Шашыраңқы склероз – бұл орталық нерв жүйесінің созылмалы неврологиялық ауруы. Ол бас миына, жұлынды және көру нервтеріне ерекше әсер етеді. Шашыраңқы склероз бұлшықеттердің қозғалысы мен күшінің, көрудің, тепе-теңдіктің, сезімталдықтың және ақыл-ойдың қиыншылықтарын тудырады.

Орталық нерв жүйесінің нерв талшықтарын қаптап, қорғап тұратын затты миелин деп атайды. Миелин, демиелинизацияға ұшыраса, яғни бұзылып немесе қабынса, нерв импульстарының өтуі бұзылады. Нерв жүйесінің кез келген жері қабынуға ұшырағанда немесе демиелинизация байқалған жағдайларда шашыраңқы склероз анықталады.

Шашыраңқы склероздың себептері әлі анықталмады. Ауру емге көнбейді, бірақ дәрі-дәрмектер ауру ұстамаларының жиілігі мен қиыншылықтарын басуға көмектеседі. Көптеген адамдар осы аурумен бірге бірнеше жылдар бойы өмір сүред, сондықтан да олар аурудың қиыншылықтарымен тек қана соңғы жылдарда ғана зардап шегеді.