Көкжөтел - бұл жоғары тыныс алу жолдарының жұқпалы инфекциясы (Борде-Жангу немесе паракоклюш бактериясы ). Ол әсіресе жұтқыншақтың артқы жағына орналасқан мұрын жолдарында пайда болады. Инфекциядан жоғары тыныс алу жолдары тітіркеніп, тыныс алу барысында қатты жөтел қысып, қырылдаған немесе үрген дауыс қоса шығады.

Адам бұл инфекцияның көзі болып табылады, яғни инфекцияны көкжөтелмен ауыратын, немесе бактериясы бар сау адамдар таратады. Инфекция ауа - тамшылары арқылы таралады. Сезімтал адамдарда ауруды жұқтыру қаупі 90% ға дейін артады.

Әдетте, симтомдар үш түрлі кезеңде байқалады. Барлығын тұтас қарағанда 6-10 күнге созылуы мүмкін. 1 кезеңдегі симптомдар түшкіру, мұрыннан су ағу аздаған жөтел сияқты, кәдімгі суық тию белгілеріне ұқсас келеді. Екінші кезең – құрғақ жөтел, үзік-үзік жөтел, одан асқынып адам өзін тоқтата алмайтын қатты жөтеледі. Үшінші кезең бұл – қатты дыбыспен шығатын жөтел. Қатты жөтелден тері және тырнақтың асты көгеріп, адам құсып және әлсіреп кетуі мүмкін.

Көкжөтел барлық жастағы адамдарда кездеседі. Бірақ көбінесе 4 айдан кіші және 60 жастан асқан ересек адамдарда асқыну қаупі жиі кездеседі. 2 айдан 6 жасқа дейінгі жас аралығында көкжөтелге қарсы вакцинаны егу арқылы бұл аурудың алдын алып немесе ауруды қадағалау мүмкіндігі болады.

Дегенмен, вакцинаның қорғау әсері уақыт өте келе жойылады.

Ерте кезеңдегі ауру белгілерін антибиотиктер қабылдау арқылы қолға алуға болады, сондай-ақ аурудың созылып немесе асқынып кетуінен сақтануға да мүмкіндік туады. Көкжөтелмен науқастанған балаларды, әсіресе 4 айдан кіші жастағыларды ауруханаға жатқызу керек болады.

Ауру асқынғанда пневмонияға, созылған қатты жөтел кезінде жарыққа (грыжа) душар қылуы мүмкін.

Көкжөтелдің өлімге апаруы сирек жағдайда орын алады.

Көкжетелмен ауырып жазылған адамдар (сондай- ақ, көкжөтелге қарсы екпеден) өмір бойғы иммунитетпен қамтамасыз етіледі дегенді білдірмейді. Сондықтан ауру қайталануы мүмкін (ересек адамдардың 5% ында көкжөтел кездеседі).

Балалардағы жөтел (ерлерде / әйелдерде)
Балалардың құсуы (ерлерде / әйелдерде)