Қалқанша бездің түйіндері – бұл кеңірдектегі қалқанша безінде көбелек типтес бездің аномальді өсуі.
Мұндай түйіндердің біраз бөлігі зиянды болғанымен, көбінесе қауіп тудыра бермейді.
Белгілері мен симптомдары мынадай болып келеді:
• Қалқанша безі ісіп, томпиып шығып кетеді;
• Қалқанша безі ауырып тұрады,
• Жұтынғанда кедергі жасайды;
• Дауыс қарлығып, сырыл пайда болады.
Егер қалқанша безі көптеген гормон (гипертиеоз) бөліп жатса, симптомдары соғырлым әлсіреуі мүмкін, салмағы өздігінен күрт түсіп кетеді, үлкен дәретке баруы жиілейді, жүрек соғысы жеделдейді, ыстыққа шыдай алмайды, тітіркеніп, мазасызданады, сондай-ақ бұлшық теттері әлсірейді.
Түйіндер қатерлі ісікке ұласа бермейді, сондықтан оны жақсылап күтімдесе жазылып кетеді. Бірақ оның кейбір түрлері қатерлі болып келеді, оны хирургиялық жолмен алып тастайды. Себебі ол рак немесе үлкен қатерлі ісіктерге ұласып, жұтыну және тыныс алу жолдарын бекітіп адамның өміріне қатер төндіреді.
Тегтер:
гипертиреоз
Қалқанша безінің гормоны
Тыныс алудың қиындауы
Жұтынудың қиындауы
Қалқанша безі