Жүктелуде...
 

Шылым шегуден тыйылудың тиімді жоспары әзірленді

Көптеген темекі шегушілер өз жаман әдеттерін тастауға бірнеше рет ұмтылады, алайда көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Ғалымдар стратегиялық ғылыми зерттеудің нәтижесінде темекіні тастауға тырысып, бірақ өзін әлі тоқтата алмай жүргендердің басты қателіктерін анықтады.

Шылым шегуден тыйылудың тиімді жоспары әзірленді

translator жексенбі ақпан 17, 2019


шылым шегуди тию адиси

Көптеген темекі шегушілер өз жаман әдеттерін тастауға бірнеше рет ұмтылады, алайда көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Ғалымдар стратегиялық ғылыми зерттеудің нәтижесінде темекіні тастауға тырысып, бірақ өзін әлі тоқтата алмай жүргендердің басты қателіктерін анықтады. Егер сіз темекінің зиян екенін түсініп, әрі мойындап, және темекі шегуден бас тартуды ұйғарсаңыз, ең алдымен нақты жоспар жасауыңыз қажет. Бұл сізге темекіні тыю кезінде жиі пайда болатын эмоционалды және басқа да проблемаларды шешуге көмектеседі. Алдымен не істеу керек, - қатқан қазықтай «темекіні тастау керек» деп бекініп алыңыз. Осыдан ары қарай басқа да жоспарлар түзуіңізге жол ашылады. Олардың ішіне денсаулыққа байланысты проблемалар, отбасылық бюджетке түсетін ауыртпалық, сондай-ақ жақындарыңыз бен басқа да адамдардың өтініштері кіреді. Дегенмен, соңғы шешімді шегелеу өз қолыңызда. Шешім қабылданғаннан кейін белгілі бір күнді таңдап, осы әрекетке дайындалу керек.

Күнді қалай таңдауға болады? Белгілі бір күнді таңдаудың қажеті жоқ. Ағымдағы аптаның алғашқы күнін немесе келесі айдың нақты күнін таңдаңыз. Дегенмен, күнді тым ерте таңдау да тиімді емес. Сіз үшін маңызы бар, бір оқиғаға қатысты күнді таңдаңыз. Күнтізбеге темекі шегуді тоқтату күнін белгілеңіз. Бұл сіздің өміріңіздің маңызды күні болып саналсын, сондықтан оны арнайы белгілеу керек. Өзіңіздің отбасыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге темекі шегуден бас тартқаныңыз жайында және оның орындалатын күні туралы айтып қойыңыз. Оларды өзіңіздің тілеулестеріңізге айналдырыңыз. Олар сізге моральдық қолдау көрсетеді. Өз отбасыңызға және достарыңызға, олардың қолдауы сіз үшін үлкен рөл атқаратынын да айтыңыз.

Үйді тазалаңыз. Жатын бөлмеңізден, қонақ бөлмеңізден, жұмыс орындарыңыздан, автокөлігіңізден және өзіңіз болатын барлық орындардан темекіге қатысты барлық заттарды жойыңыз. Шылымның қораптарын, талшықтарын «керек болып қалуы мүмкін» деп бір жерге тығып қоймаңыз, себебі алдағы уақытта қайта тауып алып шегіп қоюыңыз мүмкін. Сондай-ақ, тістеріңізді мұқият тазалағаныңыз жөн - тістің таза болуы темекіні ауызға қайта салмау үшін сізге мотивация болуы мүмкін.

Темекіге үйренген қолдарыңызға басқа нәрсе ұстап алуды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, онша тәттілігі жоқ сағыз шайнаңыз, немесе сәбіз тәрізді қатты көкөністерді қолыңызға қыстыра жүріңіз. Өзіңізбен үйлесетін адамдармен араласыңыз. Сіздің табысқа жетуіңіз көзқарастарыңыз, айналаңыздағы адамдарға жа қатысы бар. Сонда ол сіздерге психологиялық кедергілерден өтіп кетулеріңізге айтарлықтай сеп болады.

Өткен сәтсіздіктерді есте ұмытпаңыз. Егер бұрын темекі шегуден бас тартқан болсаңыз, бірақ ниетіңіз сәтсіздікке ұшыраған болса, сіз ол кезде орын алған жағдайларды әсте естен шығармай және оның себебі болатын жайттардан аулақ жүруге тырысыңыз. Ондай себептерден аулақ болу үшін не істеу керек екенін де ойластырып қою керек. Темекіден бас тартатын күн сізге оңай тимесі анық: темекіні қайта шегіп кеткіңіз келіп тұрады. Кейбіреулер эмоциялық проблемаларды, сондай-ақ жағымсыз физикалық сезімдерді сезінуі мүмкін. Алайда, сіз келесі ережелерді қатаң сақтауыңыз керек.

1) Шылым шегуге тырыспаңыз, тіпті кем дегенде бір темекіні де. Оксфорд университетінің, Бирмингем университетінің және Лондон университеті колледжінің британдық ғалымдарының зерттеуінше, темекі шегуді күнделікті азайтып, темекіні тастаймын деген жандар сәтсіздікке ұшырап, аталмыш жағымсыз әрекеттерінен арыла алмаған екен. Темекі шегуді бірден доғарғанда ғана қажетті нәтижеге жетуге болады;
2) қажет болған жағдайда темекіге қарсы арнайы құралдарды - таблеткаларды, анти-никотинді патчтарды қолданып көріңіз;
3) темекіні тастау туралы шешім қабылдаған себептерді үнемі еске түсіріңіз;
4) көп мөлшердегі су мен жеміс шырындарын ішіңіз;
5) жаттығыңыз;
6) Сізді шылым шегуге итермелейтін жағдайларды болдырмаңыз;
7) стресспен күресуге, мұрныңызбен терең тыныстауға, тыныс алуыңызға, 5-ке дейін санауға көмектесетін босаңсыту жаттығуларының көмегімен босаңсуға тырысыңыз, сосын аузыңыздан баяу оздырыңыз. 5 рет қайталаңыз;
8) қол жаттығыларын жасаңыз, компьютерге жазыңыз, теннис доптарын қысыңыз, , тоқымашылықпен айналысыңыз;
9) достарыңызбен жиі сөйлесіңіз (жақында темекі шегетіндер емес);
10) жағымды демалыс ұйымдастырыңыз (серуендеңіз, киноға барыңыз және т.б.).

Шылым шегуді тоқтату алғашқы минуттарда-ақ денсаулықты жақсарта бастайды. Бұл жағымсыз әдеттен тыйылу ешқашан кештік етпейді, бірақ темекіні ертерек доғарсаңыз, салауатты, ұзақ өмір сүру мүмкіндігіңыз артады.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер
Денсаулық
Шылым шегу