Жүктелуде...
 

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген іңкәрлік сезімі қарым-қатынастарына қалай әсер етеді

Негізі, екі адамның ұзақ мерзімді тұрақты қарым-қатынастары, бір айда емес, бір жылда емес, одан да ұзақ уақытта қалыптасады. Өкінішке қарай, көптеген ерлі-зайыптыларда ерте ме, кеш пе романтикалық кезең аяқталады. Бірақ, бұдан кейін қарым-қатынас мүлдем нашарлап кетеді немесе мәңгілікке тоқтайды деп түсінуге болмайды. Егер қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікке және сыйластыққа негізделсе, онда бақытты жылдар одан ары қарай жалғаса беретін болады. Бұл ретте өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас маңызды рөл атқарады.

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген іңкәрлік сезімі қарым-қатынастарына қалай әсер етеді

translator дүйсенбі наурыз 11, 2019


как взаимная привязанность влияет

Негізі, екі адамның ұзақ мерзімді тұрақты қарым-қатынастары, бір айда емес, бір жылда емес, одан да ұзақ уақытта қалыптасады. Өкінішке қарай, көптеген ерлі-зайыптыларда ерте ме, кеш пе романтикалық кезең аяқталады. Бірақ, бұдан кейін қарым-қатынас мүлдем нашарлап кетеді немесе мәңгілікке тоқтайды деп түсінуге болмайды. Егер қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікке және сыйластыққа негізделсе, онда бақытты жылдар одан ары қарай жалғаса беретін болады. Бұл ретте өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас маңызды рөл атқарады.

Өзара жақын қарым-қатынастың үш түрі бар: ессіздік, амалдың жоғынан, салмақты немесе сенімді. Зерттеулер бойынша, ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілікке белгілі бір дәрежеде жыныстық құштарлық пен өзара тіл табысудың да әсері бар. Ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың барлығы бірдей бір-біріне деген дұрыс сенімге негізделе бермейді. Өз тағдырларын біріктіргісі келген жандар әртүрлі психо-түрлерге бөлінуі мүмкін, өмірлік және жыныстық тәжірибесімен ерекшеленуі мүмкін, жеке қасиеттерімен де айшықталып жатады және мұның бәрі олардың мінез-құлқына байланысты болып келеді.

Мысалы, ессіз беймаза күйдегі құштар адамдар эмоциялық қатынастарды қалпына келтіру қажет болса, серіктесімен жыныстық қатынасқа деген қызығушылықты арттырады. Кейде ондай адам ләззат алу үшін емес, әріптесімен қарым-қатынасты жақсарту үшін ғана жақын қатынаста болады. Құштарлықтың салмақты формасындағы адамдар, әдетте, серіктесімен жақсы қарым-қатынас өмір сүреді.

Зерттеудің бір түрі көрсеткендей, құштарлықтың артуына жыныстық қатынастың да әсері әжептәуір әсер етеді. Беймаза күйдегі құштарлықтың формасындағы адамдар өз серіктестерін қанағаттандыруға тырысады, ал амалдың жоғынан араласатын адамдар өз-ара қарым-қатынасты бұзбау үшін ғана серіктерімен жиі сырласып отырады.

Ғалымдардың пікірі бойынша, құштарлық дәрежесі жеке тұлғааралық және жеке фактор болып келеді және серіктестердің үйлесімдігіне де байланысты болады. Ұзақ уақыт қарым-қатынасты сақтау үшін қандай да бір біріктірілген құштарлық жыныстық қалауды сақтай ала ма, алмай ма ол анықталмады. Жалпы алғанда, ессіз құштарлық қарым-қатынасты сақтап қалуға негізделгенімен, ол уақыт өте келе жыныстық қалаудың сөнуіне әкеліп соғатын көрінеді, дегенмен ондай қарым-қатынас та ұзақ уақыттық болады деп айту қиын.

Амалдың жоғынан болған жақындық формасындағы адамдарға келсек, оларда ұзақ мерзімді қарым-қатынаста жыныстық талғамға қолдау көрсетуі өте қиын. Зерттеулер көрсеткендей, серіктердің біреуі қашқалақтайтын болса, ал екіншісінің ессіз құштарлығы жоғары болса, онда мұндай жұптың қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Қосылу формалары сәйкес келген жандар ғана жыныстық талғамды қанағаттандыра алуы мүмкін. Егер екі серіктес те амалдың жоғынан болған жақындық формасында болса, олар үшін жыныстық қалау аса бір мәселе тудырмайды, және ол белгілі бір дәрежеде олардың жақын қарым-қатынасына оң әсерін тигізеді.

Қашқалақтаудың ең жоғарғы формасындағы адамдар эмоционалдық жалғыздықтан құтылу үшін жыныстық қатынасты қажетсіне бермейді. Мысалы, сүйіспеншіліктің осы түріне ие ер адамдар жыныстық қатынасты өзін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады. Олар өз-ара жақындықты және психологиялық қарым-қатынастарды күшейтуге ұмтылмайды.

Әйелдерге қатысты айтар болсақ, беймаза құштарлықтағы әйелдер алдағы уақыттағы қарым-қатынасқа алаңдағандықтан жыныстық қатынасқа барады , сондықтан оларда қандай да бір проблемалар мен теріс үрдістер орын алса, жыныстық қатынасқа деген ұмтылысының төмендеуі байқалады, әсіресе егер ол жақын қарым-қатынастағы адамымен сырлас болмаса.

Жалпы алғанда, ұзақ уақыттан бері бірге тұратын серіктестердің жыныстық ниетінің төмендеуі туралы айтатын болсақ, ғалымдардың айтуы бойынша, оның шынайы себебі серіктестердің қосылу формаларының сәйкес келмеуіне байланысты, бұл көптеген жеке және тұлғааралық сипатқа байланысты болып келеді екен.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.