Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Бүгінде коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны қандай және COVID-19-дың емі жайлы не білеміз?
COVID-19 жай ғана өкпе ауруы емес, коронавирус пен иммундық жүйенің бұзылуынан туындайтын жүйелі ауру екендігі белгілі. Бүгінгі күні коронавирустық инфекциясының қалай өтетіндігі туралы не белгілі?
Бүгінде ғалымдар 37 градусқа дейінгі дене температурасын қалыпты деп есептемейді
Сіз білесіз бе, біз есептеп жүрген 37 градусқа дейінгі «қалыпты» дене температурасы – бұл өзі ескі көрсеткіш, ол 1868 жылы жүргізілген кемшілігі жоқ емес зерттеулерден кейінгі нәтижелерге негізделген (150 жыл бұрын жасалған екен).
Біз неліктен ауырамыз?
Біз неге шаршаймыз және шаршамас үшін не істеген жөн
Кез келген адамда шаршау сезімі болады. Кейде ондай сезімдер ауыр жұмыс күндерінде, түнгі телебағдарламаларды көргенде, әлеуметтік желілерде ұзақ отырғанда немесе достармен ұзақ уақытқа созылған отырыстардан орын алып жатады.
Біз коронавирус жайында не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.
Биотехнологиялық революция және CRISPR технологиясы
Соңғы 100 жылда ғылымда үш маңызды оқиғалар болды. Біріншісі – кванттық революция, Эйнштейіннің арқасында бізге атом құрылымының ішкі жағына үңілуге мүмкіндік туды. Екіншісі – ақпараттық «революция», мұның арқасында біздің бүгінгі өміріміз көбіне бит пен байттық ақпаратқа тәуелді. Үшінші – ол биотехнологиялық революция.
Бет терісі неге қартаяды және онымен қалай күресеміз
Жас ұлғайған сайын адам ағзасы да әлсірей бастайды. Дегенмен, ақылымыз толығып, өмірлік тәжірибелер жинай келе оны еркін қабылдап жатамыз. Сонда да көпшілігіміздің шамамыз келмей жататын бір жайт бар, ол - сыртқы келбет.
Бедеулік: себеп-салдары, ауру белгілері, емдеу әдісі, болжамы
Бедеулік – бұл білікті және уақытылы емді қажет ететін күрделі әлеуметтік және медициналық мәселе. Өзінің саналы ғұмырында әйел адам бала көтеріп, сәбиді дүниеге әкелуді армандайды. Әдетте, тұрақты жыныстық қатынаста тұратын және жүктіліктен сақтанбайтын әйелдерде жүкті болу мүмкіндігі айына 20-25% құрайды. Сондықтан да ерлі-зайыптылардың көпшілігі отбасылықтың алғашқы жылында жүктілікке қол жеткізе алады.
Бас сақинасы: дәрігерлер жаңа дәрі-дәрмектерді ойлап табуда
Егер сізде немесе жақындарыңызда «Бастың сақинасы» болса – ол көпшілік ойлайтындай жай ғана бастың ауруы емес екендігін білген жөн. Бастың сақинасынан зардап шегетіндер ауруға көне алмайды. Алайда әдеттегідей өмір сүруге тырысады.
Бас неліктен ауырады?
Бастың немесе мойынның аумағындағы жайсыздықты бас ауруы деп атайды. Көп жағдайда бас ауруының себебі күрделі емес. Бас ауруына шалдыққан адамдардың көпшілігі өмір салтын өзгерткеннен, түрлі релаксация әдістерін игергеннен немесе дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін өздерін жақсы сезінеді.
Баланың тұңғыш суға түсіру кезін кейінге қалдырса ему қабілеті артады
Жаңа туылған нәрестені 12 сағат немесе одан көп уақыттан кейін шомылдырса, сәбидің омырауды жақсы еміп кетуіне септігі айтарлықтай тиеді екен. Осы жайлы жақында Journal for Obstetrics, Gynecologic, and Neonatal Nursing АҚШ-тың Кливленд клиникасында жүргізілген зерттеулерде анықталғанын жариялаған болатын.
Баланың тістерін қалай тазалауға үйрету керек?
Балаңыздың кешке және таңертең тіс тазалап жатқанын көргіңіз келеді ме? Әрине, бұл көрініске жету оңай емес, бірақ балапаныңызды бір үйретіп алсаңыз ұдайы жасап жүреді.
Баланың болашақтағы әлеуметтік мәcелелеріне, мақcат-мұратына жетуіне емізу айтарлықтай әсер етеді
Емшек сүті - баланың тек физикалық cаулығын нығайтумен ғана шектелмейді. Көп жылғы зерттеулер (бірнеше жылдар бойы белгілі топтардың зерттеген зерттеулері) дәлелдегендей, емшек сүті бала өмірінің көптеген салаларына, соның ішінде психоәлеуметтік жағына оң әсерін беретін көрінеді.
Балалармен коронавирус жайлы қалай сөйлесу керек?
Қазірде көптеген балалар ата-аналарынан оларға неге мектепке баруға рұқсат етілмей жатқандығын, достарымен және сыныптастарымен неліктен араласуға болмайтынын сұрауда. Олар коронавирус және карантин туралы, бізді не күтіп тұрғанын және бұл қаншалықты қауіпті екенін сұрастыруы мүмкін.

Балаларға ертеңгі күнге нақтылық, сенімділік сезімі маңызды және орын алған жағдай жайында ата-аналарынан естігісі келеді.
Балалардың тісін тіс дәрігеріне қашан көрсеткен жөн?
Балалардың алғашқы дүниеге келген күнінен бастап ата аналардың, әсіресе, жас ата-аналардың не істеп, қашан және қандай дәрігер мамандарға апару керектігін біле бермейтіні де анық.
Балалардың семіздікке шалдығу қаупі тұрғылықты жеріне жақын орналасқан нысандарға да байланысты
Бүкіл әлемдегідей, Қазақстанда да артық салмағы бар немесе семіздікке шалдыққан балалар саны күрт өсуде. Бүгінгі таңда әрбір 7-ші қазақстандық бала артық салмақ қосуда немесе семіздікке шалдығуда. Сонымен қатар, балалардың семіруі көптеген аурулардың (жүрек-қан тамырлары, диабет, ортопедиялық проблемалар, психикалық бұзылулар және т.б.) пайда болу қаупін арта түседі.
Балалардың көз аруларымен күресу жолындағы кеңестер
Сізге балаңыздың көру қабілетінің бұзылғанын білу әрине өте ауыр, алайда бақытымызға орай, балалардағы көз ауруларының көпшілігі ерте жастан диагноз қойылатын болса, оны тез емдеуге болады. Бұлай болудың себебі балалардың көзі мен миы жақсы бейімделеді екен. Сізге үш түрлі ауру жайлы айтып бермекпін: олардың неліктен дамитынын және қалай емдеуге болатынын.
Балалардағы несеп шығару жүйесінің инфекциялық аурулары
Балалардагы несеп шығару жүйесінің инфекцияық аурулары.
С.М. Досым, доцент, к.м.н.; Л.С.Сагидуллина, доцент, к.м.н.
Педиатрия ЖМ-12-701топ
Абилов Н. Абилова Д. Амалдыкова У.М . Ерназаров М.
Кенжебекова Д. Калмуратов А. Мекерова Д. Мусаев Г. Назархан Б
Педиатрия кафедрасы №1
АО «Мемлекеттік медициналық университет »
Мақсаты
Алматы қаласы бойынша балалардағы несеп шығару жүйесі ауруларының жасына және жынысына байланысты таралу жиілігі, антибиотиктің әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті
Әдеби шолу.
Ұлдар және қыздар арасында ЗШЖИ жиілігін және таралуын зерттеу.
4 ай – 3 жас, 4 – 5 жас, 6 – 14 жас аралығында ЗШЖИ жиілігін және таралуын зерттеу.
Клиникалық диагнозы бойынша (локализация ЗШЖИ (жоғарғы), асқынған - ЖПН ₊ ТБА, ЗШЖИ асқынбаған - ЖПН, ЗШЖИ төменгі - Цистит. ) жиілігін және таралуын зерттеу.
Клинико - лабороториялық мәліметтер арқылы империкалық антибактериальды емнің эффективтілігін бағалау.
Зерттеу әдістері
1.Библиографиялық әдіс.
2.2017-2018ж аралығында Алматы қаласы №2 ҚКБА нефрология бөлімінде болган зәр шығару жүйесінің инфекциясы бар балалардың 48 ауру тарихына ретроспективті талдау жасадық.
3.Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу жүргіздік.
Зерттеу материалдары
№2 ҚБКА мұрағатынан сырқатнамалар алынды (2017-2018жж).
Қарастырылған мақалалар саны – 28.

2017-2018ж аралығында Алматы қаласы №2 ҚКБА нефрология бөлімінде болган зәр шығару жүйесінің инфекциясы бар балалардың 48 ауру тарихына анализ жүргізілді. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциялық- қабыну ауруларының структурасы көрсетілді. Осы патология қызбалаларда 2есежиікездеседі. Негізгі қоздырғыштарға E.COLI және оның тұқымдастығы цефалоспориннің 3 ұрпағына, аминогликозидтерге жәнефторхинолондарға сезімтал- Staphilococcus .

Кілттісөздер: зәр шығару жүйесінің инфекциясы, балалар диагностика,емі.

Кіріспе.
Балалардағы бүйректің микробты - қабыну аурулары жоғары жайылмалылығы мен қайталамалылығына байланысты клинисцисттер мен зерттеушілер үшін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. БҰҰ келісімі бойынша балардағы бүйректің микробты-қабыну аурулары респираторлы патологиядан кейінгі екінші орында, бұл балалар организмінің анатомо - физиологиялық ерекшелігіне, оның реактивтілігіне, осы ауруды шақыратын микроорганизмнің қасиетіне байланысты. Зәр шығару жүйесіның инфекциясын дер кезінде диагностикалау және адекватты ем жүргізу аурудың болжамын жақсартып, созылмалы түрге ауысу процессін төмендетеді.Алматы қ. ҚКБА № 2 нефрология бөлімшесінде , 4 ай – 14 жас аралығындағы несеп шығару жүйесінің инфекциялары бойынша ем қабылдап жатқан 48 ауру тарихын анализ жасадық. Жасы мен жынысының, ауру ұзақтығыны бойынша, микробиологиялық зерттеу нәтижесі,клиникалық және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып , аурудың құрылысы сарапталды.

Талқылау және нәтижесі
Нозологиялық форма бойынша келесідей жіктелді: локализация ЗШЖИ (жоғарғы),асқынған ЖПН ₊ ТБА, асқынбаған ЖПН, төменгі ― цистит.
3 ай – 3 жас аралығында 24 бала (50%), 4-5жас аралығында -8 бала (16,6%),6-14жас – 16 бала (33,3%) анықталды. Соның ішінде 16 ұл бала (33,3%) , қыздар - 32 (66,6%). Жас ерекшеліктері мен нозологиялық форма бойынша сараптағанда 5 жасқа дейінгі балаларда ЗШЖИ 32 (66,6%). Жас ұлғайған сайын азаюға тенденциясы бар ЗШЖИ 14 жас - 16 бала (33,3%).
Клиникалық көріністерден улану белгілері 37,5% балаларда, ауыру белгілері 37,5% балаларда, (абдоминальді белгілер 8,3%, бел ауыру белгілері 29,1% балаларда), дизуриялық синдром 70,8% балаларда байқалды. 20,83% балаларда ешқандай клиникалық белгілер байқалмаған, оларға диагноз зәрлік синдромға негізделе отырып қойылған.
Жалпы зәр талдауында төмендегідей өзгерістер байқалды: 41,6% аздаған лейкоцитурия, 58,3% жалпылама лейкоцитурия, 45,8% протеинурия (0,33г/л – ден 1,66г/л – ге дейін).
Қоздырғышты анықтау мақсатымен жүргізілген зәрдің микробиологиялық талдауында 28 балада (58,3%) қоздырғыш анықталды.
14 балада Enterobakteriaceae микроорганизмінің қоздырғышы анықталды, әдебиеттің мәліметтерімен сәйкес, 2 балада (4,1%) – Staphilaccocus қоздырғышы, 4 балада (8,3%) – Streptoccocus D, және 2 балада (4,1%) – Candida тұқымдастығының қоздырғышы анықталды.
Жалпы қан талдауында лейкоцитоз 32 балада (66,6%), ЭТЖ жоғарылауы 34 балада (70,8%) анықталса, 14 баланың қан талдауларында ешқандай өзгерістер байқалмады.
Емінде цефалоспориндермен 20 баланы (41,6%) және бисептриммен 28 баланы (58,3%) емделді.
Емдеу курсы аяқталған соң барлық 48 балада зәр талдауы жақсарған, бірақ ЭТЖ 10 балада жоғары қалпында сақталып қалған.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып Enterobakteriaceae тұқымдастығының бактериясы 3 санаттағы цефалоспориндерге сезімтал, дәлірек айтар болсақ цефтриаксон мен аминогликозидтерге сезімтал деген тұжырым жасауға болады.
Қорытынды
1.Әдеби шолу негізінде
2.Зәр шығару жүйесінің микробты-инфекциялық аурулары қыз балаларда 2 есе жиі кездеседі.
3.Жас ерекшеліктеріне байланысты 6 жастан асқан балаларда зәр шығару жүйесінің инфекциясының- циститтің құрылымы өзгереді.
4.Зәр шығару жүйесінің жұқпалы-инфекциялық ауруларының жиі қоздырғыштары көбінесе Enterobakteriaceae , сирек жағдайда Staphilococcus және Candida тұқымдастықтары болып табылады.
5.Enterobakteriaceae микроорганизм тұқымдастығы цефалоспориннің ІІІ ұрпағына сезімтал,соның ішінде таңдау препараты цефтриаксон және аминогликодиздер..
Қолданылған әдебитеттер
1. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы: А.В Зайцев, Т.С Перепанова, М. Ю Гвоздев, О.А Арефьева. 2017ж
2. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: Этиологиялық диагностикасының және емінің заманауи аспектілері. Вялкова А.А Гриценко В.А. 2017

3. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясының диагностикасы және емі.И.Н. Захарова. Е.Б Мачнева. Э.Б Мумладзе. Ю.И. Ивахненко. 2017

4. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: Педиатрға және нефрологқа не білу керек ? Захарова И.Н. Османов И.М. Мумладзе Э.Б. Свинцицкая В.И. Бекмурзаева Г.Б. 2015
5. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: мәселеге заманауи көзқарас. Козловский А.А 2014ж
Балалардағы COVID-19: ата-аналарға нені білген жөн?
Балаларда коронавирусты жұқтыру қаупі аз деңгейде болатыны белгілі болғанымен, олар да ауырып, тіпті ауыр түрде өткерулері мүмкін. Әйткенмен, бұл ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі. Жалпы балалардың ағзасы COVID-19-ға аз шалдыққыш келеді. Ересектерге қарағанда балалар бұл ауыр дертке аз ұшырайды.
Балаларға екпе жасату керек пе?
Қызылша, дифтерия, полиомиелит және шешек секілді індеттер бұрынырақта көптеген жас сәбилерді қыршынынан қиған болатын. Екпелер ойлап табылғаннан кейін бұл ауруларға тосқауыл қойылды, бүгінде ондай індеттер адамдар арасында сирек кездеседі десе де болады. Қазіргі ата-аналар бұл ауруларды абстракцияның бір түрі ретінде ғана бағалайды, көптеген адамдар өз көздерімен мұндай ауруларды көрмегендіктен, өз балаларына екпе жасатудың қажеті жоқ деп ойлайды. Сонымен қатар, көптеген ата-аналар екпенің иммунитетке әсерінен аутизм немесе басқа да қауіпті аурулар дамуы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ, сан түрлі ғылыми зерттеулер екпе мен аутизмнің туындауы арасында ешқандай байланыс тапқан жоқ.
Балалар және коронавирус
Коронавирустың қазіргі пандемиясына келер болсақ, бұл жерде балалар ересектерден әлде қайда сирек ауырады. Оның себептерінің бірі – балаларда коронавирустық инфекцияның кәдімгі суық тиюдің формалары жиі болатындығында шығар. Мұндай жолмен олар тамаша иммундық қорғанысқа ие болады.

Сонымен қатар, өз ғұмырында темекі түтіні және басқа да ауа ластағыштары сияқты көптеген улы әсерге ұшырайтын ерексектердің өкпесінен гөрі балалардікі анағұрлым сау әрі таза.
Әлем COVID-19-бен қалай күресуде?
Әлемде әлі де коронавирусқа қарсы қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген вакиналар мен дәрілер жасалған жоқ. Сондықтан, пандемиямен маска кию, қол гигиенасын сақтау және орындарда адамдар көп шоғырлануына жол бермеу арқылы ғана күресуге болады.
Әйелдің әдемілігі гормондармен байланысты емес
Жаңа зерттеулерде физиологиялық жағынан тартымды жас әйелдердің эстрадиол және прогестерон секс-гормондарының деңгейі жоғары болады дегенге ешқандай негіз табылмады.
Әйелдердің білуі маңызды қатерлі ісік белгілері
Көп жағдайда еленбей назардан тыс қалып кететін жәйттер қатерлі ісіктің белгілері болуы мүмкін.

Демек, әрбір өткізілген күн сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Бұл қауіпті аурумен күресудің ең тиімді тәсілі – дертті ерте сатысында анықтап үлгеру. Сол кезде ғана науқастың толық емделуге мүмкіндігі бар.
Аутизмді ерте анықтау – жақсы нәтижеге жол
Диагнозды дәл анықтау неге байланысты? Тексеруден өтетін баланың ата-анасы қандай мәселелерге мән бергені жөн?

Тілді таңдау