Жасөспірімдер үшін ғаламтор кеңістігінде қауіпсіздік аймағын қалай жасауға болады

translator дүйсенбі сәуір 27, 2020

14 04 2020

Бүгінгі балалар технология саласының нағыз сарапшылары. Сіз олардың ата-аналарының смартфондарымен, планшет және ноутбуктерімен қалай отыратынын жиі көріп, олардың ересектерге қарағанда шебер қолдана алатынын байқайсыз. Әрине, сіз олардың осы гаджеттерді қолдана білгенін қалайсыз, бірақ олармен интернет қауіпсіздігі туралы мүмкіндігіңізше ертерек сөйлескеніңіз дұрыс.

Әдетте, 15 және оданда ересек жастағы балалар интернеттің ең күрделі деген қолданыстарын тез игеруге алғыр болады. Олар мектепте зерттеу жүргізу үшін пайдалануға берліген онлайн ресурстарды өз құрдастарымен байланыс жасаудың жолына пайдалануды қалайды.

Төменде интернетті пайдалану кезінде 15 жастағы және одан ересек балаларды қауіпсіздікте ұстауға көмектесетін бірнеше кеңестер беріліп отыр:

Балаңыздың Сізге өз құпия сөзін (пароль) беруін сұраңыз. Жасөспірімдердің тәуелсіздікке деген қажеттіліктері артып келеді және оларға жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік беру керек. Бұл кездегі олардың электрондық пошталарының сіз арқылы өтетіндігі, бәлкім, жеке өмірге қол сұғу ретінде қабылдануы мүмкін. Дегенмен, балаңыздың сізге құпия сөзді беруін келіскеніңіз артық етпейді, бірақ мұны тек балаңызға зиян келтіру қаупі болған жағдайда ғана пайдаланған абзал. Бұл сіздің балаларыңыздың жеке өміріне қол сұғу үшін қолданатын нәрсе емес, сақтандырудың бір түрі болуы керек.

Чаттар туралы айту керек. Чаттар туралы балалармен сөйлесу өте маңызды, оның ішінде видео-чаттар жайында. Сондай-ақ олармен 11-14 жасар кездерінде сөйлескендей, кейде адамдардың өздері ойлағандай болмауы мүмкін екенін ескертуіңіз қажет. Оларға интернетте сөйлескен адамдармен кездеспеу керектігін түсіндіріңіз, тіпті егер ол адам жақсы, зиянсыз болып көрініп, көмекке мұқтажбын десе де. Бұл қауіпті.

Сіз олардың әлеуметтік желілерді пайдаланғанда ақыл-кеңес айтушысы, бастаушысы болуыңыз шарт. Бұл жастағы көптеген жасөспірімдер Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік желілерде тіркелген. Оларға ата-ана ретінде сіздің көмегіңіз ауадай қажет. Сіз оларға желіге салынған кез-келген суреттер немесе хабарламалар, біреулердің олар туралы жазғандары баршаға аян болып, тіпті олар туралы оқуға жалдаушылар мен жұмыс берушілер біліп, болашақта оқуға немесе жұмыс істеуге зиянын тигізетінін ұғындырыңыз.

Балалар есейген сайын олар интернеттегі онлайн-құралдарды қауіпсіз пайдалану бойынша әр түрлі қолдаулар қажет болады. Технология өте тез дамып келеді, бірақ ескі құндылықтар әлі де болса бірінші кезекте тұр, атап айтқанда ашық байланыстардың қажеттілігі.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://78.40.109.56/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=125