Жүктелуде...
 

Үсу (үсіп қалу)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:44 - (1727 Оқылымдар)

Үсу – терінің тоңуы және тері асты тіндердің суықтан қатуы. Бұл жағдай, адамда - (0°C)-тан төмен температурада ұзақ жүріп қалғанда болып жатады.
Адамға суықтың әсері әр кезде әр түрлі болады: жәй салқын температура, ауа райының күрт өзгеруі немесе ылғалданудан адамда мұздау сезімдері белгі береді. Көбінесе табан тоңа бастайды, білектер, құлақтар, мұрын және бет суықтың әсерінен айқын белгі береді. Ерлердің бұттары да мұздап кетеді, егер жылы киінбесе.

Кальцидің қабатталуы - кальций тендониті

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:42 - (128 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру?
Кальций тендониті – бұл ауру кальций қабаттарындағы қанмен қамтамасыз етудің бұзылуынан және қабынуынан пайда болады. Мұның салдарынан жасушалар жарылып, дегенеративті өзгерістер пайда болады. Кальцидің созбалақтанып кетуі де осыдан.

Ортаңғы құлақтың қабынуы – құлақтың өткір инфекциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-08 06:41 - (7220 Оқылымдар)

Құлақ инфекциясының жиі кездесетін түрі – ортаңғы құлақтың қабынуы (ортаңғы құлақ биологиялық ғылыми термин). Бұл ауру - ортаңғы құлақ қуысына суық тиіп, қабынғаннан және жасушалардың ісінуінен пайда болады. Ортаңғы құлақ дыбыс жарғағының дәл артында оқшауланған.
Суретте: Құлақ құрылысы көрсетілген
Асқынған құлақ инфекциясы аз уақыттың ішінде дамиды және ауыр түрде өтеді. Құлақ инфекциясы ұзақ уақыт немесе белгілі бір уақытта қайталанатын болса – хроникалық құлақ инфекциясы деп аталады.

Аяқ-қолдың ісінуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:40 - (4908 Оқылымдар)

Баяу ісіну әдетте қауіпті емес. Жалпы ісінудің әсерінен буынның қалыпты қозғалысы тұйықталады немесе аяқты созу, бүгу барысында ебедейсіздік пайда болады. Егер ісік үйде-ақ емделсе және ешқандай басқа да симптомдар байқалмаса, онда дәрігерге барып қаралудың қажеті шамалы
Әдетте, аяқ-қолдың ісінуі жиі отырғаннан немесе ұзақ тұрғаннан пайда болады. Ол кейде, күннің ыстығынан немесе суықтан да болып жатады. Орындықта немесе сәл жантайыңқырап отырғанда және ісініп тұрған аяқты жоғары көтеріп қойса мұндай ісіктер тез қайтады.

Тырнақтың орнынан бөлініп қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:38 - (2194 Оқылымдар)

Тырнақ етінен ажырап қалған жағдайда, тырнақты алып тастап, орнын тазалап, құрғатады. Жаңа тырнақ өскенше күту керек.
Тырнақтың түсуіне себеп болатын инфекци немесе тері ауруы да емделуі керек. Егер тырнақ орнынан қозғалып бөлініп қалсса қайта орнына келтіру мүмкін емес. Орнына жаңа тырнақ өскенше күту керек. Әрине тырнақ тез өсе салмайды. Әдетте қол саусақтарының тырнақтары 6 ай ішінде, ал аяқ бармақтарының тырнағының өсуі 18 айға дейін созылады.
Қант диабеті және перифериялық қан айналымы төмендеуі қан ағымының азаюына және аяқтың сезімталдығының жойылуына соқтыруы мүмкін. Емделмеген тырнақ жарақаты асқынуға, ойық жаралар мен басқа да салмақты мәселелерге ұрындыруы мүмкін.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныстық аумақтағы сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:33 - (120 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.

Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.

Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.

Острицалар (ішік құрттары)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-08 06:32 - (154 Оқылымдар)

Бұл не? Острицалар – бұл кішкетай, жіп тәрізді домалақ ішек құрттар, олар көбінесе асқорыту жүйесін зақымдайды. Острицалардың ұзындығы 2 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Олар ішекте мекендеп адамның жеген тамақтарымен қоректене береді.

Остенонекроз (сүйектің өліеттенуі) – аваскулярлы некроз (өліеттетену)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:31 - (891 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Остеонекроз бұрын аваскулярлы некроз деп аталған. Бұл сүйек тіндеріне қанмен қамтамасыз етілудің төмендеп, не болмаса, тоқтап қалуының салдарынан сүйек тіндерінің қырылуы.

Ауыздан аққан қанды тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:30 - (199 Оқылымдар)

Ауыздан аққан қанда қалай тоқтатуға болады?

Шұғыл көмекті қажет етпейтін жағдайда, тері жарақатының басқа адамның қанымен араласып кетпеуі үшін мынадай сақтық шараларын қолдануға болады.

Бірінші дәрежелі күйік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:27 - (596 Оқылымдар)

Бірінші дәрежелі күйік деп – күннің астында ұзақ жүргенде дене терісінің үстіңгі қабатынның қызалып кетуін айталды. Бұлай күйген кезде адамның ыстығы аздап көтеріліп, терінің беті суланып, сыздап тұрады.

Тілді таңдау