Мазмұны
Эризипелоид – терінің бактериалдық қабынуы (дерматит).
Эризипелоидтің қоздырғышы - Erysipelothrix Rhusiopathiae бактериясы. Бактериялардың бұл түрі балықта, құста, сүт қоректілерде, моллюскілер мен шаян тәрізділерде мекендейді. Адамдар әдетте, осы жануарлармен жұмыс істегенде жұқтырады (мысалы, фермерлер немесе қасапшылар).
Негізгі симптомы – терінің сезімталдығының артуы және қызаруы.
Ауруды емдеу үшін антибактериалдық препараттар тағайындалады, әсіресе, пенициллин.
Инфекция сирек таралады және өздігінше өтуі мүмкін.