Мазмұны

Жалпы ақпарат

Балаларды тұншығып қалудан сақтау

Дайын болыңыз

Балалар ортасы үшін қауіпсіз жағдай жасау

Жалпы ақпарат
Жаңа туған нәрестелер бастарын еркін қозғай алмайды, сондықтан олар тұншығып қалудан сақтандыруды қажет етеді. Алайда, жас балалар арасында да ондай қауіптер кез келіп қалуы мүмкін.

Балаларды тұншығып қалудан сақтау
Балаларды тұншығып қалудан сақтау үшін, төмендегідей тәртіп орнату керек:
• Балаларды жұмсақ жерге етбетінен жатқызып, қалдырып кетпеңіз. Жұмсақ жер: жұмақ төсек, көрпе, кілем немесе матрас жапқышы;
• Баланы төсектің үстінде жұмсақ жапқыштармен жеке қалдырып кетпеу керек. Мысалы: жұмсақ плед, жастық немесе жұмсақ ойыншықтар;
• Баланың қасына жұмсақ жастықтарды мүлдем қоймаған дұрыс, амал болса, төсектің аяқ жағына жастық емес, басқа қаттырақ заттарды қойып тіреп тастаңыз;
• Полиэтилен пакеттерін баланың жанына қойып кетпеңіз;
• Матрас балаңыздың төсегінің көлеміне сәйкес келуін қадағалаңыз. Сол кезде балаңыздың матрас пен төсектің арасына түсіп, тұншығып қалу қаупінің алдын аласыз.
• Матрастың жапқышы өзіне дәл келуін де қадағалаңыз, себебі жапқыш үлкен болса, айналып, болмаса, бұралып балаңыздың бетін жауып қалуы ықтимал. Сол үшін жапқышты ұстап тұратын арнайы заттарды алуыңызға да болады.
• Нәрестені үлкендер жататын төсекте жеке қалдырмаңыз. Егер балаңызбен бірге ұйықтасаңыз, оның қауіпсіздігіне мән беріңіз.
• Бір төсекте бірнеше баланың бірге жатуына болмайды;
• Пластикалық сумка мен пластикалық қапты химиялық тазалыққа тастаңыз;
• Қоқыс салатын қапты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
• Туған күн болмаса, мерекелік шарадан кейін пластикалық қаптар мен жапсырмалардың шашылып жатпауына аса мән беріңіз;
• Ауа шарларын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер шарлар жарылса, олардың қалдықтарын үйде қалдырмай жинап, лақтырып тастаңыз.

Дайын болыңыз
Егер сіз бала күтіп жүрсеңіз немесе кішкентай балаңыз болса, мыналарға мән береңіз:
• жүрек-өкпелік реанимациясын (ЖӨР) жүргізу туралы оқу керек;
• төмендегі тізімдегі қызметкерлердің телефон нөмірін жазып алыңыз:
 Дәрігердің телефон нөмірі;
 Ата-ананың жұмыс немесе қалта телефондарының нөмірі;
 Көршінің немесе жақын туысының нөмірі (егер қандай да бір жедел жағдайлар орын алса олардан көмек сұрау үшін)
• Шұғыл жағдай орын алған жағдайда дайын болу үшін дәрі қорапшаларын бірге алып, оларды қолдану әдістерін біліп жүріңіз:
• Түтінге және көмір қышқыл газына қарсы детекторларды орнатып алыңыз

Балалар ортасы үшін қауіпсіз жағдай жасау
Үйіңіздегі жағдайдың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін, тізерлеп және еңбектеп қарап, тексеріп шығыңыз. Себебі бала сол биіктікте көреді. Балаңыздың айналасындағы заттардың бәрінен хабарыңыз болыңыз. Себебі бей-жай қаралған әр нәрсе бала үшін қауіпті болып шығуы мүмкін.

Әрине үйді бала үшін түгелдей қауіпсіз етіп шығу мүмкін емес. Егер сіз балаңыз үшін қауіпсіз болсын десеңіз, кейбір бөлмелердің есіктерін жауып қойыңыз, сонда балаңызды жеке қалдырып кеткенде алаңдамайтын боласыз. Егер есіктеріңізде арнайы бекіткіш құлпысы болса, тіптен жақсы, ол кезде балаңыздың қауіпті бөлмелерге кіріп кетпейтініне сенімді боласыз. Қаншалықты бақылауды күшейтсеңіз, соншалықты балаңыздың жарақаттанып қалуының алдын алатын боласыз. Дегенмен, ең мұқият деген ата-ананың өзі баласын қауіптен 100% арашалай алмайды.

Егер сізде бала болса, сіздің үйіңіз, сәби үшін қауіпсіз болуы шарт. Түптің түбінде, ұстау, көтеру және т.б. қимылдар баланың денесі мен ақылын дамытады.

Тегтер:
Күтпеген жерден тұншығу