиянды болып жатады. Кейбір қосымша және альтернативті медицинаның түрлерінің ақысы қымбат тұрады.

Аурулардың күтіміне қолдау көрсету

Қатерлі ісік секілді күрделі аурумен өмір сүру оңай емес. Кейбір адамдарға бұл аурумен байланысты эмоционалдық және практикалық мәселелерін шешу үшін көмек қажет. Ондай жағдайда ауруға қандай жағынан болсын көмек қолын созса да пайдалы болмақ. Бұл ұйғарым әсіресе батыс жақта жақсы дамыған. Қатерлі ісікпен ауыратындар мен аталмыш топтар бас қосып тұрады, әрқайсысы өз жағдайымен бөлісіп, аурумен күресуде және ауру салдарынан туындаған мәселелерді шешуде өздерінің білімі мен тәжірибелерімен алмасады.

Онкологиялық ауруы бар адамдар өз отбасы жайлы көп ойлайды, өзінің жұмыс орнының сақталуын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін жиі уайымдап жүреді. Тексерілу, ем қабылдау, ауруханаға жату туралы уайымдар, анкологиялық науқас адамдарға тән болып келеді. Онкологиялық ауруларды алаңдататын көптеген сұрақтарына әдетте медицина қызметкерлері жауап береді.

Тамақтану және дене белсенділігі

Онкологиялық науқастардың өздерін күтімілдеп жүрулері өте маңызды. Әрине, бұл жақсы тамақтану мен дене белсенділігінің максималды түрде қалыпта ұстауларын білдіреді. Мұндай науқастарға салмақтарын түсіріп алмау үшін, қажетті мөлшердегі калорияны тұтыну қажет. Жеткілікті мөлшерде ақуыздарды пайдаланған жөн. Жақсы тамақтану -жағдайларының жақсарып және көп энергия жинау үшін көмектеседі.

Әсіресе, ем қабылдау кезеңінде немесе ем қабылдап болғаннан соң тәбеттің нашарлауы мүмкін. Олар өздерін жайсыз сезініп, шаршап немесе ауыздарының дәм сезуі өзгеруі. Сондай -ақ емдік шаралардың жанама әсерлерінен, маңызды мәселелер туындауы мүмкін. Дәрігер, диетолог немесе басқа да медицина қызметкері тамақтануға байланысты туындаған мәселелерді шешу түрлерін ұсынып, көмектеседі.

Өз белсенділіктерін түсірмегеннің арқасында көптеген науқастар өздерін жақсы сезінеді. Жүру, йогамен айналысу, жүзу және басқа да жаттығулар мықты болуға, энергияны сақтап, өмірлік тоннуссты түсірмеуге көмектеседі. Жаттығулар жүрек айнығанды және ауырсынуды басып, сол арқылы ем жүргізу процесстеріне жеңілдік тудырады. Сонымен қатар, күйзелістен де арылтады. Физикалық тұрғыдан салмақ түсірмей тұрып өз дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз жөн. Егер физикалық жаттығулар ауырсынуды немесе басқа мәселелерді туындатса, дәрігеріңізге айтып, физикалық жаттығуларды өзгерту аясында кеңес алғаныңыз жөн.