Мазмұны

Шолу

Қауіпті топтар

Симптомдары

Өзіне күтім жасау бойынша кеңестер

Дәрігерге қашан қаралу керек

Шолу
Кандидозды стоматит та монилиоз секілді көпке белігі ауыз қуысы мен тамақтың ашытқылы инфекциясы болып табылады. Аурудың жиі қозғайтын қоздырғышы Candida Albicans ашытқы тәрізді саңрауқұлағы болып табылады.

Қауіпті топтар
Кандидозды стоматитпен балалар жиі ауырады. Аталмыш ауруға тап болатын қауіпті факторларға мыналар жатады:
• Қант диабеті немесе басқа да эндокринді аурулар;
• Жасанды тіс салып жүретіндер;
• Ұзақ уақыт антибиотик қабылдағандар;
• Химиотерапия;
• Кейбір дәрілік препараттарды қабылдағанддар;
• Жеткілікті тамақтана алмайтындар;
• АИТВ инфекциясы секілді, иммунды жүйесі әлсірегендер;
• Өкпе ауруын емдеу үшін стериойдты шайғыш дәрілерді қолданатындар;
• Жүкті әйелдер және жүктілікке қарсы таблеткаларды қабылдағандар.

Симптомдары
Кандидозды стоматит ауыз қуысының жоғарғы жағында, тамақта, тілде және ерінде ақ немесе ашық-сары түсті дақтардың пайда болуымен көрініс табады. Оның сыртқы түрі кәдімгі ірімшікке ұқсап келеді. Дегенмен бұл қақатарды қырып ару қиынға соғады, және оның салдарынан ойық жаралардың пайда болуына апаруы ықтимал.
Стоматит кезінде науқастар ауыз қуысы мен тамағында ысыған сезімді сезінуі мүмкін.

Өзіне күтім жасау бойынша кеңестер
Аталмыш ауру кезінде тамақ, сұйықтық ішу қиынға соғады, сондықтан кандидозды стоматитпен ауыратын науқастарда сусыздану жағдайы дамиды.
Сондықтан жеткілікті тамақтанып, көп мөлшерде сұйықтық ішу керек.
Стоматит кезінде емделу үшін дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдау керек.

Медициналық көмекке қашан жүгіну керек
Кандидозды стоматит кезінде дәрігерге ерте хабарласып, дәрілік препараттарды ерте қолдану маңызды болып табылады. Иммун тапшылығы бар адамдарды емдеу барынша агрессивті түрде өту керек. Дер кезінде емдеу, алдағы уақытта қан айналымына және басқа да органдарға ашытқылы саңырауқұлақ инфекциясының еніп кетуінің алдын алады. Егер кандидоз кезіндегі ақ немесе сары қақтың пайда болуы дене қызуының көтерілуіне, қақсауға, құсуға немесе жалпы жағдайдың нашарлауына әсер ететін болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.