Мастопатия (сүт безінің жаппай түйінделуі – сүт безіндегі фиброзды-кистозды өзгерістер) сүт безінің кең таралған күйі болып табылады. Мастопатия - дәнекер тіні және эпителий компоненттерінің ара қатынасының бұзылуымен, сүт безі тінінің өзгеруімен сипатталатын фиброзды-кистозды ауру. Мастопатия түрлі гормоналды бұзылулары (гиперэстрогения, прогестерон жетіспеушілігі және т.б.) бар әйелдердің 30-40% диагностикаланады.

Сүт безінің жаппай түйінделуі әдетте етеккір алдында айқын байқалады және екі емшекте емшек ұшының айналасында және үстіңгі бөлігінде сезіледі.

Сүт безінің жаппай түйінделуі 35 жастан 50 жасқа дейінгі әйелдерге жиі кездеседі. Әдетте, ол етеккір үзілісі кезінде жоғалады. Гормондар алмастыратын терапия бойынша эстроген қабылдайтын әйелдерде бұл ауру жалғасуы мүмкін.

Дәрігер мастопатияны емдеуді мыналардан соң ғана тағайындайды:

• фиброкистоздық ауру түрін анықтаған соң
• репродуктивті жүйесін зерттегеннен соң
• гормоналды күйін анықтағаннан соң

Мастопатияны алдын алу. Егер емшекте өзгерістер анықталған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу қажет. Әйел адамдарға 45 жастан кейін сүт бездерінің өзін-өзі тексеру, сондай-ақ маммолог қарауындағы профилактикалық зерттеулер маңызды болып табылады.


Тегтер:

мастопатия
емшек
емшек ұшы
сүт безі
гормондар
етеккір