В гепатитіне қарсы вакцина – бауырдың зақымдалуы секілді қауіпті сырқаттардың өршіп кетуінің алдын алатын, балаларға ұсынылған бірден-бір иммундау болып табылады. Бұл ересектергеде ұсынылады.

Жалпы ақпарат
В гепатитіне қарсы вакцина - бейімсіз (өлі) В гепатитінің вирусынан құралады. Адам вакцинаны ендіргеннен кейін, ағзадағы иммун жүйесі вирусты танып біледі және вируспен күреседі, жұққан жағдайда аурудың туындау қаупін азайтады.

Дегенмен бірде-бір вакцина 100 пайыз сенімділік бермейді, иммундаудан кейін де В вирустық гепатитімен ауру әлі де мүмкін болып қала береді.

Кімдер вакциналауға кіреді
В гепатиті қарсы вакциналау үш инъекциялы кезеңге бөлінеді.
• Алғашқы екпе баланың перзентханадан шыққанына дейін салынады. Егер баланың анасы В гепатитінің тасымалдаушысы болса, вакцина бала туылғаннан кейін бірден салынады.
• Екінші екпе баланың 1-2 айлық кезінде салынады;
• Соңғы екпені дәрігерлер баланың 6 айлығында салады.

4-8 айлығында вакцина салынбай қалған балаларға, екінші иньекция 4 айлығында, ал үшінші вакцина 6-16 айлығында салынады. Балаларға міндеттелген иммундаудың стандартты салынуы бұзылған жағдайда, екінші және үшіншісін тең салуға да болады.

В вирустық гепатитіне қарсы вакцина салынбай қалған ересек балаларға міндетті түрде, тез арада вакцинаау керек.
Ересектер немесе балалар вакцинамен иммундауды өтпеген болса, міндетті түрде салдыру керек, егер олар:
• Денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын болса;
• Бұрын В гепатитінің вирусын жұқтырған адаммен жыныстық серіктес болса, немесе онымен тұрмыстық байнаныста болса;
• Еркек жыныстылармен қатынасқа түсетін ер адамдар;
• Бүйрек ауруының соңғы сатысында тұрса, созылмалы бауыр ауруы болса немесе АИТВ-инфекциясы болса;
• Көп адаммен жыныстық қатынас жасап жүрсе;
• Ішке ендірілетін есірткі құралдарын пайдаланатын болса;
• Ағзасын ауыстыратын болса, миына трансплантация жасататын болса немесе химиотерапия алдыратын болса.

Ересектерге тек В гепатитіне қарсы вакцина салса да болады немесе Твинрикс деп аталатын вакцинаны салдырса да болады. Ол А гепатитінен де, В гепатитінен де қорғайды. Бұл вакциналердың әрқайсысы 3 иньекциядан салынады

Қауіптер мен жанама әсерлер
Иммундаудан өткен көптеген балалар жанама әсерлерден зардап шегеді. Тек, кей жағдайда вакцина салынған жердің қызаруы, ауруы кездеседі, немесе аздап дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ал ауыр жағдайлар, тек балада вакцинаның кейбір компонентеріне алергені болса ғана туындауы мүмкін.

Қосымша кеңес
Егер бала салмақты аурумен ауырса, тумауратып қалса, онда вакцинаны сәл кейіндетіп ендірсе де болады. Бауырында ауыр алергені бар балаларға бұл вакцина салынбайды. Алғашы вакцинадан кейін алергендік серпін пайда болса, келесі вакцина мүлдем салынбайды.

Төмендегідей жағдайлар орын алса дәрігерге хабарласыңыз:
• Балаңызға вакцина салдыруға сенімсіз болып тұрсаңыз;
• Алғашқы вакцинаден кейін ауыр жанама әсерлер байқалса.
Вакцинаның пайдалылығына қатысты немесе басқа да сұрақтарыңыз болса.

Тегтер:
В гепатитіне қарсы вакциналау