Катаракта - көз бұршағының ауыртпалықсыз бұлыңғырлануы. Әдетте, көз бұршағы мөлдір болып келеді және жарықты толық өткізеді.

Көз бұршағының бұлыңғырлануына байланысты катаракта болған кезде, жарық көз алмасының ішкі ортасына көз торының (көздің артындағы жүйке тінінің қабатының) ішіне дейін ене алмайды. Бұл көз көруінің бұзылысына әкеледі.


586

Туа біткен катаракта. Кейбір сәбилер катарактамен туады немесе ол туылғаннан кейін көп ұзамай дамиды. Мұндай катаракта туа біткен деп аталады. Туа біткен катаракта жүктілік кезінде анадағы бар инфекциядан (мысалы, қызамықпен), сондай-ақ галактоземия сияқты зат алмасу ауруларынан болуы мүмкін.

Катаракта және қарттық. Катаракта егде жастағы адамдарда жиі кездеседі және ол қартаюмен байланысты. 60 жастағы адамдардың көпшілігі көз бұршағының азғантай бұлыңғырлануымен сипатталады. 65-74 жас аралығындағы адамдардың шамамен 50 пайызында көз бұршағының бұлыңғырлануы орын алады. 75 жастан асқан адамдардың 70 пайызында катарактаның анық белгілері байқалады.

Қауіп факторлары. Шылым шегу және күн сәулесінде шамадан тыс болу - қосымша қауіп факторлары. Сонымен қатар, катаракта көздің зақымдануынан кейін пайда болуы мүмкін. Ол кез-келген көз ауруларының асқынуы, белгілі бір дәрілік заттарды қолданғаннан кейін немесе белгілі бір аурулардың, мысалы, қант диабетінің пайда болуымен дамиды.

Симптомдары. Катаракта кезінде көру бұзылысы түнгі уақытта көру қиындықтарымен сипатталады, жарқын жарыққа сезімталдығы артады. Кейіннен көздің көру бұзылысы күндізгі уақытқа тән болады. Мынадай шағымдар болады: бұлдырлық, көздің бұлыңғырлығы, көзде «жұқа қабықтың» болуы. Кейде көзге қос көрінуі және көру кереғарлығының бұзылуы байқалады.

Ересектерде катаракта жетілмеген, жетілген және артық жетілген болып бөлінеді. Көз бұршағында мөлдір аумақтары қалса, онда ол жетілмеген катаракта екендігін білдіреді. Жетілген катаракта – бұл көз бұршағы толығымен бұлыңғырланса. Артық жетілген катарактада көз бұршағының беті жұмсақ болады және оның ішіндегісі капсуладан ағып кетуі мүмкін, ол өз кезегінде қабынуды және көздің басқа да бұзылысына әкеп соқтырады.

Емдеу. Ересектердегі катаракта егер көру бұзылысы науқастың өмір сапасын нашарлатса, хирургиялық жолмен емделеді. Ол көз бұршағын алып тастаудан тұрады. Катаракта кезіндегі хирургиялық араласудың екі түрі бар: көз бұршағын алып тастайтын, бірақ оны жабатын капсуланың артқы жағы қалдырылатын эктракапсулярлы операция. Көз бұршағы капсуламен қоса толығымен алып тасталатын интракапсулярлы әдіс.

Қазіргі уақытта көз бұршағын ауыстырып салу сәтті жүзеге асырылуда. Әдетте катарактамен зақымдалған көз бұршағына синтетикалық линзалар қолданылады

Туа біткен катарактаға арналған операция әдетте баланың алғашқы 3 айында жасалады.

Көру қабілетінің нашарлауы немесе бұзылуы (ерлерде | әйелдерде)


Тегтер:

көз бұршағының бұлыңғырлануы
көру бұзылысы
туа біткен