Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері



Жалпы ақпарат

Гемосеридоз – ағзадағы темірдің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын ауру. Оны сондай-ақ «темірдің шамадан тыс болуы» деп те атайды.


Себептері

Гемосидероздың екі түрі бар:

• Бастапқы гемосидероз ол ұрпақтан ұрпаққа таралатын генетикалық ақау. Ол туылған кезде анықталады. Аталмыш ауруға шалдыққан адамдарда асқазан ішек жолдарында темірдің артық сіңірілуі жүреді. Темір организмде жинала бастайды, әсіресе бауырда көп жиналады. Егер сіздің отбасыңызда бұл ауруға шалдыққан адам болса немесе қазіргі таңда бар болса, онда сізде де осы аурудын пайда болу қаупі бар
• Екіншілік (жүре пайда болған) гемосидероз қан ауруларынан: талассемия немесе анемияның кейбір түрлері, қанды жиі құйып тұрудан пайда болуы мүмкін. Кейде гемосидероз созылмалы алкоголизммен және басқа аурумен ауыратын науқастарда кездесіп жатады.

Гемосидероз әйелдерге қарағанда ерлерде жиірек кездеседі. Ол әдетте европоидты нәсілдегі адамдарда кең таралған.


Симптомдары

• Іштегі ауру сезімі
• Шаршағыштық
• Терінің диффузды қараюы
• Буындағы ауру сезімі
• Әлсіздік
• Денеде шаштың азаюы
• Сексуальды қызығушылықтың жоғалуы
• Салмақ жоғалту
• Әлсіздік

591

Гепатомегалия - бұл бауырдың мөлшерінің үлкеюі. Кейбір аурулар,инфекциялар, паразиттер, ісіктер, анемия, уытты күйлер, жүрек жетіспеушілігі, туа біткен жүрек аурулары және зат алмасудағы бұзылыстар сияқты кейбір аурулар гепатомегалияға әкелуі мүмкін.


Диагностикасы

Дәрігер немесе мейірбике медициналық қарау жүргізеді. Бұл жағдайда бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, тері түсінің өзгеруі анықталуы мүмкін.

Диагноз қою үшін мынадай қан талдаулары көмектсуі мүмкін:

• Ферритин деңгейі
• Темір деңгейі
• Трансферинмен қанығу пайызы (жоғары)

Қосымша тексерулерге мыналарды жатқызуға болады:

• Қандағы қант (глюкозаның) деңгейін анықтау
• Альфа-фетопротеинді анықтау
• Жүрек функцияларын зерттеу үшін эхокардиограмма (ЭхоКГ) жасау
• Жүректің электрлік белсенділігін зерттеу үшін электрокардиограмма (ЭКГ) жасау
• КТ, МРТ және УДЗ секілді визуалды зерттеулер жүргізу
• Бауыр функциясын зерттеу

Аталмыш ауруды нақтылуға және ем тағайындауға бауыр биопсиясы немесе қан шығару процедурасы қажет болу мүмкін. Бұл процедурада организмдегі темір деңгейін азайту үшін қанның бірнеше мөлшері шығарылады.

Аурудың бар екендігін растау үшін отбасының басқа мүшелерінің осы генетикалық ақаудың бар немен жоқтығын анықтау мақсатында тексеріс қажет болуы мүмкін.


Емдеу

Емдеудің мақсаты ағзадан артық темірді алып тастау және ішкі мүшелердің кез келген зақыдануын емдеу болып табылады.

Қан шығару деп аталатын процедура ағзадан артық темірді шығарудың ең жақсы әдісі болып табылады.

• Жарты литр қан әр апта сайын шығарылып тұрады. Бұл процедура қандағы темір деңгейі қалпына келгенге шейін орындалатын болады. Ол бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
• Осыдан кейін қалыпты темір деңгейін ұстап тұру үшін бұл процедура сирек жүргізілетін болады.

Процедураның жиілігі сіздің симптомдарыңызға, қандағы гемоглобин деңгейіне және ферритинге, сонымен бірге органимзге тамақпен келетін темір мөлшеріне байланысты болады.

Тестостеронмен бірге гормональды терапия сексуальды қызығушылықты және екінші реттік жыныстық белгілердегі өзгерістерді қайта қалпына келтіруіне тағайындалады. Сонымен бірге диабет, артрит, бүйрек және жүрек жетіспеушілігін осыған сәйкес ем тағайындаған жөн.

Егер сізге гемосидероз диагнозы қойылса, сізге міндетті түрде арнайы диета ұстану қажет болады. Дәрігер немесе медбике сізге мынадай ұсыныстар беруі мүмкін:

• Алкогольдік ішімдікті ішпеңіз, әсіресе егер сізде бүйректің зақымдалуы болса.
• Құрамында темірді қамтитын препараттарды немесе витаминдерді ішпеңіз.
• Темір ыдыстарын қолданбаңыз.
• Тағам рационынан теңіз өнімдерін алып тастаңыз.
• Темірмен байытылған тағамдарды, мысалы, құрамында 100% темірді қамтитын құрқақ таңғы астарын жеуге болмайды.


Болжамы

Тиісті емсіз темірдің шымадан тыс болуы бүйректің бұзылуына алып келеді.
Артық темір дененің басқа да жерлерінде жинақталуы мүмкін. Атап айтқанда, қалқанша безінде, аталық бездерінде, ұйқы безінде, гпиофизде, жүректе немесе буындарда. Өз уақытында жасалған ем артрит немесе қант диабеті, бүйрек аурулары, жүрек аурулары секілді асқынулардың алдын алуы мүмкін.

Сіздің өзіңізді сезінуіңіз және жағдайыңыз органдардың зақымдану дәрежесіне байланысты болады. Қан шығару көмегімен гемосидерозды ерте анықтау және емдеу арқылы кейбір органдардың зақымдалуын алдын алуға болады.


Мүмкін болатын асқынулар

Асқынулар келесі жағдайларға әкеледі:

• Бауыр циррозы
• Бүйрек жетіспеушілігі
• Бауырдың қатерлі ісігі

Ауру төмендегі басқа да аураулардың туындауына әкелуі мүмкін:

• Қантты диабет
• Жүрек аурулары
• Бактериальды инфекциялардың даму қаупі
• Аталық бездің атрофиясы
• Тері түсінің өзгерісі


Дәрігерге қашан қаралу керек

Гемосидероз симптомдары пайда болып жатса дәрігерге қаралыңыз.

Егер сіздің отбасыңыздағы бір мүшесіне гемосидероз диагнозы орын алған болса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге (скрининг мақсатында) хабарласыңыз.


Алдын алу

Отбасының бір мүшесінде гемосидероз диагнозы болған жағдайда, скрининг жүргізу бұл ауруды бастапқы сатыларында анықтауға көмегін береді. Сондықтан емді барынша ерте бастау ағзалардың зақымдалуын алдын алады.


Синонимдері

Темірдің шамадан тыс болуы


Тегтер:
гемосидероз
гемосидериннің артық жиналуы
эритроциттердің күшті ыдырауы
бастапқы гемосидероз
екіншілік гемосидероз