Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Баланы жұбату бойынша кеңестер

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Шаншу – бұл қандай да бір медициналық себепсіз баланың күніне 3 сағаттан астам жылауы. Шаршу іс жүзінде барлық нәрестелерде әртүрлі дәрежеде кездесіп жатады. Барлық нәрестелер бұл кезеңнен өтеді.


Себептері

Шамамен алғанда бес баланың ішінен біреуі ұзақ уақыт аралығында жыласа, бұл жағдайды шаншу деп санауға болады. Оның пайда болу мерзімі әртүрлі келеді, дегенмен шаншу әдетте нәрестенің 3 аптасынан басталады. Шаншудың шыңы нәрестенің 4-6 аптасында болады.

Шаншудан туындаған баланың жылауы әдетте күннің соңында бастау алады. Шаншуы бар балалар әдетте кез-келген тітіркендіргіштерге сезімтал келеді. Кейбір балалар көбінесе ішек газдарынан жайсыздық сезінеді. Ал кейбірлері қарын ашқаннан немесе артық тамақтанудан жылап жатады. Кейбір балалар белгілі бір тамақтарды немесе ана сүтіндегі ақуызды, балаларға арналған қоректік қоспаларды қорыта алмай жатады. Қорқыныш, реніщ немесее алаңдау шаншу симптомдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Сәбидің айналасындағы адамдар алаң болып, ашуда немесе депрессия жағдайында жүрсе – бұл жағдайда нәресте одан бетер қатты жылайтын болады.

Уақыт өте шаншу доғарылады. Симптомдары шамамен 6 аптадан кейін азайып, 12 аптада толық кетеді.

Егер сіздің балаңызда 12 аптасында әлі шаншулар болса, онда сізге басқа да себептерді болдырмауға (мысалы, рефлюкс) дәрігерге қаралу керек.


Симптомдары

Шаншулар көбінесе күн сайын бір уақытта басталады. Әдетте шаншуы бар балалар кешке қарай беймаза болып келеді.

Шаншудың сипмтомдары көбінесе аяқ асты басталады. Баланың қолдары жұмылып, аяқтары бүгіліп, іші қампиғандай көрінуі мүмкін. Шаншу ұстамасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Әдетте шаншу белгілері жел шығарғаннан немесе үлкен дәретке шыққаннан соң жоқ болып кетеді. Іштің ауруына қарамастан, нәрестелер жақсы тамақтанып, қалыпты салмақ көтереді.


Диагностикасы

Емдеуші дәрігеріңіз көбіне сізге баланың медициналық сырқатнамасы туралы, соның ішінде баланың ұзақ уақыт жылап жатыр ма деген сұрақтарды қою арқылы шаншуларды анықтай алады.

Дәрігер басқа да ауруларды (мысалы, жарықтар мен ішек өтімсіздігін) болдырмау үшін медициналық тексеру жасайды. Егер диагноз анық болмаса, онда тексеруді ары қарай жүргізу керек болады.


Емдеу

Шаншуы бар балаға көмектесу мүмкіндігінше жылаудың тудыратын себептерін анықтау және мен жоюды қамтиды.Сондай-ақ, баланы жұбататын нәрселерді анықтау қажет.

Шаншуды шақыратын себептер:

· Тағамдар: Емшек сүті арқылы өтетін өнімдер сіздің балаңызға әсер етуі мүмкін. Егер балаңызды емізетін болсаңыз, она кофеин мен шоколад сияқты стимуляторлардан аулақ болыңыз. Бірнеше апта бойы сүт өнімдері мен жаңғақтардан аулақ болуға тырысыңыз, себебі олар баладағы аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Бала емізетін аналарға брокколиді, қырыққабатты, бұршақтарды және газды өндіруге ықпал ететін басқа да өнімдерді шектеуі керек деп жиі айтылады. Дегенмен, бұл өнімдердің осыған себеп болып табылатындығы жөнінде дәлел көп емес,
· Балаларға арналған қоректік қоспалар: Кейбір балалар тағамдық қоспалар ішіндегі ақуыздарға сезімтал болу мүмкін, сондықтан қоспаны ауыстыру қажет болады.
· Дәрілік препараттар: Емшек сүтінен өтетін препараттарды нәрестенің жылауына себеп болуы мүмкін. Егер сіз емшек сүтімен емізіп жатсаңыз, сіз дәрігеріңізбен алып жатқан дәрі-дәрмек туралы кеңес алыңыз.
· Тамақтану: Баланың артық тамақтануынан немесе тез тамақтануынан аулақ болыңыз.. Егер құтыдан тамақтандыру 20 минуттан аз уақыт болса, емізіктегі тесік тым үлкен болуы мүмкін.


Баланы жұбату бойынша кеңестер

Бір баланы жұбататын нәрсе екіншісін жұбатпауы мүмкін. Кейбір балалар жаялыққа қатты оранғанды ұнатады, ал кейбірлері керісінше бос болғанды жөн көреді. Сондықтан өзіңіздің балаңызға не ұнайтынын қарап, сол тұрғыдан жұбатуға тырысыңыз.

• Баланы неғұрлым күндіз қолда ұстап жүретін болсаңыз, соғұрлым бала кешке мазасызданбайды. Ол сіздің балаңызды бұзбайды. Денеңізге киюге болатын балаларды тасымалдауға арналған рюкзактар (кенгуру-рюкзактар) балаңызды берік әрі ыңғайлы ұстаудың тамаша тәсілі болуы мүмкін.
• Балаңызды жайлап тербетіңіз. Тербету баланы тынштандырып, оның газ шығаруына көмектеседі. Балалар жылаған кезде ауаны көбірек жұтып қояды. Соның салдарынан газдар көбейіп, мүмкін содан іште ауру сезімі пайда болады, кейін бұдан бала қатты жылай бастайды. Бұл циклды бұзу оңайға соқпайды. Балалардың тербелме-креслолары бастарын әлсін ұстай алатын 3 аптадан асқан сәбилерге жақсы балама болып табылады. Балаңызды әндетіп тербетсеңіз бала тынышталады.
• Балыңызды тік қалыпта ұстаңыз. Ол ағзадағы газдардың шығуына және қыжылды азайтуға септік етеді. Жылы орамал немесе бөтелкедегі жылы суды балаңыздың ішіне қойсаңызбала тынышталады.
• Кейбір балалар ұйықтай алмағанда ішпен жатқанды, сол уақытта оның арқасынан сипағанын ұнатады. Балаңызды ішпен жатқызып ұйықтатпаңыз. Ішпен жатып ұйықтап қалатын нәрестелерде БЖӨС (баланың жедел өлу синдромы) даму қаупі жоғары.
• Балаңызға емізікті ұсыныңыз. Кейбір балалар бірденені сорып, еміп жатқанды ұнатады.
• Егер сіз балаңызды емізетін болсаңыз, екінші емшекті ұсынар алдында балаңызды бірінші емшектегіні толық еміп бітіріуне мүмкіндік беріңіз. Емшек сүтінің концентрациясы азықтандыру кезінде өзгереді. Тамақтандырудың басында сүт құрамында калория және май аз болады. Кейіннен сүттің әлдеқайда қоректісі келеді және баланы лезде тынштандырады. Егер балаңыз қолайсыздық сезіп немесе көп тамақтанатын болса, онда сіз 2-3 сағат уақытта бір ғана емшекпен емізіңіз. Бұл балаға сүттің ең қоректісінен алуға мүмкіндік береді.
• Кейбір балалар автокөлікте жүріп келе жатқанда өзін тыныш сезінеді. Егер сіздің балаңызға ол көмектессе, автокөліктің қозғалысын және дыбысын ұқсататын құралды немесе ойыншықты сатып алуыңызға болады.
• «Ақ» шу (мысалы, сарқырама шуы) кейбір балаларды тыныштандыруы мүмкін. Сіз «ақ» шу немесе желдеткіш, шаңсорғыш, кір жуатын машина, ыдыс жуатын машина дыбыстарын шығаратын аспаптарды сатып ала аласыз.
• Кейбір өсімдік қайнатпалары мен дәрі-дәрмектер газ өндіруді азайтуға көмектеседі. Маңыздысы олардың организмге сіңірілмейтіндігі және балаларға қауіпсіз болуы Егер сізде балаңызды шаншудың ауыр түрі болса, дәрігер күшті әсерлі дәрі-дәрмектерді тағайындай алады


Болжамы

Әдетте нәрестелерде шаншу 3-4 айларында жоқ болып кетеді.


Мүмкін болатын асқынулар
Асқынулар болмайды


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер балаңыз көп жылайтын болса дәрігерге қаралыңыз. Басқа да қауіпті себептерді жоққа шығару аса маңызды.

Келесі жағдайда дәрігерге міндетті түрде қаралыңыз:

• баланың мінезі-құлқы аяқ асты өзгерсе;
• жылап жатқан балада қызба, бой бермейтін құсу, іштің өтуі, нәжістегі қан немесе асқазанға қатысты басқа мәселелер болса

Балаңыздың денсаулығына мазасыздансаңыз, көңіліңізде үрей туындаса – дереу көмек сұраңыз.


Алдын алу

Сіздің балаңыз алдын алу шараларына қарамастан мазасыз болуы мүмкін.

Алайда дұрыс емізу және шаншудың себебін анықтау туралы білімнің әкелер пайдасы мол. Егер сіз балаңы емізсеңіз, онда лактация туралы кеңестер қажет болары сөзсіз.

Шаншу басталғанға дейін сіздің балаңызды не жұбабататын біліп алғаныңыз жөн. Егер сіз білген болсаңыз,онда баланы тез жұбатуға әрі мазасыздануын тоқтатуға болады


Синонимдері
Балалардағы шаншу


Тегтер:

баланың жылауы
нәрестелер
шаншуы бар балалар
ішек газдары
аштықтан жылау
артық тамақтану
тым тез тамақтандыру