Етеккір циклі – 1) айлық цикл, алғашқы етеккір кезеңінің басталуымен келесі етеккірдің басталуына дейінгі кезеңде гармондардың өзгеруімен сипатталады; 2) ай сайын әйел денесінің жүктілікке дайындалу жүйесі. Жатырда эндрометрия деп аталатын жаңа қабықша пайда болады; аналық бездердің бірі аналық жасуша бөліп, ол өз кезегінде ұрықтандырылмай, кейін аналық жасуша етеккір кезеңінде жатырдан ағып, түсіп кетеді.

• 1-6 күннің арасы. Жатыр етінің қабығы жұмсарып, ол өз кезегінде етеккірлік қан кетудің басталуына әкеледі. Етеккірдің алғашқы күні – етеккірлік қан кетудің бірінші күні.
• 7-ден 14 күн бойы (фолликулярлы кезең). Жатыр қабықтары жүктілікке дайындалу үшін жуандалады. Аналық жасуша (айына бір рет) ішкі қаптан (фолликула) аналық безге бөлінуге дайындалады.
• 15-тен 28 күнге дейін (лютеалды кезең). Аналық жасуша босайды (овуляция).

 Егер аналық жасуша ұрықтандырылса, ол жатыр қуысына еніп, қабырғаға бекітіледі. Жүктілік басталады.
 Егер аналық жасуша ұрықтандырылмаса, жатырдың ішкі қабаты етеккір кезеңінде қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Бұл цикл қайталанып тұрады.