Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Биотехнологиялық революция және CRISPR технологиясы
Соңғы 100 жылда ғылымда үш маңызды оқиғалар болды. Біріншісі – кванттық революция, Эйнштейіннің арқасында бізге атом құрылымының ішкі жағына үңілуге мүмкіндік туды. Екіншісі – ақпараттық «революция», мұның арқасында біздің бүгінгі өміріміз көбіне бит пен байттық ақпаратқа тәуелді. Үшінші – ол биотехнологиялық революция.
Біз коронавирус жайында не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.
Біз неге шаршаймыз және шаршамас үшін не істеген жөн
Кез келген адамда шаршау сезімі болады. Кейде ондай сезімдер ауыр жұмыс күндерінде, түнгі телебағдарламаларды көргенде, әлеуметтік желілерде ұзақ отырғанда немесе достармен ұзақ уақытқа созылған отырыстардан орын алып жатады.
Біз неліктен ауырамыз?
Бүгінде ғалымдар 37 градусқа дейінгі дене температурасын қалыпты деп есептемейді
Сіз білесіз бе, біз есептеп жүрген 37 градусқа дейінгі «қалыпты» дене температурасы – бұл өзі ескі көрсеткіш, ол 1868 жылы жүргізілген кемшілігі жоқ емес зерттеулерден кейінгі нәтижелерге негізделген (150 жыл бұрын жасалған екен).
Бүгінде коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны қандай және COVID-19-дың емі жайлы не білеміз?
COVID-19 жай ғана өкпе ауруы емес, коронавирус пен иммундық жүйенің бұзылуынан туындайтын жүйелі ауру екендігі белгілі. Бүгінгі күні коронавирустық инфекциясының қалай өтетіндігі туралы не белгілі?
Вакцина жасау технологиялары
Өткен мақалада біз матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қарастырдық. Бұл мақалада коронавирусқа қарсы вакцина жасаудың өзге де технологияларын кеңірек қарастыратын боламыз.
Вакцинация жайлы шындық пен қауесет
Коронавирусқа қарсы вакциналар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жасалады. Ковидті емдеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Әрине, жаңашылдық құптарлық нәрсе, бірақ, денсаулыққа қатысты болғасын көпшілігінде белгілі бір алаңдаушылықтың болуы түсінікті. Онымен қоса, вакцинация төңірегінде интернетте жалған ақпараттар және дәлелсіз қауесеттер жетерлік.
Вакцинацияның маңыздылығы
Бүгінде елімізде вакцинация мәселесі қызу талқылануда. Бұған себеп жаңа Денсаулық кодексінің жобасында міндетті вакцинацияның қарастырылуы болып отыр.
Вегетариандық: оның ғылыми түрде дәлелденген пайдасы
Сәнге айналған вегетариандық идеясы және сондай-ақ аскетикалық вегандық ет жейтіндер мен шөп жейтіндер арасында қызу пікірталас туғызуда. Кімдікі дұрыс және адам ет жеуді мүлдем тоқтатса, ол ағзаға қалай әсер етеді? Осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер нәтижесінде бірнеше ерекше маңызды өзгерістер туындады, соны айтып берейік.
Ғалымдар – адамның кеудені жерден көтеру жаттығуын жасау ретінен жүрек және қан-тамыр ауруларының қаупін анықтауға болады
Кеудені жерден көтеру жаттығуларын (отжимания) онға дейін де жасай алмайтын адамдарға қарағанда, дәл осы жаттығуды 40-тан да көп жасайтын орта жастағы денсаулығы жақсы ер адамдар жүректің ишемикалық аурулары мен жүрек жетіспеушілігімен аса шалдыға бермейді екен. Бұл туралы JAMA Network Open-де АҚШ-та өткізілген зерттеулердің нәтижесі жарияланған болатын.
Ғалымдар – әйел жүрегіне күтім керек
Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге жедел көмек беру кезінде әйел дәрігер жәрдем берсе, науқас көп жағдайда аман қалады екен.Бұл күтпеген қорытынды пікірді PNAS-қа сілтеме жасап Doctoroz онлайн-баспасы жариялады, оны 20 жылдан астам уақыт бойы жарты миллионнан көп пациенттердің деректерін талдаған ғалымдар жасаған көрінеді.
Ғалымдар адамның құлағы естімейтін дыбыстарды қабылдай алатын құлақ құрылғысын ойлап тапты
Принстон универитетінің нанотехнология инженерлері үшөлшемді баспа (3D) көмегімен сиыр жасушалары мен күміс нанобөлшектерінен тұратын құлақты басып шығарды. Өнертабыс қарапайым адамның құлағы ешқашан ести алмайтын радио сигналдар мен жиіліктерді қабылдауға қабілетті.
Ғалымдар жемістер мен көкөністерді дұрыс тұтынбау және жүрек-қан тамыры ауруларының қаупі арасындағы байланысты дәлелдеді
Тамақтанудағы қателік - қан тамырлары қабырғаларына, холестерин деп аталатын атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі. Олар тамырларды тарылтады (кейде толық бітелгенге дейін), осылайша тіндер мен ағзалар қанмен толық қамтамасыз етілмей қалады. Дұрыс тамақтануға қарсы келетін бірден-бір қателік - жемістер мен көкөністерді аз тұтыну.
Ғалымдар өкпе обырын бастапқы кезеңінде-ақ диагностикалаудың жолын тапты
Лос-Анджелестегі Калифорния Университетінің, Солтүстік Каролинадағы Чапел Хилл университетінің, Дэвид Джеффен Медицина мектебінің және Лос-Анджелестің денсаулық сақтау департаментінің медициналық бөліміндегі америкалық ғалымдар тобы аурудың бастапқы кезеңдерінде ағзада көрініс беретіін өкпе обырының әлеуетті биохимиялық маркерін анықтады.
Ғалымдар пікірі: Жалғыздық - психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін
Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық бұзылуларға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің француз ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Science Daily PLOS ONE журналына сілтеме жасай отырып.
Ғалымдар темекіні тастауға не кедергі болатынын айтты
Кез-келген адам темекінің денсаулыққа зиян, әрі өмірге қауіп төндіретінін біледі, сонымен қатар бұл жаман әдеттен арылғысы да келеді. Дегенмен, бұның оңайға соқпасы анық.
Ғалымдар холестериннің көтерілуіне еттің қандай байланысы барын анықтады
Майсыз қып-қызыл етті, мысалы құрамында холестерині аз әрі майы жоқ сиыр етінің өзін пайдаланғаннан жүрек-қантамырлары ауруларына ұшыраудың қаупі бар. Бұл Огайодағы Кливленд клиникасынан келген ғалымдардың ұйғарымы.
Ғалымдар ыстық шайдың қаншалықты қауіпті екенін анықтады
Көптеген адамдар таңғы аста қып-қызыл жаңа дайындалған шай ішкенді қалайды. Алайда, бұл сүйікті дәстүрдің зияны да жоқ емес екен. Ұзақ мерзімді ауқымды зерттеулердің нәтижесі бойынша, ыстық шай ішкендерде өңеш ісігінің даму қаупі артуы мүмкін, деп хабарлайды International Cancer Journal.
Ғалымдардың анықтауынша, бізді ақшадан гөрі, спортпен шұғылдану әлдеқайда бақытты етеді екен
Йель және Оксфорд университеттерінің ғалымдары адам психикасының саулығы үшін қаржылық жағдайдан гөрі фиизкалық жаттығулардың едәуір маңызы зор екенін айтады. Бұған «The Lancet» журналында жарияланған зерттеудің нәтижелері дәлел бола алады.
Дәрі-дәрмектерді қолданбай-ақ ағзаны D дәруменімен қамтамасыз етуге бола ма?
D дәрумені басқа дәрумендерге қарағанда әлдеқайда көп болып келеді. Ол гормон ретінде әрекет етеді және шамамен 2000 геннің жұмысын бақылайды (ағзаның барлық гендерінің шамамен 10% -ы). Сондықтан олармен ағзаңыздың қамтамасыз етілуі өте маңызды.
ДДСҰ балаларды бес жасқа дейін цифрлы гаджеттерден тыю керек деп дабыл қағуда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бес жасқа толмаған балалардың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін жаңа нұсқаулықтарды жариялады. Ондағы баса назар аударатын нәрсе заманауи гаджеттердің балаларды ерте жастан әуестікке баулитындығы.
Денсаулыққа пайдалы йогуртты қалай таңдауға болады
Біз йогуртті ақуыз, кальций, йод, В витамині және т.б. да пайдалы бактериялар мен қоректік заттары бар пайдалы өнім деп санаймыз. Алайда жақында «BMJ Open» журналы Ұлыбританиядағы Лидс және Суррей университеттері супермаркеттерде сатылатын йогурт түрлерінің көпшілігінде қанттың көп мөлшері анықталғандығын жариялады.
Дұрыс тыныс алу – диафрагмалық тыныс алу
Соңғы уақыттары біз қалай тыныс алу керектігі жайлы ойлана бастадық. Біздің өміріміз үшін тыныс алудың маңыздылығы айтпаса да белгілі. Дегенмен, бәріміз де COVID-19 пандемиясы келгелі мұны жақсы ұққандаймыз. Сонымен, толық тыныс алу дегеніміз не өзі?
Дұрыс тыныс алуды қалай үйренуге болады?
Адам баласы алғаш тыныс алған сәттен тіршілігін бастап, соңғы деммен өмірден өтеді. Алайда, осының арасында біз қалай тыныс алатынымызға аз көңіл бөліп жатамыз. «Тыныс алып жатсақ болды емес пе» деген жайбарақаттылыққа салынамыз.

Тілді таңдау