Карантиннен қалай шығамыз

translator дүйсенбі мамыр 18, 2020

42686648 10156961683164684 201932367072329728 O

Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды, бірақ карантиндік шаралар біраз уақытқа жалғаспақ. Вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектердің болмау салдарынан, карантин бүгінге коронавирустан қорғанудың жалғыз механизмі болып табылады.

Шектеу шараларын сақтамау эпидемияның қайта өрбуіне және бақыланбайтын салдарларға әкелуі ықтимал. Мысалы, бұл Сингапурда, Жапонияда, Германияда, сондай-ақ бұған дейінгі кейбір шектеулер алынып тасталған Қытайдың Ухань қаласында да орын алғаны байқалуда.

Гарвардтық эпидемиолог Стивен Кисслер коронавирустық пандемияның толқын тәрізді дамуын болжайды. Дәл осындай жағдай қазір эпидемияның тұрақталу сатысында тұрған Қазақстанға да қатысты. Жылы маусымның басталуымен коронавирус азаяды деп, одан кейін эпидемияның тағы бір толқыны үстіміздегі жылдың қазан, қараша айларында күтілуде.

Болашақта ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенге дейін бірнеше рет шектеу шараларына жүгіну қажет болуы мүмкін. Бұл 2022 жылдың күзіне дейін ерте бола қоймас.

Алайда, Johnson & Johnson компаниясының келесі жылы миллиардқа жуық вакциналар шығарамыз деген жақсы жаңалықтары да бар.Иә, басқа компаниялар да вакциналар шығаруды жедел қолға алады деген үміттеміз. Бұл адамзат баласына бірдей ұжымдық иммунитетті тез игеруге мүмкіндік бемек.

Карантиндік шараларды біртіндеп алып тастау, әрине, бұл үміт отын ұялатады. Алайда, одан шыққаннан кейін, біз, бейнелі түрде шексіз алқапты емес, керісінше биік қоршаумен қоршалған, оның ар жағында өршіп тұрған пандемияны көреміз.

Яғни, коронавирус жойылған жоқ. Сондықтан да қауіпсіздік ережелерін сақтауды жалғастыру қажет.

Мұны мен профилактикалық коктейль деп қарастырамын. Оған жеке гигиена шаралары, ара қашықтықты сақтау және маска кию жатады. Бұл шаралардың әрқайсысы ешқандай кепілдік бермейді, бірақ бірге олар коронавирустан сенімді қорғаныс береді.

Ең алдымен гигиеналық шараларды сақтау керек, атап айтқанда жиі жиі және мұқиятты қолыңызды сабындап жуыңыз немесе спирттік санитайзерлерді қолданыңыз. Мұны мүмкіндігінше әр екі сағат сайын немесе басқа адамдармен кездесуден бұрын және одан кейін жасаған жөн. Сонымен қатар, үстелді және басқа да тұрмыстық заттардың бетін мезгіл-мезгіл сүртіп отыру керек.

Алайда, бұл да жеткіліксіз. Коронавирус ауа арқылы таралатындықтан, әлеуметтік қашықтық деп аталатын нәрсені, атап айтқанда бейтаныс адамдармен кездескенде 2 метр қашықтықты сақтау керек. Қашықтық неғұрлым алшақ болса, соғұрлым жақсы болады.

Сонымен қатар, маска киюді ұмытпау керек. Оларды дұрыс қолдану біздің ағзамызды вирустарды қамтитын тамшылар мен аэрозольдерден нақты қорғайды.

Әрине, мұндай профилактикалық коктейльмен сақтану бізді қалыпты өмірге қайтармайды. Алайда, бұл шаралар эпидемияны бақылауға және бізге үйден шығып қалада жүруге, адамдармен араласуға көмектеседі. Енді көптен көрмеген достарымыз бен жақындарымызбен кездесуге мүмкіндік туды. Профилактикалық шараларды ұмытпай ұстанып, дұрысы таза ауада, саябақтарда немесе үйдің верандасында, беседкада көрісіп, жүздескен абзал. Таза ауа мен күннен басқа, бұл әжептеуір кең орын, сондықтан бір-бірімен ара қатынасты сақтауға мүмкіндік береді. Егер де сіз үйдің ішінде болсаңыз, онда желдетіп алу үшін мүмкіндігінше терезелерді мезгіл-мезгіл ашып тұрған жөн. Дұрысы, тығыз шаруа болмаса үйден шықпаған абзал. Бұл әсіресе қарт, егде адамдарға және созылмалы аурулармен ауыратындарға қатысты. Ауруханаларға ауыр асқынулармен түскен коронавирусты жұқтырған адамдардың шамамен 90 пайызы – өкпенің созылмалы аурулары, жүрек аурулары,қант диабеті, семіздік, қатерлі ісік, аутоиммундық және де басқа аурулармен ауыратындар.

Сондықтан да иммунитетті және денсаулықты нығайту өте маңызды. Мұны тұрақты физикалық жаттығулар арқылы жүзеге асыруға болады. Бақытымызға орай, қазір саябақтарда, сонымен қатар қала сыртында серуендеуге мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, ұйқының жеткілікті болуы да маңызды. Толыққанды ұйқы зат алмасуды жақсартады және иммундық қорғанысты күшейтеді.

Аулада көктем, жаз да шуақты күндерімен жақында келмек. БІзге осыны пайдаланып қалу қажет. Қалай болғанда да, күн сәулесі, атап айтқанда ультрафиолет көптеген микроорганизмдерді жойып қана қоймайды, сонымен қатар біздің ағзамызға Д дәруменінің синтезделуіне ықпал етеді. Бұл витамин иммундық қорғанысты нығайтып, соның ішінде коронавирустан қорғайды деп есептеледі.

Игілігімізге орай, бағбандарға қала сыртындағы бақтарына баруға рұқсат берді. Бұл жақын арада базарларда дәрумендерге және басқа да пайдалы қоректік заттарға бай өнімдерді көретінімізді білдіреді. Дұрыс тамақтану, әсіресе жемістер мен көкөніс өнімдерін пайдалану – иммундық қорғаныс пен жалпы денсаулыққа өте маңызды.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://78.40.109.56/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=132