Жүктелуде...
 

Зерттеулер – ішектегі бактериялардың жетіспеушілігі депрессияға әкелуі мүмкін

Ішек микрофлорасын құрайтын бактериялардың кейбір түрлері адамның психикалық денсаулығына едәуір әсер етуі мүмкін.Бельгиялық ғалымдардың зерттеулері бойынша, күйзеліске түскен адамдарда Coprococcus және Dialister тобындағы бактериялардың жетіспеушілігі анықталғандығын Natural Microbiology журналы жариялады. Сонымен қатар, антидепрессанттарды қабылдау микроорганизмдердің санына ешқандай әсер етпейді екен.

Зерттеулер – ішектегі бактериялардың жетіспеушілігі депрессияға әкелуі мүмкін

translator Сейсенбі ақпан 26, 2019


IMG 5577

Ішек микрофлорасын құрайтын бактериялардың кейбір түрлері адамның психикалық денсаулығына едәуір әсер етуі мүмкін.Бельгиялық ғалымдардың зерттеулері бойынша, күйзеліске түскен адамдарда Coprococcus және Dialister тобындағы бактериялардың жетіспеушілігі анықталғандығын Natural Microbiology журналы жариялады. Сонымен қатар, антидепрессанттарды қабылдау микроорганизмдердің санына ешқандай әсер етпейді екен.

Мыңнан астам адам тексергендегі зерттеулердің мақсаты – ішек және ми функцияларының арасындағы байланысты анықтау болатын. Ішекте өмір сүретін бактериялар бүкіл ағзаның саулығын сақтауда маңызды рөл атқаратыны белгілі болды. Кейбір ауруларды емдеу үшін оларды тіпті трансплантациялауға да болады. Соңғы зерттеулер - бұл микроорганизмдердің ми функциясына айтарлықтай әсер ететіндігін дәлелдеді. Сондай-ақ, ғалымдар Faecalibacterium және Coprococcus тобындағы бактериялардың саны жеткілікті адамдардың өмір сүру көрсеткіштері жоғары келетіндігін анықтады.

Ішек микробиоты психиканы нығайтып, мотивация және риза болу сезімдерімен байланысты допамин немесе серотонин сияқты нейротрансмиттерді шығаруға септігін тигізеді екен.

Өз кезегінде, бұл химиялық заттар бактерияның өсуіне әсер етуі мүмкін. Белгілі бір ішек бактериялары көп болса көңіл-күйді жақсарта ма? Ғалымдардың айтуынша, зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, бұл жерде өзара байланыстың болуы мүмкіндігін меңзейді.

Левен католик университетінің Медициналық зерттеу институтының (Бельгия) ғылыми қызметкері , зерттеудің жетекші авторы Мирей Валле-Коломер «Қазіргі таңда басты назарымыз себеп-салдарлық қатынастарды орнатуға бағытталып отыр», - дейді.

Валес-Коломердің айтуынша, зерттеуді жүргізуге әзірленген құралдар тамақ рационының ішек микрофлорасы мен эмоциялық күйдің арасындағы қарым-қатынастың әсерін зерттеуге көмектеседі екен.

«Бұл бактерияларды адамдарға пробиотиктер ретінде енгізіп, оның әсерін көру керек», - дейді зерттеуші ғалым.

Ғалымдар, болашақта психикалық бұзылыстарды емдеуге пробиотиктерді антидепрессанттармен қатар қолдануға болады деп үміттенуде.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.