Акромио-бұғана буынының жарақаты – бұғананың жоғарғы ұшы жауырын ұшынан шығып, буынның жыртылуынан болады. Бұл жарақат көбінесе иықтан соққы алғанда, иықпен құлағанда немесе қолдың білезігін созып алғанда пайда болады.

Симптомдары :
• Жарақат алған сәттегі қатты ауырсыну сезімі.
• Иық қозғалмай қалады.
• Қанталаған аймақ ісінеді.
• Деформация. Бұғананың жоғарғы ұшының шығып кету сезімі немесе жауырынның жоғарғы бөлігіңде түйін пайда болады.

Емі – мұз басу, таңғыш байлау арқылы фиксация жасау және дәрі-дәрмектер пайдалану арқылы ауырсынды, қабынуды, ісінуді басу. Симптомдарды басу үшін, емдік жаттығулар жасап, физиотерапиядан кейін иық бұлшықеттерін қатайтып, салқындаудың алдын алу керек.
Кейбір жағдайларда хирургиялық жолмен буынның жыртылуын қалпына келтіруге болады.
Жарақаттың жазылу уақыты 2-10 апта аралықта болады, яғни жарақттың дәрежесіне байланысты.

Тегтер:
жарақат
Жауырын
ісіну
Буынның созылуы