Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика және тексеру

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Диабеттік нейропатия – бұл қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын нервтің зақымдануы. Аталмыш жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.


Себептері

Шамалап келгенде диабетпен ауыратын адамдардың жартысында нерв ұштары зақымдалып жатады. Қант диабеті диагнозы қойылғаннан соң бірнеше жыл бойы ауру симптомсыз өтеді. Ал алғаш қант диабеті диагнозы қойылған кейбір пациенттерде нерв ұштарының баяу зақымлауын байқауға болады.

600 1

Қант диабеті нәтижесінде нервтің зақымдалуы мүмкін және нейропатия деп аталатын асқыну пайда болуы мүмкін. Әдетте бұл аяқ-қол саусақтарының сезгіштігі жоғалуымен басталады. Нейропатия бірте-бірте табаннан бастап, пациенттің қолының немесе аяғының бойында жоғары қозғалуы мүмкін.


Симптомдары

Әдетте аурудың симптомдары ұзақ жылдар бойы баяу дамиды. Симптомдар зақымдалған нервтің түрлеріне байланысты болып келеді.

Ішек перистальтикасын реттейтін нервтер зақымдалған кезде, сізде ас қорыту кезінде қиындықтар пайда болу мүмкін. Оның нәтижесінде диабетті қадағалау қиынға соғады.

Ас қорыту кезінде қиындықтар пайда болуына байланысты симптомдар:

• Аз мөлшерде тамақ қабылдаған өзінде де пайда болатын артық тамақтану сезімі
• Қыжыл және іштің кебуі
• Құсу, іш қату немесе іш өту
• Жұтыну кезіндегі қиындықтар
• Тамақты ішкеннен бірнеше сағаттан кейін пайда болатын қорытылмаған тағам қалдықтарымен құсу

Егер де қол мен аяқтағы жүйкелер зақымдалса, онда тітіркену, күйдіру немесе ауру сезімі пайда болады. Зақымдалу деңгейінің өршуіне байланысты қол мен аяқтың сезгіштігі жоғалуы ықтимал. Сезгіштік жоғалу нәтижесінде сіз келесідей нәрселерді сезбей қалуыңыз мүмкін:

• үшкір затты басып кеткенде
• сүйел немесе кішкентай тілік пайда болған кезде
• қолмен немесе аяқпен тым ыстық немесе суық затты тигенде

Егер нәтижесінде жүрек және қан тамырлар нерві зақымдалса, онда сіз:

• Төсектен тез көтерілген кезде естен тануыңыз мүмкін
• Жиіліген жүрек соғысын сезуіңіз мүмкін
• Жүрек ауруы (стенокардия) немесе жүрек ұстамасы кезінде ауру сезімін сезбей қалуыңыз мүмкін

Нервтің зақымдалғанын растайтын өзге де симптомдарға мыналар жатады:

• Сексуалдық проблемалар, мысалы ерлерде эрекция бойынша қиындықтардың пайда болуы, ал әйелдерде – қынаптың құрғауы немесе оргазм тұрғысынан қиындықтардың пайда болуы
• Қандағы төмен қант деңгейіне сезімталдықтың жоқтығы.
• Қуықтағы проблемалар, атап айтқанда еріксіз зәр шығару немесе қуықты босата алмау.
• Тыныштықта және қалыпты температура кезінде мезгілсіз қатты тершеңдік.


Диагностика және тексеру

Дәрігер тексеру кезінде мынадай ауру белгілерін анықтауы мүмкін:

• Тобықта рефлекстердің болмауы немесе әлсіреуі
• Аяқта сезгіштіктің болмауы (арнайы щетка түріндегі құрылғымен (монофиламент деп аталады) тексеріледі)
• Терідегі өзгерістер
• «Бұлшықет сезімінің» бұзылуы (кинестезия)
• Горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа тез ауысқан кезде артериальды қысымның төмендеуі

Ауруды дигностикалау кезінде келесі зерттеу әдістері жасалады:

• Электромиография (ЭМГ) – бұлшықеттердің электрлік активтілігін жазу
• Нервтік өткізу жылдамдығын тексеру – жүйкеден өтетін электрлік сигналдарды жазу
• Асқасаннан аш ішекке тағамның эвакуация жылдамдығын тексеру
• Жүйке жүйесінің қан қысымымен басқарылатындығын анықтау үшін пассивті ортостатикалық тексеру жүргізу.


Емдеу

Жүйкенің диабеттік зақымдалуын баяулау үшін дәрігердің кеңестерін орындаңыз.
Қандағы оңтайлы қан дейңгейін сақтау үшін:

• Диета ұстаңыз
• Тұрақты түрде физикалық жаттығуларды жасаңыз
• Тұрақты түрде қандағы қант деңгейін тексеріп жүріңіз
• Қант деңгейін түсіретін препараттарды немесе инсулинді дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдап жүріңіз

Нервтердің зақымдалуын растайтын келесі симптомдары анықталған жағдайда, дәрігер оған байланысты ем тағайындайды:

• Табанда, аяқ немесе қолдағы ауру сезімі
• Құсу, лоқсу немесе тағамды қорытуға байланысты басқа да проблемалар
• Қуыққа қатысты проблемалар
• Эректильды дисфункция немесе қынаптың құрғауы

Аяқтағы жүйкелер зақымдалған жағдайда сезгіштік төмендейді. Сезгіштіктің толық жоғалуы да мүмкін. Нәтижесінде аяқтағы жаралар ұкөпке дейін жазылмайды. Аяққа жасалған дұрыс күтім асқынудың алдын алуға көмектеседі.

Мұндағы аяққа жасалатын күтім деп айтылып отырғаны:

• Күнделікті мұқият аяқты қараңыз
• Дәрігерге қаралуға дейін аяқты өзіңіз тексеріңіз.
• «Дұрыс» шұлық және аяқ киімді киіңіз (дәрігеріңізбен кеңесіңіз).


Болжамы

Тағайындалған ем ауру сезімін басады және кейбір симптомдарды қадағалауға көмектеседі.


Мүкін болатын асқынулар:

• Зәр шығару жолдарының инфекциясы
• Аяқатағы дибеттік ойық жаралар
• Жүрек ауруы (стенокардия) немесе жүрек ұстамасы кезінде ауру сезімін сезбей қалу
• Аяқ саусақтарын, табанды немесе тобықты ампутациялау


Дәрігерге қашан қаралу керек

Диабеттік нейропатия симптомдары пайда болған сәтте дәрігерге хабарласыңыз.


Синонимдері

Диабеттік невропатия; Диабет – невропатия.


Тегтер:

нервтердің зақымдануы
диабеттің асқынуы
қант диабеті
қандағы жоғары қант диабеті
кинестезия
инсулин