Мазмұны

«Ауыздың ашып ауруы» деген не?

«Ауыздың ашып ауруы» синдромының сипмтомдары қандай болады?

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы қандай себептерден туындайды?

«Ауыздың ашып ауруы» синдромын дәрігер қалай диагностикалайды?

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы әдетте қалай емделеді?

Жағымсыз сезінуді жеңілдету үшін қандай шараларды орындауға болады?

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы деген не?
«Ауыздың ашып ауруы» синдромы – ауыз қуысында, ерінде , немесе тілде ауырсыну және жайсыздық белгілерінің пайда болуын айтады. Егер бұл ауырсынудың нақты басқа да себептері болмаса, онда бұл «Ауыздың ашып ауруы» синдромының алғашқы белгілері болып табылады. Егер ауырсыну басқа ауру түріне байланысты болса, онда бұл – екіншілік «Ауыздың ашып ауруы» синдромы деп аталады.

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы ер және әйелдер арасында бірдей тараған, дегенмен, әйел адамдар арасында жиі кездеседі. Көбінесе әйелдердің менапауза немесе содан кейінгі кезеңдеріне тән жағдай болып табылады.

«Ауыздың ашып ауруы» синдромының белгілері қандай болады?
«Ауыздың ашып ауруы» синдромына шалдыққан адамдар үнемі ауыздарын ыстық суға күйдіріп алғандай сезімде жүреді. Сондай- ақ ауыз қуыстары құрғап, ауырсыну мазалап, ауыздарында ащы немесе темір дәмі татып тұруы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан кейбір адамдардың ауыз қуысы үнемі ауырып тұрады. Басқа адамдарда ауырсыну басылып, кейде қайта өршіп тұруы мүмкін. Ауырсынулар күннің ерте уақыттарында аз білініп, қалған бөлігінде біртіндеп асқынуы мүмкін.

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы қандай себептерден туындайды?
Зерттеушілер мұндай ауырудың себебінің бірі - тілдегі дәм сезгіш және ауыру сезімдерін басқаратын жуйкеге байланысты деп жорамалдайды. Басқа да мүмкін болатын себептерге мыналар жатады:
• Нәрлі заттардың тапшылығы
• Азық-түліктерде болатын дәмдеуіштермен қоспаларға болатын аллергия
• Кейбір дәрі дәрмектерді қолдану
• Менапауза кезіндегі әйел ағзасындағы горманалды өзгерістр
• Ауыздың құрғауы

Қышқыл рефлюксі сияқты ауру түрі де ауыз қуысының күюіне себеп болуы мүмкін.
«Ауыздың ашып ауруы» синдромына шалдыққан адамдардың көпшілігінде күйзеліс пен мазасыздық кездеседі. Бірақ бұл мәселе аурудың себебіне жата ма жоқ әлде,ауыздағы ұзақ уақыт бойғы ауырсынудан күйзеліс пен мазасыздық пайда бола ма нақтысы белгісіз.

«Ауыздың ашып ауруы» синдромын дәрігер қалай диагностикалайды?
«Ауыздың ашып ауруы» синдромын диагностикалаудың қарапайым әдісі жоқ. Күюіп тұрудың нақты себебін анықтау үшін, дәрігер ауыз қуысын қарап шығып, ауру кезеңін егжей – тегжейлі сұрастырады. Сондай-ақ, бірнеше зерттеулер жүргізіп, бұл белгілердің пайда болу себептерін анықтауға тырысады. Егер ешқандай да басқа себептер анықталмаса, онда сізде,бастапқы «Ауыздың ашып ауруы» синдромы болуы мүмкін.

«Ауыздың ашып ауруы» синдромы әдетте қалай емделеді?
Емдеу тәсілі ауыз қуысында пайда болған ауру себептеріне байланысты жүзеге асады. Егер дәрігеріңіз ауру тудырып тұрған нақты мәселені тапса онда, сол мәселеге байланысты ем қолдану арқылы ауру белгілерін жеңілдетуге болады. Мысалы, кандидоз деп аталатын ашытқылы инфекциясының белгілері табылса, саңырауқұлақ инфекциясына қарсы дәрі дәрмектер қолдану арқылы емдеуге болады. Арнайы сілекей алмастырғыштар ауыздағы құрғақтықты басуы мүмкін. Нәрлі заттардың тапшылығы болған жағдайда, дәрігер сізге темір, фолий қышқылы, цинк немесе В тобындағы дәрумендерді қабылдауыңызды ұсынады.

Егер дәрігер белгілердің себебін анықтай алмаса, емдеу тәсілін ауырсынуды басуға, жағымсыз белгілерін жоюға бағыттайды. Сондай – ақ, күйзеліс пен мазасыздықты емдейтін дәрі дәрмектер де «Ауыздың ашып ауруы» синдромы кезінде пайдалы болуы мүмкін. Мұндай дәрі -дәрмектер не үшін пайдалы екені белгісіз. Ауыз қуысындағы жүйке жүйеге әсер етуі мүмкін деп есептеледі. Бақытқа орай, мұндай ауру белгілері бар адамдардың 30-50 %-ы өздігінше жазылып кеткен. Ем шарасыз-ақ емделу әбден мүмкін болады.

Жағымсыз сезінуді жеңілдету үшін қандай шараларды орындауға болады?
Төменде «Ауыздың ашып ауруы» синдромының белгілерін жеңілдетуге арналған кейбір кеңестер берілген:
• Сұйықтықты көбірек ішіңіз
• Аузыңызда мұз бөлшегін ұстап тұрыңыз
• Ыстық, тәтті тағамдарды пайдаланбаңыз
• Құрамында спирт бар, ауыз шайғыштарды пайдаланбаңыз
• Басқа маркадағы тіс пастасын қолданып көріңіз
• Құрамында көп мөлшерде қышқыл бар, цитрустық немесе газды сусындар мен кофелер сияқты азық-түлік түрлерін пайдаланбаңыз
• Алкоголь мен табак өнімдерін қабылдамаңыз

Ауыз қуысындағы мәселелер (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
ауыз
ауызда күюі
ауыздың ашып ауруы
симптом
емі
ауруы
тіс дәрігері