Сүйел – бұл сүйел вирусынан туындаған қауіпті емес тері өсіндісі. Сүйел көбінесе аяққа,қолға және бетке шығады, соның кесірінен адамда жуынғанда, қырынғанда жағымсыз сезімі болуы мүмкін.

Сүйелдің негізгі түрлері мыналар:

Кәдімгі сүйел. Бұл жиі қолға және дененің кез келген жеріне шығатын сырты бұдыр, түсі күңгірт-сұр болатын сүйелдер.
Табандық сүйел. Бұл сүйелдер табанда пайда болады және сырты қаттылау келеді, қалың терімен жанасқан қара нүктелері болады. Табандық сүйел жүргенде ауырсыну сезімі болуы мүмкін. Малта тастың үстінен жүргендей сезім туындайды.
Үшкір сүйел. Көбінесе қасаға, анус айналасына,тік ішек пен қынап аймағына шығатын сүйелдер.Бұлар өте кішкентай болып, көзге көрінбеуі мүмкін. Түсіне қарай ерекшеленеді (дене түстестен сұр түске дейін). Олар түрлі-түсті қырыққабатқа ұқсап, массаны қалыптастыру үшін бірге өседі. Бұл сүйелдер тік ішектің, анустың және жатыр мойнының қатерлі ісігін шақыруы мүмкін.
Жалпақ сүйел. Көбінесе бетке, аяққа және қолға шығатын сүйелдер. Олар кішкентай (әдетте қарындаштың соңындағы өшіргіштен қарағанда кішкентай), сырты жалпақ,түсі ашық-қоңыр немесе ашық-сары түстес болып келеді.
Жіп тәрізді сүйел. Дене түстес, пішіні саусақ тәрізді болатын, көбінесе ауыз және мұрын аймағына шығатын сүйелдер.
Тырнақ аймағына шығатын сүйелдер. Аяқ немесе қол тырнақтары аймағына шығатын, пішіндері әр түрлі болып келетін сүйелдер. Олар тырнақтың дұрыс өспеуіне әсер етуі мүмкін.

Көп жағдайда ем қажет емес. Егер ауырсынып немесе көзге жағымсыз көрінетін болса, емдеуге болады.Үй жағдайында салицил қышқылын қолдану арқылы мдеуге болады. Егер ол көмектеспесе, дәрігердің жазған емі бойынша криотерапия жасалады. Хируригялық жолмен де емдеуге болады.


Теріде жалпы проблемалардың болуы (ерлерде / әйелдерде)


Тегтер:

сүйел
балалардағы сүйел
сүйелдің емі