Жүктелуде...
 

Хондрогенез

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:54 - (152 Оқылымдар)

Хондрогенез (хондромалакция деп те аталады ) – негізінен тізенің артқы жағындағы тегіс шеміршектің патологиялық жұмсаруы немесе бұзылуы. Тізе бүгіп отыру барысында, баспалдақтармен төмен түскенде, ұзақ уақыт бойы отырғанда шеміршектің ауырсынуы пайда болады.

Хламидиоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:49 - (353 Оқылымдар)

Хламидиоз – ерлердің және әйелдердің несеп жолдарында, жатыр мойынында немесе репродуктивті органдарында (кейде барлық үш органдарда да ) бактериялық инфекциясының пайда болуы . Хламидиялар жыныстық жолмен беріледі. Көптеген елдерде бұл аурудың түрлері кеңінен таралған.

Холестерин

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:47 - (214 Оқылымдар)

Холестерин - организмнің көптеген маңызды функцияларына қажет болатын майдың түрі (липид). Мысалы, ол жаңа жасушалардың қалыптасуына қатысады. Холестериннің жоғары мөлшерде болуы жүрек ауруы мен инсульт қаупін арттырады.

Химиялық қышқылдардан болған күйіктер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-03 08:07 - (2021 Оқылымдар)

Химиялық заттардан болған күйік, теріге шектеулі түрде ғана реация береді, негізі жалпы реакциясы одан күштірек.

Қышқылдық заттарға дәретханаға арналған тазартқыштар, аккумулятор қышқылы, ағартқыштар, химиялық заттар, өнеркәсіпте улау үшін пайдаланылатын кристалдардың бөліктері, сондай-ақ газ қосылған химикаттар жатады. Қатты және сұйық қышқылдар түріне қарай түрлі жарақат тудыруы мүмкін, әрине ол қышқылдың денемен жанасуда күші мен ұзақтығына қарай. Жанасқан жердің айналасына күйік қатты тарала қоймайды, және тіндер(ткани) терең зақымданбайды. Бірақ олар жеткілікті түрде салмақты жалпы реакцияға ұрындыруы мүмкін .

Холецистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 03:51 - (189 Оқылымдар)

Созылмалы холецистит – ұзақ уақыт бойы сақталатын өт қабының ісінуі және тітіркенуі.

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

Өт қабы бауырдың астында орналасқан шағын қапшық тәрізді ағза. Ол бауырда өндірілетін өтке толады. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Тілді таңдау