Жүктелуде...
 

Иценко-Кушинг синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 10:14 - (198 Оқылымдар)

Иценко-Кушинг синдромы – бұл гормоналды бұзылыс. Ол ағзаның кортизонның шамадан тыс бөлінуінен туындайды. Кортизон - бұл бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан түзілетін гормон.

Қарапайым герпес (ұшық)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 09:39 - (253 Оқылымдар)

Ауыз аймағындағы герпес (ауыз герпесі) – қарапайым герпес вирусынан туындаған ерін, ауыз немесе қызыл иектің жұқпалы ауруы. Ауру – ауыртатын кішкентай күлдіреуікпен сипат береді, әдетте оны суық ойық жара немесе қызбалы күлдіреуік деп атайды. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.

Периодонтит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 09:18 - (192 Оқылымдар)

Периодонтит – деп, тісті ұстап тұратын байламдардың қабынып, індет жұқтыруын айтады.
Қызыл иектің ауытқымалы ұлғаюы, томпаюы немесе ісінуі аурудың симптомдары болуы мүмін.

Жедел ревматиялық қызба

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 09:15 - (163 Оқылымдар)

Жедел ревматиялық қызба – бұл қабынбалы ауру. Ол А тобындағы стрептококктық бактериялар (жіті фарингит немесе скарлатина) тудыратын инфекцияның нәтижесінде дамиды.

Пресбиопия (егде жастағы адамдардағы алыстан көргіштік)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 08:35 - (334 Оқылымдар)

Пресбиопия (егде жастағы адамдардағы алыстан көргіштік) – бұл адам ағзасындағы жас өзгерістеріне байланысты көздің көру қабілетінің нашарлауының табиғи процесі.

Инфекциялық артрит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:31 - (187 Оқылымдар)

Инфекциялық артрит (син. іріңді артрит,септикалық артрит) – бір немесе бірнеше буынның ауыр түрде қабынуы. Егер оны тез арада емдемесе буынның қайтымсыз бұзылыстарына алып келуі мүмкін.

Аспергиллез

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:30 - (156 Оқылымдар)

Аспергиллез – саңырауқұлaқтық инфекциялық ауру, әсіресе теріні зақымдайды, сондай-ақ, құлaқты, мұрын құысын және иммун жүйесі әлсіреген адамдардың өкпeсіне зардабын тигізеді.

Аспирин және Рей синдромы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:29 - (229 Оқылымдар)

Рей синдромы – 5 жасқа дейінгі балалардың бауырлаpында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны өткергеннен кейін пайда болады. Шамасы, аспиринді қабылдау осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға инфекция кезінде аспирин қолданбау керек. Тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс болады.

Атеросклероз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:27 - (133 Оқылымдар)

Атеросклероз - бұл артерияның ішкі қабатында холестериннің қалдықтарынан құралған түйіндердің тұрып қалуынан пайда болатын артерияның созылмалы ауруы болып табылады. Біраз уақыт өткеннен кейін сол түйін маңында дәнекер тін өсіп (склероз) және кальцийдің сіңбеленуінен тамыр қуысының толық бітелуі жүреді, ал бұл өз кезегінде осы артериямен қанданып тұрған мүшенің қан айналым жеткіліксіздігіне әкеледі.Осы қан айналым жеткіліксіздігі ұзақ уақытқа созылатын болса, мүшеде гангрена,некроз дамуы мүмкін.

Тілді таңдау