Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Бұл ауру - птоз деп аталады. Қабақың мезгілсіз түсіп кетуімен сипатталатын ауру.
463
Көз – сфералық форманы көру мүшесі. Ол сұйықтыққа толы болады. Көздің сыртқы қабаттары – ағы (ақ қабықша) мен жанар. Олар қорғаушы қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ал ең төменгі қабаты (қарашығы) жүйке жүйесінен, түс ажыратқыш түйсіктерден тұрады. Сондай-ақ жанардың артында орналасқан көздің шатырша қабығы бар, ал оның ішкі жағындағы дөңгелек кішкентай қара – көздің қарашығы деп аталады. Оның артында хрустальді қабық бар – ол линза формасындағы эластикалық дене. Оның басты міндеті – түс ажыратқыштығы. Коньюктив – бұл көздің шырышты қабығы, ол көзді жауып тұратын терінің ішкі жағы.

Себептері
Үстіңгі қабақ птозының пайда болуының себептері:
• Көзді ашып-жұмуға демеу беретін бұлшықеттердің әлсіреуі;
• Осы бұлшықеттерді игеріп тұратын жүйке жүйесінің зақымдануы;
• Көздің үстіңгі сыртқа терісінің салбырауы.
Үстіңгі қабақтың түсіп кетуінің себептері:
• Кәріліктен;
• Тумысынан;
• Аурудың немесе жарақаттың салдарынан.
Птоздың пайда болуына себеп болтын аурулар:
• Мидағы немесе басқа да ісіктердің әсері, жүйке жүйесі немесе бұлшық еттер зақымданған жағдайда;
• Қант диабеті
• Горнера синдромы (жүйке жүйесінің зақымдануынан болатын клиникалық синдром)
• Миастения
• Инсульт

Симптомдары
• Бір немесе екі қабақтың да түсіп кетуі;
• Көздің жасаурап тұруы;
• Көздің бұлдырап тұруы.

Диагностикасы
Қабақтың өздігінен түсіп кетуінің себебін анықтау үшін дәрігерлер тексеру жүргізеді.
Қажетті тексерулер мыналар:
• Жарықты шамның көмегімен тексереді;
• Бұлшықет әлсіздігін тексереді;
• Көрудің өрісін зерттейді.

Емдеу
Егер ауру анықталса, оны дереу емдеу керек. Қабақ көбінесе қартайғанда түседі, мұны енді, «ауру» деп бағалай алмаймыз.
Қабақты көтеру үшін жасалатын ота (қабақты жөндеу) қабақ бұлшықеттері әлсіреп, түсіп кеттек жағдайда жүргіледі.
• Жеңіл жағдайларда қабақтың сыртқы жағын жөндеу үшін ота жасалады;
• Көздің басқа дау ауыр жағдайларында ота жасалады;
• Балаларда «жалқау көз» деп аталатын амбилиопиидан пайда болған птозға да операция жасалады.

Болжамы
Болжам птоздың пайда болу себептеріне байланысты болады. Операция тек қабақтың сыртқы формасын қалпына келтіру үшін жасалады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Офтльмолог (көз ауруларын емдеп, диагноз қоятын дәрігер) дәрігерге төмендегідей жағдайлар орын алса хабарласыңыз:
• Балаңыздың қабағы өздігінен түсе бастаса;
• Ересектердің қабағы өздігінен, жылдам өзгеріп бара жатса.

Синонимдері
Птоз

Тегтер:
птоз
жасаурау
қабақтың түсуі
қартаю
птоздың себептері
балалардың қабақтарының түсіп кетуі