Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Алғашқы көмек

Қажет емес шаралар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Қандайда бір себептермен түскен тұрақты тістерді, кей жағдайда орнына қайта салуға болады. Негізінде қайта қойылатыны тек тұрақты тістер, сүтті тістер қайта қалпына келмейді.

Себептері
Тістің түсуіне себеп болатын күтпеген сәтсіз жағдайлар, әдетте мынадай болуы мүмкін:
• Байқаусызда құлап қалғаннан;
• Спорттық жарақаттан;
• Күрескенде;
• Жол-көлік оқиғаларынан;
• Қатты затты байқаусызда тістеп алғаннан.

Алғашқы көмек
Түскен тісті сақтау керек. Оны мүмкіндігінше тіс дәрігеріңізге апарыңыз. Сіз оны тіс дәрігеріне қанша кеш жеткізссеңіз, соншалықты тісіңізді қайта орнына салу мүмкінлігі азаяды. Тісті қаптамасының сыртынан ұстаңыз (азу тіс жақтан).
Сіз тісіңізді тіс дәрігеріне, мына кеңестердің біріне сүйене отырып жеткізсеңіз болады:
• Тісіңізді ауыз қуысыңыздағы басқа тістермен бір деңгейде қатар ұстап тұрыңыз. Тісті орнында ұстап тұру үшін дәкені не болмаса дымқыл шәй қалташасын ақырын ғанан тістеп тұрыңыз. Байқаңыз, тісіңізді жұтып қоймаңыз.
• Егер сіз мұндай алғашқы қадамды жасай алмасаңыз тісті қаймағы алынбаған сүт немесе сілекей толтырылған қорапшаға салып алыңыз.
• Тісті таңдайдың астына салып, алып келуге де болады.
• Тіс дәрігерінде тіс сақтайтын арнайы құрылғысы болуы мүмкін. Бұл құрылғы қозғалмалы футляр және сұық ертіндіден тұрады. Ойланыңыз аталмыш құрылғыны сатып алсаңыз, ол сіздің алғашқы көмек беретін дәрі салғыш қорабыңызда тұруы шарт.

Сондай-ақ төмендегідей әрекет те пайдасын тигізуі мүмкін:
• Ауызыңызға және қызыл иегіңізге суық компресс басыңыз, ауруы басылуы мүмкін;
• Қан кетуін тоқтату үшін зақымдалған жерге дәкені басыңыз;
• Дереу арада тіс дәрігеріне қаралыңыз.

Тіс сынған кезде жүйке жалғаушалары зақымдануы мүмкін. Инфицирлену мен аурудың асқынуының алдын алу үшін тез арада тіс дәрігеріне қаралыңыз.

Тісіңіз жай ғана кетілсе немесе сынсса, сізге одан аса бір қатты жайссыздық сезілмесе жедел жәрдем шақырудың қажеті шамалы. Алайда, кейіннен тіс дәрігеріне барып тістің сынған бөлігін бекіттіріп алғаныңыз жөн, себебі өткірленген тіс ерін мен тілді кесіп зақымдап жіберуі ықтимал.

Қажет емес шаралар:
• Тістің тамырына тиспеңіз. Тек азу тіс жақтан тістің қаптамасынан ғана ұстап тұрсаңыз жеткілікті;
• Тістің тамырын, кірін сүртемін деп сүртіп жүрмеңіз;
• Түскен тістің орнын шеткамен не алькогольмен не болмаса сутек сілтісімен тазаламаңыз.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Тіс түскенде немесе жұлынып қалса, уақыт күттірмей тіс дәрігеріне барып, қаралыңыз. Егер түскен тісіңізді таба алсаңыз, оны өзіңізбен берге тіс дәрігеріне апарыңыз.
Егер сіз ауызыңызды жаба алмай қалсаңыз, онда жағыңыз да зақымданды деген сөз. Бұл жағдайда жедел медициналық көмекке жүгіну керек.

Алдын алу
• Кез-келген соқтығысатын спорт түрімен шұғылданғанда аузыңызға тіссауыт (капа) киіңіз.
• Төбелестен аулақ жүріңіз;
• Қатты тағамдарды көп қабылдай бермеңіз. Мысалы қатты нан, сүйек секілді азықтар.
• Әрқашан қауіпсіздік үшін ремень тағып жүріңіз.

Синонимдері
Сынған тіс; Ұрылған тіс

Тіс мәселесі (ерлерде / әйелдерде)

Тегтер:
тіс дәрігері
тіс
ұрылған тіс
сынған тіс
ауырсыну
тістің түсуі