Целлюлит –генетикалық түрде тек әйелдің денесіне тән созылмалы патология болып табылады. Целлюлиттің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін: генетикалық, эндокриндік, энзимдік , психосоматикалық, токсикалық және ең маңыздысы тамырлық. Бұрын бұл ауруды – липодистрофия, пассивті май (жойылмайтын майдың күрделі түзілісі) деп атаған. Бірақ, «целлюлит» деген термині бекітіліп, денсаулық пен сұлулық сөздіктерінде ерекше орынға ие болды. Еуропа мен АҚШ-та целлюлит мәселесі 1957 жылдан бері маңызды орын алып келеді. Және содан бері қарай, белгілі бір емдеу нәтижелеріне де қол жеткізді.

Целлюлит – гармондардың жойылып, организмнің үйлесімсіздігінен пайда болатын ауру. Мұны кейде ұстанған өмір салтына байланысты пайда болатын ауру дейді. «Апелсин қабықшасы» секілді жұмсақ болады, қатты және қатты мен жұмсақ аралас түрде де кездеседі (Бұл түр ең көп таралған). Осы жағдайларға байланысты әдістер сұрыпталады.

Целлюлиттің пайда болуы – көптеген әйелдерге таныс жағдай. Тері қатпарланғанда алдымен терінің үстінгі қабатынан ұсақ бұдырлар шығады. Содан соң бұл бұдырмақ қосарланып, өлшемсіз пайда бола береді. Соңында целлюлит аяқ пен санды сұрықсыздандырып жібереді, бір қарағанда саусақпен әбден шұқылаған қамырға ұқсап қалады. Целлюлит тек сыртқы ақаулармен тоқтап қалмайды, тері үстіндегі майлы торларға, шұңқыр-шұңқырларға көз үйреніп қалғанымен, ол өзінің зақымдау функциясын әрі қарай жалғастыра береді. Тіпті ішкі ағзалар мен тіндердің қызметтерін бұзын жалғастырады. Бастапқы кезеңде, бұл бар болғаны майлы тіндердің өзгеруімен сипатталады, одан кейін ол дами келе, күрделі функцияларға жалғасып, кіші жамбас ағзаларына шабады (етеккірдің тоқтауына, қосалқы өсінділердің пайда болуына жіне т.б. жағдайларға соқтырады).

Емделуі. Целлюлитті емдемес бұрын, ең алыдмен дәрігер-косметологпен кеңесіп алған жөн. Целлюлиттің себепті спектрі өте көлемді болғандықтан, әдетте оны жеке емдеу керек, және жалпылама қабылданған амалдар ешқендай нәтже бермей жатады, бірақ одан жалпы жағдай нашарлап кетуі ғажап емес. Қандай жағдайда болмасын науқас бұрынғы өмір сүру дағдысын өзгертуі керек, тамақтануына көңіл бөлгені абзал.

Қазіргі уақытта целлюлитті жеке емдеудің көптеген әдістері бар. Жақсы әсер ететін,және кең таралған әдіс – мезотерапия және целлюлиполиз әдістері. Мезотерапия қазіргі кезде целлюлит жағдайына ғана емес, теріні жасарту әдісі ретінде де кеңірен қолданылуда. Бүгінгі таңда прессотерапия және антицеллюлиттық жақпа майларды антицеллюлиттық массажбен үйлестіре қолдану, жақсы нәтиже беруде. Кейбір емханаларда целлюлиттен айықтыру үшін тіпті сүлікпен емдеу секілді сізге таңсық емдеу түрлерін ұсынуы мүмкін.