Адам денсаулығының физикалық белсенділікке тәуелділігі генетикалық тұрғыдан берілген

translator Сәрсенбі қазан 16, 2019

16 10 2019

Қазірігі уақытта бүкіл әлемде денсаулықты жақсартуда физикалық белсенділікті арттыру, көп ауруларды емдеуде алдын ала қауіпсіздендіру, салауатты өмір салтын ұстау, сондай-ақ көп жылғы зерттеулер нәтижесі жайында аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ.

Алайда белгілі бір топтағы адамдарға өмірінде физикалық белсенділіктің үлкен дәрежеде қажет екені байқалады. Оларға денсаулықты сақтауда семіздікке жол бермей, басқа да ауруларға (диабет және т.б.) ұшырамаудың алдын алу үшін өзінің физикалық белсенділігін тиянақты қадағалау талап етіледі.

Ағзаның тағамнан алынатын калорияны майдың жиналуына әкелу бейімділігі, дәлірек дененің арнайы орындарында (ағзадағы май жиналатын орында – тері астындағы шел қабаты мен ішастарішілік қуыста) майдың жиналуы, ағзаның майлардың энергия қорларын «жоюға» (артық салмақты жоғалтуға төзімділік) қабілеттінің төмендеуі генетикалық тұрғыдан анықталған. Яғни семіздікке шалдығу бейімділігінің генетикалық негізі бар. Семіздікке бейім келетін ген иелерінде физикалық белсенділікке деген жоғары тәуелділік байқалады: физикалық әрекетсіздік, енжарлық өмір сөз жоқ семіздікке барар жол, ал сайма-сай физикалық жүктеме генетикалық қатерді азайтады.

Осы айтылған мәселелер ADRB2 мен FTO геніне байланысты. Әртүрлі адамдардың гендері бір нуклеотидтің (нуклеотид - ДНҚ құрылымдық бірлігі) бір-біріне бір нүктелі ауыстырумен ерекшеленуі мүмкін. Нүктелік мутациялар генде бір нуклеотидті полиморфизмдер деп аталады.

ADRB2 гені ақуыз-рецепторын реттейді, адреналиннен (β2-ADRs-адренергиялық рецепторы) қуатын арттырады. β2-ADRs рецепторы – липолитикалық рецептор. Оның белсенділігі майдың жұмсалу қабілетін арттырып, таратып, қуаттап, майдың жиынтығын бұзады. Мұндай шұғыл жинақтау – майды қанға босатады. ADRB2 генінің нақты полиморфизмдері салмақты бақылауда қиындыққа душар қылып, ағзаға майдың таралуына зор кедергі жасап, семіздікке бір табан жақындатуға себепші болады. Атап айтқанда, қатерлі генотип кезінде липолитикалық ADRB2-рецепторлардың тығыздығы төмендейді, бұл сол геннің қолайлы вариацияларын тасымалдаушылармен салыстырғанда осы генотиптерді тасымалдаушы адамдарда липолиз тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бұл кезде генотипі жайсыз адамдарда физикалық белсенділікке, атап айтқанда аэробтық жаттығуларға қажетттілігі туындайды. Артық салмақ болған жағдайда салмақты қалыпқа келтіруде аэробтық жаттығу жақсы әсерін береді.

FTO генінің белгілі бір полиморфизмі семіздікке бейім келеді. Сонымен қатар, аталған генде қатерлі-аллель болған кезде дене салмағын бақылаудың физикалық белсенділік деңгейіне жоғары тәуелділігі байқалады. Сонымен қатар, FTO генінде қатерлі-аллельдің болуы тәбеттің артуына, тойымсыздыққа әкелуі мүмкін, өйткені бұл адамдарда тамақтанудан соң болуы қажет қанығу сезімі әлсіреген. Сондықтан, қатерлі генотиптің тасымалдаушылары артық тамақтанудан сақтану үшін тағамның жеткілікті бөлігін қабылдағаннан кейін тамақтануды доғару керек.

Осылайша, қатерлі генотипті тасымалдаушыларда физикалық енжарлық семіздікке және соған қатысты ауруларға (метаболикалық синдром, диабет, май алмасуының бұзылуы) бейімділікті қатерлі емес генотипті тасымалдаушылардан қарағанда көп мөлшерде арттырады. Сонымен қатар физикалық белсенділіктің тиісті деңгейі генетикалық қауіп-қатерді төмендетеді. Алайда, дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділіктің барлық адамдар үшін генотипке қарамастан салмақты бақылаудың маңызды шарттары екенін есте сақтаған абзал.

Елімізде ауруларға бейімділікті анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық талдау әдістері табысты игерілген. Талдау үшін ДНҚ әртүрлі биоматериалдардан алынуы мүмкін (қан, буккальды эпителий жасушалары – беттің ішкі жағынан жағынды, сілекей және т.б. алынады). ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығы секілді ірі ғылыми орталық ғылыми мақсатта генетикалық талдаулар жүргізуде.

Әрине, семіздік генотипке қарамастан кез келген жастағы адамдарда дамуы мүмкін, өйткені семіздіктің басты себебі – ұзақ тамақтану болып табылады. Дегенмен бұл генотиптегі адамдарға міндетті түрде дұрыс тамақтанып, физикалық белсенділікке мән беріп, артық салмаққа жол бермеу үшін күрескен дұрыс. Өйткені, мұндай адамдар жылдам салмақ қосып алса одан арылу өте қиын, ал артық салмақ басқа да ағзадағы мүшелерге қауіп әкелетінін білген дұрыс. Солардың ішінде 2 типтегі қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруы (еңбекке қабілетті жастағы әрбір 10-шы қазақстандықта бір жүрек-тамыр патологиясы бар, өз кезегінде бұл жайт Қазақстандағы әрбір үшінші өлімнің себебі болып табылады) және т.б.

Сондықтан өзіңізге, балаларыңызға да артық салмаққа жол бермеуді міндетті түрде қолға алған абзал және де кез келген қиын қыстау жағдайда мәселені түзетуге тырысу қажет.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://78.40.109.56/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=73