Жүктелуде...
 

Жатыр мойнының қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 03:49 - (12360 Оқылымдар)

Жатыр мойны - әйелдің өндірістік орны болып табылады. Ол жатырдың төмен орналасқан тар бөлігі. Жатыр – өзі толық бір мүше болып саналады, оның кейпі алмұрт тәріздес. Орналасқан жері - құрсақ құысының төменгі бөлігінде. Жатыр мойны жатырды қынаппен байланыстырады. Қынап мүшенің сыртқы айналасын толық қамтиы. Мойындық арна байланыстырушы түтік болып табылады. Ол арқылы әйелдің етеккірі кезінде жатырдағы қан қынапқа келеді. Жатыр мойнында да шышыш өндіріледі. Шырыш шәуеттің қынаптан жатырға қарай көтерілуіне жағдай жасайды. Жүктілік кезінде жатыр мойны іштегі ұрықты ұстап тұру үшін мығым жабылып тұрады. Босану кезінде мойындық баланы қынаптан шығару үшін керіледі (ашылады).

Жүректің тоқтауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:57 - (1990 Оқылымдар)

Жүректе жүрек соғысының ырғағын басқаратын электр жүйесі бар. Жүректе болатын ауытқулардың себебі осы ырғақтың бұзылу салдарынан туындайды. Мұны аритмия деп атайды.
Аритмияның бірнеше түрі бар. Аритмия кезінде жүрек өте жиі немесе өте баяу соғады, немесе жүрек мүлдем соқпай қалады. Кенеттен болатын жүрек тоқтаулары да осы аритмияның салдарынан болады. Жүректің тоқтауы мен жүрек ұстамасы бір-бірінен айырмашылығы бар, ұстама кезінде қан ағымы тежеледі, ал жүрек соғысы тоқтамайды.

Жатыр түтіктерін байлау

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:13 - (389 Оқылымдар)

Жатыр түтіктерін байлау – бұл тұрақты түрде жүктіліктің алдын алуға (стерилдеу) әйел адамдарға жасалатын операцияның түрі. Жатыр түтіктерін байлағанда ұрықтанудың алдын алу мақсатында фаллопий түтігі жабылып, ол шәуеттің аналық жасушаға түсуін алдын алады.

Жазу кезіндегі қолдың құрысуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:03 - (647 Оқылымдар)

Жазу кезіндегі қолдың құрысуы қолмен немесе саусақпен қозғалысты көп рет қайталағанда, мысалы, жазғанда немесе баспа құралымен тергенде дамиды. Ауырсыну әдетте қозғалысты үзіліссіз қайталағанда өрши түседі.

Жалпақ теміреткі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:01 - (197 Оқылымдар)

Жалпақ теміреткі - бұл сирек, қайталанатын тері ауруы. Ол қышитын, жылтыр, терідегі қызыл-күлгін дақты аймақ, ауызда ақ-сұр түсті дақты аймақ және аздаған дақты шаш түскен аймақ ретінде көрінеді (атрофиялық тыртықты алопеция).

Жалпақ теміреткінің симптомдары кенеттен және біртіндеп пайда болады. Ең алғаш пайда болған теміреткі бірнеше аптаға немесе айға, ал оның қайталануы бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Жарық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 11:43 - (153 Оқылымдар)

Жарық – бұл іш (ішастар) қуысының қабығынан түзілген қап. Жарық саңылау немесе бұлшықеттерді жауып тұрған ішастар қуысының әлсіз жерлері арқылы сыртқа шығады. Бұл қабық фасция деп аталады.

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:06 - (125 Оқылымдар)

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуін хош иістендірілген сабын және ұнтақтар, кір жуғыш ұнтақтар, нашар гигиена немесе қатты немесе бояғыш матадан жасалған іш киімдер, сонымен қатар, әйелдерге арналған гигиеналық төсемдері шақыруы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы қыздарда жыныс мүшелерінің терісінің тітіркенуі, әдетте, жеткіліксіз гигиенадан туындайды.

Жүректің тосыннан тоқтап қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:40 - (982 Оқылымдар)

Жүректе электірлік жүйе бар, ол жүрек соғысының ритмін бақылайды. Жүректе проблема туындаса, ол жүрек соғысы ритмінің бұзылуынан болады, мұндай күрделі проблеманы аритмия деп атайды.

Жүктілік кезінде қандай жағдайлар орын алады

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:21 - (60269 Оқылымдар)

Ұрықтану кезінде эмбрион жатырдың ішкі қабырғасына жабысады және ол жерде көлемі ақырындап үлкейіп, даму процессін бастайды. Акушерлік-гинекологияда ұрықтың нақты уақытын анықтау қиын, сондықтан эмбиронның жасын білу үшін соңғы етеккір келген күннен бастап, ұрық болып қалыптасқан алғашқы күнді есептеу арқылы тұжырымдама жасалынады. Жүктілік уақытын «гестанционды кезең» деп аталатын жолмен есептейді. Етеккірлік циклдің алғашқы 10 күні «аналық жасушаның жетілуі» (ovulytsiy ) деп аталады. Бұл уақытта аналық жасуша аналық безден фаллопиев түтігі бойымен жіберіледі, ол жерде аталық жасушамен (еркектің шәуетінің құрамында болатын ұрықтанатын жасуша) тоғысады, содан ұрық пайда болады, оны ұрықтану деп атайды. Ұрықтану кезінде аталық жасуша аналық жасушамен шағылысып ұрықтық тұқым түзеді, оны ұрықтанған жасуша (zigota) деп атайды. Бұл кезде ата-аналық (жұмыртқа) және әкесінің (ұрықтың) генетикалық материалдың (хромосомалардың) бірігеді: ұрықтың генетикалық материалы, ол ана мен әкесінің бірдей хромосомалары болып табылады. Сонымен қатар, зигота ары қарай екі клеткаға бөлінеді, содан кейін төрт, сегіз, он алты және т.б. жасушаларға бөліп отырады.

Жыныстық ынталандыру: тартымдылықтың нақты себептері

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 04:57 - (785 Оқылымдар)

Ғалымдар әйелдердің бойынан 200-ден астам түрлі жыныстық ынталандыруды анықтады. Бұған таңырқамай-ақ қойса да болады, олар әртүрлілігімен ерекшеленеді - ең қарапайымнан («Маған қызықсыз») руханиға дейін («Мен Құдайға жақын болғым келді»), альтруисттер арасында («Мен, өз күйеуімнің өзі жайында жақсы пікірде болғанын қалаймын») және тіпті кек алу мақсатында («Мен күйеуімді алдағаны үшін жазалағым келді») секілді ынталандырулар болып жатады.

Тілді таңдау