Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Ойық жаралы-шірік гингивит («траншеялы ауыз») – бұл аурулы бактериялық инфекция, қызыл иекте қабынбалы ойық жара түрінде дамиды.

Себептері
Ойық жаралы-шірік гингивит – қызыл иек ауруының бірден бір қабынбалы түрі. «Траншеялы ауыз» термині алғаш Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды, ол кезде бұл аталмыш ауру әскерлер арасында кеңінен тараған болатын.

Ауыз қуысында түрлі бактериялар қалыпты түрде қоректенеді. Ойық жаралы-шірік гингивит ауыз қуысындағы бактериялардың шамадан тыс тез дамуынан, ауыздағы үйлесімділіктің бұзылуынан туындайды. Қызыл иек инфицирленеді, оның салдарынан аурулы ойық жара пайда болады. Потологиялық процессте де вирустар қатысады, бактериялардың тез өсуіне сәйкестендіріледі.

Ауру дамуының қауіпті факторлары:
• Эмоционалді күйзеліс;
• Ауыз қуысында гигиенаны сақтамау;
• Нашар тамақтану;
• Шылым шегу;
• Ауыз қуысындағы, тамақ пен тістегі жұқпалы ауру.
Бұл ауру сирек кездеседі. Көп шалдығатындар 15 пен 35 жас арасындағы адамдар.

Симптомдары
• Ауыздан жағымсыз иістің шығуы
• Кратертүрлі тістер арасындағы ойық жара
• Қалтырау
• Ауызда жағымсыз дәмнің болуы;
• Қызыл иектің қызаруы және існуі;
• Қызыл иекті сұршыл қақтың байлануы;
• Қызыл иектің ауыруы;
• Кез-келген қысым түскенде немесе тітіркенген кезде қызыл иектің шамадан тыс қанауы.
Ескерту: симптомдар күтпеген жерден пайда болады.

Диагностикасы
Ойық жаралы-шірік гингивит кезінде дәрігер сіздің ауыз қуысыңызды тексереді:
• Ішінде тамақ қалдықтары мен тіс қақтары толған кратер тәрізді жара;
• Тіс айналасы қызыл иегі тіндерінің бұзылуы;
• Қызыл иектің қабынуы.

Ауыз қуысындағы қызыл иек тіндерінің ыдырауы салдарынан сұр қақтар байлануы мүмкін. Кейде қалтырау орын алуы мүмкін және бас пен мойынның лимфа түйіндері үлкеюі ықтимал.
Инфекциялық процесстің белгілі бір массштабын анықтау үшін және тіндердің зақымдануын бағалау үшін ауыз қуысына немес бетке рентгенологиялық тексеру жүргізілуі мүмкін.
Бұл ауру сондай-ақ қоздырғыш дақылдарды анықтау үшін жұтқыншақтан жұғынды алу арқылы диагностикаланады.

Емдеу
Емдеудің басты мақсаты ауру симптомдарын жеңілдету және инфекциямен күресу болып табылады. Сіздің дене қызуыңыз қатты көтерілсе, дәрігер антибиотиктерді тағайындауы мүмкін.
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау ойық жаралы-шірік гингивитінің еміне, сондай-ақ өмір үшін маңызды шара болып табылады. Тісіңізді мұқият тазалаңыз және кем дегенде күніне екі рет тіс жібін пайдаланыңыз, бірақ, ең дұрысы тамақтан кейін осы жосықты орындаған жөн.

Ауыз қуысын тұзды ертіндімен шайыңыз (1/2 шай қасық тұзды 1 стақан суға саласыз) сөйтіп қызыл иектің қабынуын басасыз. Қызыл иекті шаю үшін сілтілі суттекті қолдансаңыз, өлген тіндерді жоясыз. Ауыз қуысының қабынуына, сондай-ақ шаю үшін хлоргексидинді пайдалансаңыз болады.
Тыныштандырғыш дәрілік препараттар (аналгетиктер) жағымсыздықты жеңілдетуге көмектеседі. Жайландырғыш шаюлар немесе жапқыш агенттер,әсіресе тамақтан кейін ауырсынуды жеңілдетеді. Қатты ауырған кезде қызыл иегіңізге лидокаинді бассаңыз болады.

Дәрігер сіге ауыз қуысыңызды кәсіби тазалатудан өткізу үшін және қақтарды жою үшін тіс дәрігеріне қаралуды ұсынуы мүмкін, ол арқылы қызыл иегіңіздің ауруын басуға болады. Жазылғанға дейін сізге тұрақты түрде ауыз қуысыңызды кәсіби тазалатудан өткізіп, тіс дәрігерінің қарауында болу маңызды болмақ.

Ауру қайта мазаламас үшін, сіздің емдеуші дәрігеріңіз сізге төмендегідей қолданымдарды ұсынуы мүмкін:
• Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, ол үшін дұрыс тамақтанып, жаттығулармен шұғылданыңыз;
• Ауыз қуысының гигиенасын сақтаңыз;
• Күйзелісті болдырмау керек;
• Шылым шегуді тыйыңыз.

Ауыз қуысыңызды тітіркенуден қорғаңыз, әсіресе шылымнан, ыстық тамақ ішуден немесе ащы тағамдарды жеуден.

Болжамы
Инфекция әдетте емдеу кезіне жауап береді. Ем басталмай тұрып ауру жеткілікті түрде ауырта түседі. Егер ойық жаралы-шірік гигивит уақытылы емделмесе, инфекция ұртқа, ерінге, жаққа таралады немесе сол жерлердің тіндерін бұзады.

Асқынған жағдайда
• Сусыздану;
• Тістердің түсуі;
• Ауру;
• Периодонтит;
• Инфекцияның таралуы.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде ойық жаралы-шірік гингивиттің симптомдары көрініс берсе, қалтырау пайда болса немесе басқа да симптомдар бой көтере дәрігерге хадарласыңыз.

Алдын алу
Алдын алу шаралары төмендегідей әрекеттермен толығады:
• Жалпы денсаулық жағдайын жақсарту;
• Дұрыс тамақтану;
• Ауыз қуысының гигиенасын сақтау керек, ол үшін тісті мұқият тазалап, тіс жіптерін тұрақты қолданып тұру керек.
• Күйзеліске ұрынбау керек;
• Тіс дәрігеріне тұрақты түрде қаралып, кісіби тіс тазалығын жүргізіп тұрыңыз;
• Шылымнан бас тартыңыз.

Синонимдері
Венсан Стоматиті; асқынған шірік жаралы гингивиті

Тамақ мәселелері (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
Венсан стоматиті
стоматит
асқынған шірік жаралы гингивиті
ойық жара
гингивит
ауыз
қызыл иек
қабыну