Үлкен дәретте қанның болуы немесе тік ішектен қан кету түрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін. Егер, дәретхана қағазының өзінде аздаған қан жағылып қалатын болса немесе басқа да осыған ұқсас жағдайлар орын алса, дәрігерге бір көрінгеніңіз абзал.

Үлкен дәретте аздап қанның араласып шығуы тік ішектің тітіркенуінен немесе геморройдың салдарынан болуы мүмкін. Негізі қанның аздап созылыңқырап шығуынан, аса қатты қорқып кетудің қажеті жоқ, себебі қан бірнеше рет шығып қайта тоқтап қалуы мүмкін.

Үлкен дәретте орташа немесе көп мөлшерде қан болса, ол асқорту жолдарында едәуір қан кетулердің болып жатқандығынан да болуы мүмкін. Бұл қан кетулердің көптеген себептері болады, мысалы, олар: қабынудан, асқынудан, қатерлі ісіктен және ойық жарадан болуы мүмкін.

Нәжісте қанның болуы ішектің қозғалысына да байланысты ол орта мөлшерде немесе көп мөлшерде болуы мүмкін. Нәжістегі қанның түсі анық қызыл, қызыл-қоңырлау немесе қара-қызыл болады. Ал осы қанның түсі асқазан-ішек жолының қай жері зақымдалғанына байланыс өзгеріп отырады.

Аноректалдық қан кетудің қай түрі болмасын ауыр жағдайға алып келуі мүмкін. Сондықтан уақытында дәрігерге қаралу керек.