Осы кітапты оқыған соң сіз салауатты өмірге: белсенді қимылдауға, дұрыс тамақтануға, зиянды әдеттерден бастартуға, аурудың алдын алу және оны ерте анықтау үшін медициналық тексеруден үнемі өтіп тұруға кәміл бет бұрасыз деп сенеміз. Осы арқылы өзіңізді саналы, ауру-сырқаусыз өмірмен байытасыз. Достарыңыз бен жақындарыныздың тілегі де осы емес пе?
Өмір өзегіне бағытталған инвестициялар — адам капиталына, демек, қоғамның болашақ дамуына салынған инвестициялар. Алайда бірде бір мемлекеттік доктрина адамның өмір салтын өзгерте алмайды. Ол үшін адам өзі үшін де, айналасындағылар үшін де салауатты іс-әрекеттің ғаламат артықшылықтары бар екендігін түсінуі тиіс. Ал
объективті және қолжетімді ақпарат болмаса, мұндай шешімге келу қиынға соғады.
Бұл кітаптың міндеті — оқырманға денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, достармен және жақындармен қарым-қатынас жасай отырып өмір өзегін бағалай білу, оның сапасын жақсарту туралы ең соңғы ғылыми негізделген ұсыныстар беру. Бұл ұсыныстар көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген. Әлемде күн сайын ауруды алдын алу және емдеу, ұзақ өмір сүру туралы сан алуан жарияланымдар жарық көреді. Ақпараттың мұндай ағымына ілесу барысында шатасу және түңілу оп-оңай. Біз осы мәселенің түйінің шешіп, өмір өзегі, денсаулық - ұзақ ғұмыр кепілі
екендігі туралы жүйелі топтастырылған әрі түсінікті түрде баяндалған ақпарат берген дұрыс деп шештік. Бұған қол жеткіздік деп сенеміз.
Білімнің бұл саласы үнемі жаңара отырып, жіті, серпінді дамуымен ерекшеленеді. Бүл біздің салауатты іс-әрекет туралы түсінігімізді күн сайын кеңейтіп отыруымызды талап етеді. Оқырманды ғылымның соңғы жетістіктері туралы үнемі хабардар етіп отыру үшін біз
www.zdrav.kz интернет сайтын аштық. Бүл сайттан профилактикаға және емдеуге деген жана көзқарастар, геномика, регенеративті және трансляниялық медицина саласындағы ғылыми жобалар туралы пайдалы ақпарат табуға болады. Осы жарияланымда баяндалған ақпаратты үнемі жаңартып отыру үшін, біз осы кітапты қайта басып шығарумен бірге, басқа да ресурастарды, сондай-ақ
twitter.com@almazsharman твиттерін пайдалануға тырысамыз. Жақын арада біз оқырмандармен интерактивті байланыс орнату мүмкіндіктерін жасаймыз. Бүл туралы www.zdrav.kz сайтында хабарланатын болады. Біз сіздердің бағалы пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды күтеміз.