Телевидение, киноиндустрия және интернет ғасырында өмір сүре отырып, қарт адамдарға қатысты стереотиптерден құтылу қиын. Қарттар бізге әдетте жастарға қарағанда баяу, шапшаң әрекетке қаб летсіздеу болып көрінеді. Бұл бар болғаны стереотиптер. Біздің айналамызда денсаулығын, қуатын, ақыл-ой ширақтығын және өмірге деген құштарлығын ұзақ сақтап келе жатқан қариялар жеткілікті. Қарттык туралы стереотиптерден және аңыздардан арылу үшін осындай адамдармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Олар аз емес, олар біздің арамызда.
природа

Бірінші аңыз: Қартайғаның - ауруға жол бергенің

Бұл қате пікір. Қарттардың көпшілігінің тамаша денсаулықты сақтай алатындығын ғалымдар дәлелдеді. Орта жаста салауатты өмір сүрген және бұны кейін де жалғастырған, атап айтқанда темекі шекпейтін, дене жаттығуларын жүйелі түрде орындайтын, дене салмағын бақылайтын адамдар салауатты іс-әрекеттерден аулақ адамдармен салыстырғанда ұзақ өмір сүріп қана қоймай, сирек ауырады да. Демек, денсаулық — ұзақ ғүмыр кепілі өз қолымызда және салауатты өмірге тезірек ден қою керек.

Екінші аңыз: Қарттар жана дүниені жатсынады

Адамның алдына қаншалықты аз міндет қойылса, оның соған орай үйретіні де аз. Әрине, балалармен салыстырғанда қарттардың жаңа нәрсені қабылдау ширақтығы төмен. Бірқк қариялар жаңа нәрсені тәп-тәуір үйрене алады; олардың алдына тиісті мақсат қою маңызды. Қариялдардың есте сақтау қабілетінен айырыламын деген қорқынышы тым артық.
Есте сақтау қабілеті ойлау қабілетіне байланысты, ал тиімді ойлау қабілетін сақтаудың маңызды шарты - тұрақты дене шынықтыру.

Үшінші аңыз: Кәрілік тауқыметі еш нәрсемен санаспайды

Бұл шыңдыққа сай емес. Салауатты іс-әрекеттің көмегімен кәрілікке байланысты бұзылған қабілеттерді қалпына келтіруге, аурудың қаупін төмендетуге болатындығын көптеген мағлұматтар растай алады. Және де бұған өмірдің қай кезеңінде болмасын қол жеткізуге болады.

Төртінші аңыз: Жас ұлгайғанда жыныстық қатынасқа құштарлықта, мүмкіндік те азаяды

Қартайғанда жыныстық қатынасқа қызығушылық азаяды, қариялардың оған құштарлық танытуы ұяттау деу қате. Адамдар арасында жасқа қарамастан жыныстық қатынас тұрғысында үлкен айырмашылықтардың болатынын ғылыми зерттеулер көрсетті.
Біздің жыныстық қатынастағы мүмкіндіктерімізді, оның сипатын негізінен денсаулығымыз және төсектесімізбен өзара қарым-қатынасымыз айқындайды. Бұл жерде адамның жасының атқаратын рөлі мардымсыз.

Бесінші аңыз: Ұзақ өмір құпиясы адамның тегінде жатыр

Біздің ғұмырымыздың ұзақтығында тегіміздің (геннің) белгілі бір рөл атқаратыны шыңдық. Алайда оның маңызын шамадан асырып жібергенбіз; өмір ұзақтығы тек 30 пайызға ғана генетикалық факторларға тәуелді.
Гендерге біз мүлдем әсер ете алмаймыз, бірақ жыл өткен сайын
олардың рөлі азая береді. Біз игере алатын факторлар, атап айтқанда өмір салты мен қоршаған орта одан гөрі маңызды бола түседі.
мама ребенок

БІЗ НЕГЕ ҚАРТАЯМЫЗ?

«Тозу» теориясы

Қартаю биологиясына деген классикалық көзқарас бойынша адам организмі жай ғана тозады, қаусайды. Тозу теориясы деп аталатын қартаю теориясы осыған негізделген. Күрделі механикалық қондырғылар қалай тозса, адам да солай біртіндеп, білінбей қартаяды. Қарапайым механикалық құрылғылардың, әдетте, тозбайтыны белгілі. Олар қандай да бір маңызды бөлшегі сыңып қалып, бүкіл механизмнің жұмысы тоқтағанша қызмет ете береді. Мысалы, бұрамалы ойыншық бір серіппесін не тетігін тот басып, бүкіл механизм бұзылғанша жұмыс істейді. Күрделі механикалық құрылығылар басқаша жұмыс жасайды, өйткені олар негізгі механизм бұзылған жағдайда қосалқы механизмдер қосылатындай етіп жасалған. Қосалқы механизмдер қосылады, одан кейін сол қосалқы механизмдерге арналған
қосалқы механизмдер қосылады, және т.б. Қорда тұрған бұл механизмдер негізгі механизмдер секілді тиімді болмауы мүмкін. Алайда олар іске қосылды, демек іштегі бұзылыстарға қарамастан, бүкіл құрылғының үзіліссіз жұмыс жасауы үшін осы жеткілікті.
Адам организмі де осыған ұқсас. Бізде: қосалқы бүйрек, қосалқы өкпе, қосалқы анабез, қосымша тістер бар. Жасушаларымыздағы ДНК ара-тұра зақымдалып тұрады. Алайда бұл бұзылыстарды жөндеуге арналған жүйелер бар. Егер өмірлік маңызы бар ген зақымдалса, оның істен шыққан қызметін өз мойнына алатын қосалқы гендердің қосымша көшірмелері. Егер жасуша өлсе, оның орнын жаңа
жасуша басады.
Бірақ бұның бәрі белгілі бір кезеңге дейін, қауіпті зақымдану орын алғанша жұмыс жасайды. Бұл қауіпті зақымдану
бүкіл баланстың бұзылуына — тұрақсыздық деп аталатын ахуалға алып келеді.
Мұндай жағдайлар гидроэлектростанциялар немесе автомашиналар секілді күрделі жүйелерде, сондай-ақ үлкен кешендерде болуы мүмкін. Көптеген артериялар атеросклероздық түйіндермен зақымдалғанда, немесе буындар қатты бүлінгенде адам организмінде де осындай жағдай болады: іске қосатын қосалқы механизмдер жоқ.
резинка

вирусы
Біз әбден тозамыз. Сүйек, тамыр, жүректері бүлінеді, көздің көргіштігі нашарлайды, ауру-сырқау жиілейді. Аталған бұзылыстардың себебін түсіндіретін бірнеше механизм бар. Олардың бірі
организм жасушалары қызметінің жанама өнімі — еркін радикалдардың әсеріне байланысты. Еркін радикалдар уытты, өйткені ақуыздармен және өмірлік маңызы бар басқа молекулалармен бірігіп, олардың қызметін бұзу қабілетіне ие. Жас ұлғайған сайын мұндай бұзылыстар қордаланып, организмнің тозуына алып келеді.
Бір қуанарлығы, еркін радикалдарды губка тәрізді сіңіріп алып, организмнен шығаратын «у қайтарушылар» - антиоксиданттар бар. Антиоксиданттар өсімдік тектес кейбір тағам өнімдерінде болады. Жас ұлғайғанда оларды көбірек пайдалану керек.
Еркін радикалдардан басқа, адамның қартаюы гормондық қызметтердің бұзылуына, өсу гормоны мен еркек гормоны - тестостеронның азаюына байланысты болады. Гормондық балансты қалпына келтіру арқылы өмірді ұзартуға болатынын дәлелдейтін белгілі бір тәжірибе деректері бар. Синтетикалық, яғни жасанды гормондар енгізу арқылы организмді «жасартумен» айналысатын индустрия осы теорияға негізделген. Бұлшық еттің өсетіндігі және май қатпарларының азаятындығы анық, бірақ мұндай әсердің шың мәнінде жасартатындығын және өмірді ұзартатындығын дәлелдейтін клиникалық деректер жоқ.
Қартаюдың генетикалық табиғатын түсіндіретін механизмдердің бірі мутацияларға байланысты. Бұның мәні мынада, уақыт өте келе қандай да бір себептердің әсерінен біздің гендеріміздің негізін құрайтын ДНК молекулалары бұзылады. Осындай бұзылыстар қордаланған кезде жасушалардың қызметі бұзылуы немесе олар өлуі мүмкін. Өлген жасушаларды белгілі бір уақытқа дейін басқа жасушалар алмастырады, бірақ ол жасушалардың да қоры шектеулі.
Қартаю кезінде организмнің неліктен тозатындығын түсіндіретін нақты дәйектер жоқ. Тек организмде еркін радикалдар мен липофусциннің жиналатындығы, гормондық баланстын бұзылатындығы, генетикалық мутациялардың орын алатындығы, басқада түйткілдердің пайда болатындығы белгілі. Аталған бұзылыстар организмнің тозуын және қартаюын шақыра отырып, қордалануға бейім.

Қартаюды бағларламалау теориясы

«Тозу» теориясының қарсыластары адам организмін механикалық құрылғылармен салыстыру мүлде дұрыс емес деп санайды. Механикалық құрылғылардан ерекшелігі сол, адам организмінде бүлінген жасушалар мен тіндер үнемі ауыстырылып тұрады. Әр жеті жыл сайын адам организмі жасушаларының 90 пайызы жаңа жасушаларға ауыстырылады. Адам организмі - таң қаларлықтай көрнекі және динамикалық тірі жүйе. Қарттықтың себебі оның тозуы ғана емес, қартаю — эволюпияға байланысты бағдарламаланған үдеріс. Егер қартаюға деген генетикалық қабілет мүлде жоқ болса, онда ұрпақ жалғастыру және өмір сүруге себеп болмас еді, яғни эволюция болмас еді.
Осыған орай аталған мәселеге деген заманауи көзқарас қартаюды бағдарламаланған үдерістермен байланыстырады, бұл үдерістер генетикалық деңгейде өтуі ықтимал. Бұған дәлел, жануарлар әлемінде өмірдің «бағдарламаланған» орташа өмір ұзақтығы бар, ол жануардың сол түрінде аталған шектен аздап қана ауытқуы мүмкін. Мысалы, пілдер көбіне 70 жыл, өрмекші тәрізділер 25 жыл өміре сүрсе, адам әдетте 65-70 жасқа дейін өмір сүреді. Әрине, адамның өмір салты, тамақтануы, медициналық жәрдем деңгейі де аталған шектерді белгілі бір дәрежеде өзгертуі мүмкін, бірақ көбіне олар өзгермейді.
Мүмкін, өсімдіктердегі секілді жануарлардың да өмір сүру ұзақтығы генетикалық деңгейде қалыптасатын ішкі нұсқаулармен бағдарламаланатын болар. Мысалы, бамбуктың кейбір түрлерінің діңгектері 100 жыл бойы өсіп, бір-ақ рет гүлдеп, артынша қурап қалуы мүмкін.
Тірі организмдер тозбайды, тек «тоқтап қалады» деген идея соңғы онжылдықта белгілі бір дәрежеде дами бастады.
С.еІеgаns құрты деп аталатын организммен жұмыс жасайтын ғалымдар генге әсер ете отырып өмір ұзақтығын алты есе ұзартуға болатындығын көрсетіп берді, бұл адам өмірін 500 жылға дейін ұзартуға барабар. Айтпақшы, аталмыш құрт биомедициналық зерттеулердің ең айтулы нысанына айналып отыр: соңғы екі Нобель сыйлығын осы айтуға тұрмайтын жәндікпен жұмыс жасаған ғалымдар алды. Сол уақыт-
бейне
тан бері ғалымдар дрозофила шыбынының, тышқандардың және саңырауқұлактардың гендеріне әсер ете отырып олардың өмірін ұзартуға қол жеткізді.
Бағдарламаланған қартаюды түсіндіретін механизмдердің бірі Хэйфлик әсеріне байланысты. Жасушаларда теломер деп аталатын құрылымдар бар. Олар жасуша бөлінген сайын бір моншағын жоғалтатын моншақтар тізбегіне ұқсас. Осындай моншақтар саны сарқылғанда, жасушалар бөлінуін доғарып, өледі. Бірнеше жыл бұрын теломерлерді ұзартуға жауап беретін және сол арқылы жасушалар өліміне жол бермейтін теломераза деп аталатын ферменттің бар
екендігі анықталды. Бұл ферментті жасушалар өмірін ұзарту және сәйкесінше қартаю үдерісін тоқтату үшін қолдануға болады деген пікір бар.
Бұл қаншалықты түсініксіз болғанымен, тектің өмір ұзақтығына әсері мардымсыз. Біздің қанша жыл өмір сүретініміздің ата-аналарымыздың өмір ұзақтығына қатысы 6 пайыздай ғана. Тіпті генетикалық тұрғыда бірдей егіздердіңде өмір ұзақтығы мүлдем әр түрлі болуы мүмкін. Және де айырмашылық 15 жылдан артық болуы ықтимал.

Қартаюдың бір себебі — қабыну

Қартаюдың себептерін түсінуге жетелейтін көзқарастардың бірі бойынша, қартаю біздің организмімізді қорғауға тиісті нәрседен туындайды. Атап айтқанда, қартаю бізді вирустардан, бактериялар мен паразиттерден қорғауға тиісті қабыну үдерістерінің кері әсері болуы мүмкін. Организміміздің аталған инфекциялармен күресуі нәтижесінде біз өз ағзаларымыз бен тіндерімізді улауымыз мүмкін екен.
Бір қарағанда бұл қартаю себептерінің тосын түсінігі. Алайда мұндай түсінік тек қартаюға ғана қатысты емес, ол қарттықпен қатар жұретін сусамыр, атеросклероз, стенокардия, Альцгеймер сырқаты секілді көптеген созылмалы аурулардың даму себептеріне де қатысты.
Созылмалы сырқаттардың себебі қабыну екендігін адамдар ертеде, 19 ғасырда түсіне бастаған. Алайда оның деректі дәлелін тек жақында ғана, заманауи биохимияның және тез дамып келе жатқан ғылыми бағыт — жүйелі биологияның дамуы арқасында ала бастадық. 1990 жылдардың соңында қабыну кезінде күрт өсетін С-реактивті ақуыздың миокард инфарктінің басталуын ескертетін, ақпарат беретін көрсеткіш екендігі анықталды. Ол тіпті жоғары қан қысымынан немесе қандағы холестерин деңгейінен де ақпаратқа бай болып шықты. Мүмкін, инфарктінің алдын алуға арналған қабынуға қарсы дәрі — аспириннің аз мөлшерінің тиімді болуы осымен түсіндірілетін болар.
вирустар
Біз тұрақты, созылмалы қабынумен бетпе-бет келетіндігімізді атап өткен жөн. Біздің организмімізде бір қарағанда қауіпсіз көрінетін Эпштейн-Барр вирусы және Цитомегаловирус тұрақты өмір сүреді. Олар әдетте ұйқы жағдайында болады және ауру тудырмайды деп есептеледі. Алайда жақында жүргізілген зерттеулер олардың соншалықты қауіпсіз емес екендігін көрсетті. Жас ұлғайғанда олар белсенді сипат алады, ал организм оған назар аударып, арнайы антиденелер өндіре бастайды. Антинеденелер созылмалы аурулар мен қартаюға алып келетін дәл сол қабыну тудырғыш молекулалар болуы мүмкін.
Осы логикаға сүйеніп, қызылша, көкжөтел, сүзек секілді жұқпалы бала аурулары жоғары деңгейде орын алған кедей және дамушы елдермен салыстырғанда, дамыған елдерде өмір ұзақтығының неліктен жоғары болатындығын түсіндіруге болады. Бұл жұқпалы аурулар өмір бойы өзінің кері әсерін тигізумен болатын қабыну үдерістерімен қатар жүреді.
Егер созылмалы ауруларға және қартаюға иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясынан туған қабыну үдерістерінің нәтижесі деп қарайтын болсақ, бұл үдерістерді тиімді басқаруға болады деген үміт туады. Демек, қабынуға қарсы дәрілерді дұрыс таңдаған жағдайда, сусамырды, жүрек сырқаттарын және тіпті обырды тиімді емдеп қана қоймай, қарттықты тоқтатуға, тіпті шегіндіруге болады.
Биомедициналық білімдер жинақталған сайын аурулардың алдын алудың және емдеудің жаңа әдістері жасалуда. Бұның бәрі өмір көкжиегін айтарлықтай кеңейтеді. Биомедицина жетістіктерінің арқасында ауыр сырқаттарды жеңе алатын және қартаю биологиясын әлдеқайда жақсы түсіне алатын кез алыс емес.
ааааааааааа