Жедел ревматиялық қызба – бұл қабынбалы ауру. Ол А тобындағы стрептококктық бактериялар (жіті фарингит немесе скарлатина) тудыратын инфекцияның нәтижесінде дамиды. Ауру жүрекке, буынға, теріге және миға әсер етуі мүмкін.

Себептері
Ревматиялық қызба жүрек қақпақшаларының зақымдануына себеп болатын, бүкіл әлем бойынша кең таралған ауру. Ревматиялық жедел қызба эпидемиялық таралмалы індет болып табылады.
Ауруға шалдығатын адамдардың басым бөлігі 5-15 жас аралығындағы балалар және бұл індет ангина немесе скарлатинадан кейін шамамен 14-28 күн өткеннен кейін байқалады.

Ауру симптомдары:
• Асқазандағы ауыру сезімі
• Қызба
• Симптомы білінбейтін немесе ентігу мен көкірек қуысында ауыру сезімі байқалатын жүректегі қындықтар
• Буындардығы ауыру сезімі, артрит (көбіне тізе, шынтақ, тобық және білектерде)
• Буындардың ісінуі, қызаруы және қызуы
• Мұрыннан қан кету
• Терідегі түйіншелер
• Терідегі бөртпелер (ревматоидты эритема)
• Кеудеде және қол немесе аяқтың жоғарғы бөлігіндегі терілік бөртпелер
• Сақина тәріздес немесе жылан тәріздес бөртпе
• Сиденгама ауруы (эмоциялық тұрақсыздық, бұлшықет әлсіздігі және үйлесімсіз шапшаң қозғалыстар (көбіне бет, қол-аяқты зақымдайтын).

Диагностикасы мен талдаулары
Дәрігер диагностикалау үшін пациенттің тамыр соғысын, жүрек соғу ырғағын, терісін және буындарын қарап тексереді.
Талдауларға мыналар жатады:
• Стрептококктік инфекцияны анықтау үшін қан талдамасын алу
• Жалпы қан талдамасын алу
• Электрокардиограмма
• Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) тексеру
Науқаста ревматикалық жедел қызбаның барын көрсететін негізгі және қосымша көрсеткіштер болады.
Негізгі көрсеткіштерге жатады:
• Бірнеше үлкен буындардың артриті (полиартрит)
• Жүректің қабынуы
• Тері астындағы түйіндер
• Өткір, тырыспалы қозғалыстар
• Терідегі бөртпелер
Аурудың қосымша симптомдары:
• Қызу
• Эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
• Буындардағы ауырсыну
• ЭКГ-ның ауытқымалы көрсеткіштері
Жоғарыда көрсетілген симптомдардың кемінде екеуі болса ревматикалық қызбаның диагнозы қойылады.

Емдеу
Жедел ревматиялық қызбада науқастарға антибиотиктер тағайындалады. Аспирин немесе кортикостероид сияқты қабынуға қарсы препараттар қабыну деңгейін төмендетеді, сондай-ақ ауруды бақылауға көмектеседі.
Жедел фарингиттің қайталануын болдырмау үшін пациент ұзақ уақыт бойы антибиотиктердің аз дозасын қабылдауы керек.

Аурудың ағымы
Егер ауру қайтадан пайда болса, дәрігер ауру алғаш анықталғаннан кейін 3-5 жыл ішінде антибиотиктердің аз-аздан дозасын тағайындай алады. Жедел ревматикалық қызба жүрек қақпақшаларын зақымдаған жағдайда, жүрек қызметінде ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар
• Аритмия
• Жүрек қақпақшаларының зақымдануы
• Эндокардит
• Жүректің тоқтауы
• Перикардит
• Ревматикалық хорея
Дәрігерге қашан қаралу керек
Ревматиялық қызбаның симптомдары пайда болса, өз дәрігеріңізге хабарласыңыз. Ұқсас белгілері бар бірнеше басқа да аурулар болғандықтан, тиісті дәрігерлік диагностикадан өту қажет болады.
Егер сізде жедел фарингиттің симптомдары пайда болса, міндетті түрде бұл жайлы өз дәрігеріңізге хабарлаңыз. Егер сізде осы ауру анықталатын болса, онда ревматиялық қызбаның пайда болу қаупін азайту үшін арнайы емдеу қажет болады.
Алдын алу
Ревматиялық қызбаның алдын алудың ең маңызды жолы – ангина мен скарлатинаның уақтылы емі.

Тегтер:
жедел ревматиялық қызба
ЖРҚ
аритмия
жүректің тоқтауы
Ревматизм
эндокардит
перикардит
жүрек қақпақшаларының зақымдануы
ревматиялық хорея