Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Қолдау топтары

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері

Жалпы анықтамасы
Асқынған респираторлы дистресс-синдромы (АРДС) – өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылады. Бұл өкпенің айрықша өзгеруімен сипатталады, өкпеге баратын қанның құрамында қажетті оттектің жетіспеушілігінен өкпенің жұмысы бұзылысқа тап болады.

Себептері
АРДС өкпенің кез-келген ауыр жарақат алуынан туындайды. АРДС-тың көпке белігігі пайда болу себептері мыналар:
• Көп мөлшердегі құсықтың өкпеге түсіп кетуі;
• Химиялық буларды жұтып қою;
• Өкпені ауыстыру;
• Пневмония;
• Септикалық есеңгреу (ағзадағы гениталды инфекция);
• Жарақат
АРДС ауа қабына сұйықтықтың құйылуын өткізеді. Бұл сұйықтың қан айналымындағы оттегінің жеткілікті берілуіне кедергі жасайды.
Құйылған сұйықтық өкпе тіндерін басып кетеді, салдарынан өкпенің қажетінше кеңею мүмкіншілігі азаяды. Қандағы оттегі мөлшері қауіпті төмен дәрежеде қалып қояды, тіпті адам оттегіні жасанды ауа айналдыратын құрылғыдан алса да, өкпедегі ауа айналымы жақсармайды.
АРДС басқа мүшелердің жетіспеушілігімен қатар туындауы мүмкін. Олар мысалы бауыр немесе бүйрек болуы мүмкін. Шылым шегу мен алкоголь пайдалану да қауіпті фактор болып табылады.
окпе
Ауа өкпеге мұрын қуысы, кеңірдек және тамақ арқылы өтеді.

Симптомдары
• Тыныс алу қиындайды;
• Төмен артериялық қысым және ағза жетіспеушілігі;
• Дем алыстың жиілеуі
• Демікпе
Симптомдар жарақат алғаннан кейін немесе ауру басталғаннан кейін 24-48 сағаттың ішінде дамиды. Көптеген адамар АРДС-пен ауырғанымен, симптомдарын айтып дәрігерге келіп жатпайды.

Диагностикасы
Өкпедегі аномальді дыбыстарды анықтау үшін стетоскоптың (аускультация) көмегімен тыңдайды, естілген дыбыстар өкпенің сырылын, өкпеге сұйықтықтың құйылу белгісін анықтауға сеп болады.Артериялық қысып көп жағдайда төмен болады. Әдетте цианоз байқалады (тері бозарады, ерін мен тырнақтар түсін өзгертеді, осының бәрі тіндерге оттек жестіспегендіктен туындайды).
АРДС-ті анықтау үшін жүргізілетін тексеру:
• Артериялық қан газы;
• Қан талдамасы (ОАК) және биохимиялық анализ;
• Бронхоскопия (бұл әдіс кеңірдектегі шырышты тікелей тексеруге мүмкіндік туғызады, оған арнайы «бронхофиброскоп» деп аталатын құрылғыны қолданады);
• Кеуде жасушаларын жалпы рентгенографиядан өткізу;
• Қақырықты талдау және оның қоздырғышын анықтау бойынша зерттеу
• Мүмкін болатын инфекцияны тексеру.

АРДС сияқты кеуде радиографиясына ұқсас жүрек жеткіліксіздіктерін болдырмау үшін, жүрек бөлімдерінің эхокардиографиясы немесе катетерлеу қажет болуы мүмкін.

Емдеу
Әдетте АРДС-ке шалдыққан науқасстар ауруханада жатып, арнайы терапия қабылдауы керек.
Емдеудің басты мақсаты тыныс алуға демеу беру және АРДС-тің себебін анықтап, инфекцияны емдеу үшін арнайы препараттарды тағайындаумен толығыды. Және де қабынудың алдын алып, өкпедегі сұйықтықты жою да басты назарға алынатын емдеу шарасы болып табылады.
Соңынан оңтайлы қысыммен дем шығару жасанды өкпе вентиляциясы зақымданған өкпеге жеткілікті оттек мөлшерін жеткізу үшін қолданылады. Бұл құрылғыны қолдану барысында науқасқа күшті тыныштандырғыш дәрі тағайындалады. Кебір зерттеулердің көрсеткеніндей, дәрі тағайындау уақытша АРДС-пен салданған адамның оңалп кетуіне жоғары мүмкіндік беретіні анықталды.
Емдеу науқастың өздігінен дем алғанынан дейін жалғасады.

Қолдаушы топтар
Көптеген АРДС-пен ауыратын науқастардың жанұясы күйзеліске тап болады. Олар қолдаушы топтармен байланысу арқылы бұл салмақты жеңілдетеді, қолдаушы топтар мәселелер мен уайымдарды бірге бөліседі, сейілтеді.

Болжамы
АРДС-пен ауыратын науқастардың үштен бірі осы аурудан қайтыс болады. Тірі қалғандардың барлығында қалыпты өкпе қызметі қалпына келеді, бірақ көбінде ылғый өкпе тіндерінің зақымдануы орын алады.
АРДС-пен ауырған көптеген науқастар есте сақтау қабілетін жоғалтады не болмаса өмір сүру сапасына қатысты басқа да бұзылыстарға тап болады. Бұл мидың зақымдануына байланысты, өкпе қажетті деңгейде жұмыс істемесе, ми жеткілікті оттегі мөлшерімен қоректене алмай қалады.

Мүмкін болатын асқынулар
• Көптеген жүйелер мен ағзалар зақымданады;
• Өкпенің зақымдануы (мысалы, пневмоторакс деп аталатын өкпе коллапсы) осы ауруды емдек барысында жасанды вентиляция құрылғысынан алған жарақат;
• Пневмосклероз (өкпенің беріштенуі);
• Вентиляторассциралы пневмония;

Дәрігерге қашан қаралу керек
Негізінде, АРДС ауруы науқас ауруханада жатқанда мазалайды. Кейде сау адамдарда ауыр пневмония дамыса, АРДС ақырындап дамып, көрініс береді. Егер сізде тыныс алу жағынан мәселелер туындаса, 103 нөміріндегі жедел медициналық көмекке хабарласыңыз.

Синонимдері
Кардиогендік емес өкпе ісігі; Өткізгіштігінің тым жоғарлауынан өкпенің ісінуі; Өкпе шогы; АРДС; Өкпенің зақымдануының асқынуы

Тегтер:
тыныс алудың жетіспеушілігі
асқынған жүрек жетіспеушілігі
өкпенің ісінуі
демікпе