Хламидиоз – ерлердің және әйелдердің несеп жолдарында, жатыр мойынында немесе репродуктивті органдарында (кейде барлық үш органдарда да ) бактериялық инфекциясының пайда болуы . Хламидиялар жыныстық жолмен беріледі. Көптеген елдерде бұл аурудың түрлері кеңінен таралған.

Сондай-ақ хламидиоз инфекциясы тік ішекке және көздің шырышты қабатына зақым келтіруі мүмкін.
Хламидиоз әсерінен қынаптан немесе жыныс мүшесінен бөлінділер ағып, зәр шығару кезінде ауыртуы мүмкін.
Дегенмен, көп жағдайда симптомдар байқалмайтындықтан, адам өзінің инфекция жұқтырғанынан бейхабар күйде болуы мүмкін. Хламидиозды емдемесе, жамбас органдарының қабынуына және әйелдер мен еркектердің бедеулігіне әкелуі мүмкін.

Инфекция жұқтырған адамның бөліндісі көзге тиетін болса, оны да зақымдайды. Егер бактерия анасында болса, бала туған кезде, баланың көзін немесе өкпесін (пневмания) инфекциямен зақымдауы мүмкін . Әдетте көздің инфекциясын болдырмау үшін, туылғаннан кейін көзіне дереу антибиотиктерді тамызады.

Хламидиозды антибиотиктермен есмдеуге болады. Сонымен қатар, жыныстық серіктестерді де бір уақытта емдеу қажет.

Тегтер:
хламидиоз белгілері
Хламидиозды емдеу
Жыныстық жолмен берілетін хламидиоз инфекциясы