Коронавирус мутацияланады ма?

translator Сейсенбі тамыз 4, 2020

WhatsApp Image 2020 08 04 At 16.17.38

Жауабы – иә, мутацияланады. Коронавирус әрдайым мутацияланады және бұл шамамен екі апта сайын орын алып тұрады. Алайда, мутацияның көпшілігі вирустың әрекет етуіне айтарлықтай әсер ете қоймайды.

Сонымен қатар, дәрігерлер мутацияға қатысты үлкен қызығушылық танытуда, себебі осының салдарынан біз коронавирустың екі негізгі түрімен жолығып отырмыз. Бірі ухандық болса, екіншісі итальяндық немесе еуропалық атпан белгілі.

Әрине, бәрі сол ухандық түрден бастау алған болатын. Кейін коронавирус Қытайдан Иранға таралды, одан соң Италияға. Осы Италияда шамамен ақпан айында вирус мутацияға ұшырады. Вирустың қауіптілігі өрши түспесе де, жұқтыру мүмкіндігі 10 есеге жуық өсті.

Белгілі болғандай, коронавирус – өзі бір көптеген тікенектер отырғызылған шар тәрізді капсулаға салынған генетикалық материалдың үзіндісі, оның тұрқы кәдімгі тәжге ұқсайды. Тікенектер – ақуыз молекулалары, олар коронавирустың адам тініне қосылуына мүмкіндік туғызады. Анықталғандай, Қытайдан бастама алған вирустан гөрі итальяндық вирустың тікендері тым тұрақты болып отыр. Осының нәтижесінде ол адамның тініне анағұрлым нақты әрі тез енуге бейімді. Бұл оның жұққыштығының жоғарлығын анықтайды.

Вирустар тірі қалу үшін мутацияланады және жұққыш келеді, бірақ аса қатерлі түрде емес. Вирустардың мутацияға қабілеттілігі олардың табиғи эволюциясының көрінісі екенін айта кету керек.

Елестетіп көрелік, адам вирусты жұқтырды делік, вирус адам ағзасында мутацияланды. Сонда бұл адам вирустың қос түрін таратушысы болады, бірі аса жұқпалы, екіншісі өте қауіпті. Содан соң бұл вирустарды ол басқа екі адамға жұқтырады. Ең қауіпті вирусты жұқтырғаны, үйіне келіп, ауырып, төсегінде ажал құшады. Ал, қаупі аздау, бірақ өте жұқпалысын жұқтырғаны аман қалды делік. Аман қалғаны той-домалаққа немесе сауық-кешке барып, он шақты басқа да адамдарға жұқтыруы мүмкін. Осылайша вирус адамдар арасында таралады.

Вирустың тірі қалуы үшін оған өз қожайынын өлтірудің еш пайдасы жоқ, өйткені бұл жағдайда вирустың өзі өлмек. Вирустар бізсіз, мына қожайындарынсыз ЕШТЕҢЕ емес. Олар паразиттер болғандықтан, бізсіз өмір сүре де алмайды. Сондықтан, вирусқа қожайыны үшін қауіпсіз болғаны, бірақ аса жұқпалы болғаны тиімді. Осылайша ғана ол өз өмірін сақтап қана қоймай, тезірек таралмақ.

Дәл осыдан жүз жыл бұрын тұмау пандемиясы кезінде осындай жағдайлар болған еді. Ол індет өте қауіпті вирустардан бастау алып, жер шарының 70 пайызға жуық халқын жойып жіберген болатын. Содан соң ол вирус белгілі бір уақытқа жоғалып, артынша шошқаларда жаңарып, кейін қайта адамға ауысты, Алайда, бұл уақыт аралығында ол өзінің қауіпті қарқынын жоғалтып, біз жыл сайын ауыратын кәдімгі маусымдық тұмауға айналды.

Вирус – бұл бөтен генетикалық материалдың кішкене ғана бір бөлігі, ол біздің жасушаларымызға еніп, жаңа вирустардың көбеюіне және маңызды мүшелер мен тіндердің өмірлік финкцияларын бұзу мақсатында резервтерімізді пайдалану үшін геномға сіңеді. Кейбір вирустардың біздің геномға еніп, мыңдаған жылдар бойы адамдармен бейбіт өмір сүргені белгілі. Шамамен 10 пайызға біздің геномызда көнеден келе жатқан вирустар. Біз кездері олар біздің ата-бабаларымыздың генетикалық құрылымында орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалау арқылы бүгінгі күнге жетіп отыр. Ол жөнінде толығырақ мен өзімнің «Денсаулықтың сегіз құпиясы» атты кітабымда жазған болатынмын. Қазіргі еліміздегі тарап жатқан, бірқатар шағын мутацияға душар болған коронавирустың түрі – сол итальяндық вирус түріне ұқсайтын сияқты. Яғни, біздің вирус аса жұқпалы. Бірақ оны қауіпсіз деп есептеу қателік болады. Өкінішке орай, ол қазірдің өзінде-ақ көптеген адамдардың өліміне себеп болғанын көріп отырмыз.

Бұдан әрі мутация нәтижесінде біз әлі білмейтін сипаттатамалары бар коронавирустың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін екенін ете ұстағанымыз жөн. Эпидемияның тез таралуы тек вирустың жұқпалы бола бастағандығына байланысты деп айту қате болар еді. Басты себеп – біздің оған деген қарым-қатынасымызда, сақтық шаларын ұстанбауымызда.

Коронавирустық пандемиямен күрес әлі аяқталған жоқ. Дүниежүзінің ғалымдары коронавирус індетін емдейтін тиімді дәрілер мен вакциналарды іздестіру үстінде. Бізге міндетіміз олар үшін уақыт ұтып, жағдай жасау. Ол үшін бәрімізге қазіргі жағдайда әдеттегі ережелерді ұстануымыз өте маңызды, атап айтқанда маска тағу, адамдар көп жиналатын іс-шараларға барудан тас тасту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://78.40.109.56/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=150