Егер сіздің қызыл иегіңіз ауырса, ыңғайсызданбаңыз, сіз жалғыз емессіз. Қазіргі уақытта ересек адамдардың көбінде осындай немесе осыған ұқсас аурулар туындауда. Аталмыш аурулар алдымен қабынудан басталады, оны гингивит деп атайды. Содан соң тісті ұстап тұратын сүйектер мен тіндер зақымданады. Қызыл иектің ауруы асқынып кетсе тістердің түсуіне бірден-бір себеп болады.

Гингивит кезінде қызыл иек ісініп, қызарып кетеді. Содан, қанағыш болып қалады. Негізі гингивит аурудың жеңіл түрі болып есептеледі. Негізінде, гингивит кезіндегі қабынбалы процесс күнделікті тіс тазалағанда, тіс жіптерін пайдаланғанда немесе тіс дәрігері мен гигиенистке қаралғанда төмендейді. Егер гингивитті емдемесе, ол перондитке ауысып кетуі ықтимал. Периодонтит кезінде қызыл иек зақымданады да, тістерден ажырап, қалташалар түзіле бастайды. Егер бұл ауруды емдемесе, тісті ұстап тұратын, қызыл иек пен тіндерді байланыстырып тұратын сүйектер бұзылады.

Тегтер:
қызыл иек
қызыл иектің ауруы
қанау
қабыну
ауру